«Сұрақ бізден-жауап сізден» сайыс

Сабақтың тақырыбы: «Сұрақ бізден-жауап сізден»
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, үзінділер,интерактивті тақта, слайд,.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен танысу.

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда – дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 сыныптар арасынан 2 топ қатысады. Ойын 6 айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
1 айналым «Ұшқыр ой» логикалық сұрақтар.
2 айналым «Құпия сандық» 3 тілде жұмбақ шешу.
3 айналым «Ойлан, тап» Кадр арқылы тақырыптық тапсырма
4 айналым «Сұрақ бізден-жауап сізден» қазақ тілі пәнінен 6 сұрақ
5 айналым «Ойлы болсаң, озып көр!» видио сұрақтар және тапсырмалар) 4 сұрақтан
6 айналым «Қас – қағым сәтте» пазл құрастыру. 3 мин

Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін , ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ топ Топтың аты «Болашақ»
Топтың ұраны: Болашақ тобы алға,
Биіктерге самға
Достығымыз барда
Жүреміз тек алда.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.
1 – айналым «Ұшқыр ой» Әр топқа 6 логикалық сұрақтар беріледі.
Тапсырманы орындау үшін 2 минут беріледі. (Слайдпен көрсету)

І-топ. «Сұңқар»
1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе,
Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен? (Данияр 3 жас)
2. Әкесі , шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін
үшеуінің жастары нешеге жетеді? ( 82жас )
3. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар
ағашта қалуы мүмкін. (3 ұзақ қалды)
4. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылған. Әрбір екі үйеңкінің ортасына
екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?
(20 жөке ағашы)
5. Ажем , анам және мен –үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр.Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.
(Әжесі анасы баласы)
6.Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме,
әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме? (Тең)
7. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?
12 құс. (Тордан ұша алмайды)
ІІ-топ. «Тұлпар»
1. Арман мен Темірханда 15 марка бар. Арман Темірханға 3 марканы сыйға берді,
сонда оларда неше марка қалды (15)
2. Сөздерді дұрыс құрастыр және артық сөзді алып таста: ҚРАЫБЗ,АУҚЫН, МАЛА,
ЛАМАҚ, МҰТРЛА (қарбыз, қауын,алма,алмұрт,ҚАМАЛ артык)
3. Бір қария 34 балмұздақ алған. Ол өзінде 4 балмұздақ қалдырып, әр біреуіне 6
балмұздақтан келетіндей етіп өз немерелеріне бөліп берді. Қарияда қанша немере
болған? (4 атасында 30/6=5) (5 немере)
4. Үстелге 3 ваза қойды: қызыл,көк және жасыл. Бұл вазаларға 6 алмұртты салу керек.
Әр вазада кем дегенде 1 алмұрт болу керек. Қанша амал бар? (3 амал бар)

5. 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? 2 сағат ойнайды
6. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
(шырпы)
7. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
(жоғары)
ІІІ топ Топтың аты «Болашақ»
1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Жауабы: Жанат – ұзын
2. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет
3. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш
4. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса,
бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
8. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем,әрқайсының жасы нешеде? Жауабы: 36;12
6. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
7. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі сағат

2-айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша ағылшын тілде ) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. (Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз – )

2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег – )

3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква )

1- топ Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка )

2- топ Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц )

3- топ Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды. (мысық – кошка )

1- топ Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга )

2- топ Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса )

3- топ Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (ауа )

3 – айналым «Ойлан, тап» видио сұрақтар
Бұл кезеңде қандай фильм, қандай мультфильм екенін табындар.(3 минут беріледі.)

4 – айналым «Сұрақ бізден-жауап сізден»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен 6 сұрақ қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.
(Слайдпен көрсету)
«Сұңқар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

«Тұлпар» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

«Болашақ» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

5- айналым «Ойлы болсаң, озып көр!» видио сұрақтар (логикалық тапсырмалар) 2 сұрақтан

6 – айналым «Қас – қағым сәтте» пазл құрастыру.

Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет
айтамыз. Осымен ойын аяқталды. Әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Марапаттау.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *