“Жол белгілері қашан пайда болды?” ҚМЖ 5-сынып

Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:7-бөлім: Көлік және жол белгілері
Күні: 24.01.18 ж.
Сынып: 5 Мектеп: Жаңа жұлдыз ауылының жалпы білім беру орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Косенко Лидия Николаевна

Қатысқандар: 10 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:
Жол жүру ережелері қашан пайда болды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.
5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
5.ӘТН4.4. Сын есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді танымдық тұрғыдан тыңдайды; мәтін бойынша негізгі ақпаратты түсінеді; сын есімнің анықтамасын біледі.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтін мазмұнын түсінеді; негізгі ақпаратты сақтап, мәтін жазады; сын есімнің мағыналық түрлерін ажыратады.
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; жинақы мәтін жазады; сын есімді зат есім орнына қолданады.
Бағалау критерийі: – Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді;
– Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;
– Тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазады;
– Сын есімнің мағыналық түрлерін ажыратады;
– Сын есімді зат есім орнына қолданады.
Құндылықтарға баулу: – Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
– Қарым-қатынас жасасу;
– Денсаулық сақтау, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету құндылықтары сабақ тақырыбы арқылы жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс: – Геометрия;
– АКТ –мен пәнаралық байланыс мәтіннің мазмұны арқылы жүзеге асады.
Тақырып бойынша алдыңғы білім: Жол белгілерін білеміз бе?
Тілдік мақсаттар: Пәнге қатысты сөздік қор: «Көліктердің жүріп-тұруын реттеу», «көше қиылысы», «автомат жүйесі арқылы басқару».
Талқылауға арналған сұрақтар:
– Жол жүру ережелері қашан пайда болды?
– Бағдаршамды ойлап табу неге байланысты болды?
– Жол жүру ережелерін білу біз үшін қажет пе?
Жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
/2 мин/

/3 мин/

/2 мин/ «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы оқушыларға жағымды психологиялық ахуал туғызып, топтарға бөлемін. Топ ережесі құрылады.

«Сәйкестендіру» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтаймын. Жол белгілерін білеміз бе?
балалар
автобус аялдамасы
бұл жерде велосипедпен жүруге болмайды
жол жұмыстары

жаяу жүргінші өтпесі
аялдамасыз қозғалуға тыйым салу

Сабақ тақырыбын ашу. «Суреттер: не болды?» әдісі. Оқушылар флипчартта берілген суреттердің мәнін түсіндіріп, сабақ тақырыбына шығады. Тілектер жазылған түрлі-түсті қимақағаздар

Флипчарт

Флипчарт

Сабақтың ортасы
/ 5 мин/

/5 мин/

/5 мин/

/1 мин/

/4мин/

/7 мин/ Білу. Түсіну.
1-тапсырма. «Бастапқы танысу» әдісі арқылы мәтінді мұқият тыңда.
Дескриптор:
– мәтінді мұқият тыңдайды.

2-тапсырма. «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы арқылы қимақағаздарда берілген сұрақтарға дәптерге жауап жазып, топ ішінде талқылап, сыныпқа жариялаңдар.
/жұппен жұмыс/
Сұрақтар:
1-ші қимақағаз.
– Темір жол бағдаршамы тұңғыш рет қайда орнатылды?
– Джон Найт деген кім? Ол не істеді?
– 1914 жылы жаңа бағдаршам қайда пайда болды?
2-ші қимақағаз.
– Америка бағдаршамдары қандай болды?
– Үш түсті бағдаршамдар қашаннан қолданыла бастады?
– Бертін келе қандай бағдаршамдар қолданыла бастады?

Қолдану.
3-тапсырма. «Ақпаратты сүзу» әдісі арқылы мәтінді негізге ала отырып, сөйлемдердегі негізгі ақпараттарды анықтаңдар.
/топпен жұмыс/
Стикерлерде берілген ақпараттар:
Көліктердің жүріп-тұруын реттеу қажеттілігі ежелден пайда болған. Бағдаршамды көше қиылыстарына қойған. Тұңғыш бағдаршам 1968 жылы орнатылған. Оны Парламент үйінің жанына орнатқан. Бағдаршамның соңғы кездері автоматты басқару түрі қолданылуда.
Дескриптор:
– мәтіннен қажетті мәліметтерді табады;
– негізгі ақпараттарды анықтайды.

Сергіту сәті.Сергіту сәті.mp4

4-тапсырма. «Топтастыру» әдісі арқылы сын есімнің мағыналық түрлерімен танысып, тиісті себетке орналастырыңыз.
/жеке жұмыс/.
Негізгі сын есім, туынды сын есім, таулы жер, майлы тағам, қосымшасы бар, қосымшасы жоқ, басқа сөз табынан болады, сары дала.
Дескриптор:
– сын есімнің мағыналық түрлерімен танысады;
– сапалық сын есімдерді ажыратады;
– қатыстық сын есімдерді ажыратады;

Жинақтау.
5-тапсырма. «Броундық қозғалыс» әдісі көрші топтан тақырып бойынша қосымша мәлімет жинап, жинақы мәтін жазыңыздар, сыныппен ой бөлісіңіздер.
/топпен жұмыс/
Дескриптор:
– қосымша ақпаратты табады;
– жинақы мәтін жазады.
Үнтаспадағы тыңдалым мәтіні

Қимақағаздар

Флипчарт

Флипчарт

Сабақтың соңы
/7 мин/

2 /мин/

/4 мин/ Талдау.
6-тапсырма. «Фишбоун» әдісі арқылы сабақ тақырыбы бойынша пікір, дәлел келтіре отырып, қорытынды шығарыңыздар.
/шағын топпен жұмыс/
Дескриптор:
– тақырып бойынша пікір білдіреді;
– пікірге сәйкес дәлел келтіреді;
– қорытынды шығарады.

Бағалау.
«Ашық журнал» формасы арқылы өздерін бағалайды.

Рефлексия.
«Шығу парағын» толтырыңыздар:
1. Жол ережелерінің тарихын білдің бе?
2. Бұл тақырып бойынша қандай мәлімет өзің үшін қызықты болды?
3. Сапалық және қатыстық сын есімдерді ажырата аласың ба? Балық қаңқасы бейнеленген қимақағаздар

«Ашық журнал» формасы

«Шығу парағы»
Қосымша мәлімет:
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Оқушыларға «Бастапқы танысу», «Дара диаграмма» графикалық органайзері,«Ақпараттық олқылықтарды толтыру» әдістері арқылы қолдау көрсетемін.
Қабілетті оқушыларға телефонды қолданудың күшті, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктерді, қауіптерді анықтауға, мәтін құрылымын сақтап, қарапайым жоспар құруға, «Қатырылған жақтау» әдісі арқылы қорытынды түйін жасауға тапсырма беріледі.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерімен: «Ашық журнал» әдісімен бағалаймын.

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? Менің ойымша, сабақтың оқу мақсаттары мен міндеттері орындалады. Себебі, тапсырмалар оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне сай беріледі. Сабақта оқылым, жазылымдағдыларына арналған тапсырмалар тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Оқушылар «Бастапқы танысу» әдісі бойынша мәтінді түсініп оқиды, нақты ақпараттарды дара диаграммаға толтырады; «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» әдісі арқылы қимақағаздардағы сұрақтарға жауап беріп, топта талқылап, сыныпқа жариялайды; «Ақпаратты сүзу» әдісі арқылы мәтіндегі негізгі жән қосымша ақпаратты анықтайды; «Топтастыру» әдісі арқылы сын есімдерді мағыналық түрлеріне қарай топтастырады.
«Фишбоун» әдісі арқылы тақырып бойынша пікір, дәлел келтіріп, қорытынды шығарады.

Жалпы бағалау:
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
– «Суреттер: не болды?» әдісі арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.
– «Фишбоун» әдісі арқылы сабақ бойынша қорытынды түйінді жасайды.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
– Жаңаша педагогикалық әдіс-тәсілдер.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *