1-20 дейін санау
Сабақтың мақсаты: Балалардың 1-20 дейінгі аралықта тура және кері санау, ол сандардың көршісін табудағы бір және екі таңбалы сандар туралы білімдерін пысықтау. ауызша есептер шығару дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдылықа, тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, 1-20 дейінгі сандар, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдері: ойын, түсіндіру, көрсету, мадақтау, сұрақ-жауап,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Амансыңба алтын күн
Амансыңба мектебім
Амансыңба достарым
Амансыңба ұстазым.
– Балалар бүгін біздің математика сабағы ерекше өтеді. Біз сендермен саяхатқа шығамыз. Бз сендермен қазір Астана қаласына барамыз. Астанаға бару үшін біз немен барамыз? – Ұшақпен немесе пойызбен. Ал біз барлығымыз ұшаққа міндік. Ұшақпен ұшып келіп астанаға келіп қондық. Ал Астананың әсем жерлерін көріп, білгіміз келсе біз алдымен өткен тақырыптарды еске түсірейік. Сендер жақсы жауап берсеңдер Астана қаласының әсем жерлерімен танысасыңдар.
1) Бір жылда неше мезгіл бар?
2) бір аптада неше күн бар?
3) Біз сендермен бүтін және бөлік деген тақырыптармен танысқанбыз соны еске түсірейік. Бүтін, бөлік, ширек.
4) 1-10 дейінгі аралықта тура және кері санау.
Өте жақсы жауап бердіңдер. Енді барлығымыз Астана қаласын аралайық. Астана қаласын аралап болдық, енді Астана қаласына жақын орналасқан қала қарағанды қаласына саяхатқа шығамыз.
– Қарағанды қаласына барып көргендерің барма? Олай болса Қарағанды қалсын араламас бұрын дәптеріміздегі бірінші тапсырмаға қараймыз. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз 1-20 дейін санау тақырыбы. Тақтаға қарап 1-20 дейін тура және кері санаймыз. Енді сандардың көршілерін табамыз. Енді бізге балалар қонжық көмекке келді. Қонжық өзінің көршілерін таба алмай жүр. біз оған көмектесуіміз керек. ойын “Көршілерін тап” ойыны деп аталады. Балалардың қолдарында сандар жазылған қағаз тұр. Қонжық қолындағы сандарды көтергенде сол сан бар бала ортаға шығады. Ол санның екі жақ көршсі оң және сол жағына тұруы керек. Сол арқылы біз қонжыққа көмектесе аламыз. Көмектесемі бе қонжыққа?
Дәптермен жұмыс: Қалдырған сандарды жапсырамыз.
11 13 15 18 19
Өте жақсы Қарағанды қаласын аралаймыз. Енді келесі Қарағандыға жақын қала Жезқазған қаласы. Жезқазғанға кім барды? Жезқазғанды аралағыларың келеме? Олай болса келесі тапсырманы орындаймыз. Жақсы орындасақ Жезқазған қаласын аралаймыз. Тапсырма: бірінші қатардағы жалау саны нешеу? Екінші қатардағы жалау саны нешеу? жалаулардағы артық жіпті бояңдар. Нешеуі артық?
Өте жақсы. Қай қатарды боядық?
Сергіту сәті: Көжегім тұршы
Бетіңді жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Киіміңді киші
Мектебіңе баршы.
Жезқазған қаласын аралап болсақ оған жақын қала Сатпаев қаласы. Сатпаев қаласын араламас бұрын келесі тапсырманы орындаймыз. Сызықтың көмегімен шарларды тиісті жауапқа “байла”.
7-2 5 3+1
1+2 3 9-3
6 5-3
2
4
Өте жақсы. Сатпаев қаласын аралап болдық. Балалар біздің туып өскен жеріміз қай жер? – Жезді.
Олай болса біз сол туып өскен жерімізді аралаймыз. Араламас бұрын соңғы тапсырма 11 мен 12 санын толтырамыз. Толтырып болсақ Жездіні аралаймыз.
Қорытынды: балалар қандай білімдісіңдер әр тапсырманы тез және қатесіз орындадыңдар. Осымен біздің саяхатымызз аяқталды. Өзіміздің туған жерімізге аман-есен аралап мектебімізге келдік.
– Сонымен біз қайда саяхатқа бардық?
– Қаланың әсем жерлері ұнады ма?
– Тапсырмалар қалай болды?
– Сабақ ұнады ма?
Сабағымыз ұнаса белгіні ұнады деген белгі, орташа ұнады, ұнамады деген белгілермен блгілейміз.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды жұлдызшамен бағалау.