Мақала: « Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы ».
Ойыншықтың қатысуынсыз балалар әлемін дамыту мүмкін емес.Өйткені балалардың сезімін білдіруге ,айналасын танып білуге ,қарым-қатынас жасауға және өздерін тануға ойыншықтардың маңызы ерекше.
Ойыншық балараға ойнау үшін арналған зат.Ойыншықтарды қолдану арқылы баланың ой-өрісі дамиды.Жолдастарымен ойнау барысында балаларда достық қарым-қатынас қалыптасады.
Балалық шақ – бұл ойын уақыты.Барлық ойындар кішкене адамды дамытып,қоршаған ортаны тануға көмектеседі.Балалық шақта ойын жәй ғана ойын-сауық емес,айналасындағы ортаны зерттеу барысындағы үлкен жұмыс болып табылады.Үлкен адамдар балалар ойынына құрметпен қарауға тиіс.Екі жастағы балалар кейбір ойыншықтарды қолданып,оларды қолданып,оларлы қалай пайдалану керектігін біледі.Мысалы:мысықты тамақтандыру,қуыршақтарды киіндіру т.б.Жыл бойында ойыншықтар қиындатылып жаңа мағыналармен толықтырылады.Бала белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын мен ойыншық бір-бірінен ажырамайды.Ойыншық ойынға деген қызығушылықты танытса,ал ойын жаңа ойыншықты қажет тедеі.Ойынның негізгі ерекшелігі балалардың қоршаған өмірді ,адамдардың қимылын – әрекетін бейнелеу болып табылады.Ал ойыншық ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлардың бірі.Балалар ойынында тек дүкеннен сатып алынған ойыншықтар емес, тәрбиешілердің,ата-аналардың немесе балалардың өздері жасаған ойыншықтарды да пайдаланылады.Ойыншықтар әр түрлі болуы мүмкін,бірақ олардың барлығы белгілі бір педагогикалық көркемділікті талап етеді.Бала ойын әлемінде өмір сүреді.Балалар қанағаттанып ойнау үшін ойыншықтарды дұрыс таңдай білген жөн.Балаларға арналған ойыншықтарды мынадай топатрға бөлінеді:
1.Сюжеттік ойыншықтар:қуыршақтар,құстар,көліктер,ыдыстар,үй жануарлар.Бұлармен бала ойнау барысында сөйлеседі,сырларын айтады,тілдері дамиды.
2.Тұрмыстық ойыншықтар:кемелер,ұшақтар,телефон т.б.-бұлар баланың ойлауы мен шығармашлықтарын дамытады.
3.Спорттық ойыншықтар:доп,кегли,арқан,таяқшалар- бұлар балны алғырлыққа ,шапшаңдыққа тәрбиелейді.
4.Музыкалық ойыншықтар: барабан,пианино т.б.- баланың әуенге қызығушылығын оятады.
5.Сахналау ойыншықтары,яғни ертегі кейіпкерлері жатады.Баланың сөйлеу,ойлау,қиялдау қабілетін дамытады.
6.Дидактикалық ойыншықтар:мозайкалар,пирамидалар,лего,үстел үсті ойыншықтар баланың сенсорикалық ойын дамытады.
7.Ұлттық ойыншықтармен ойнау барысында бала өз ұлтын сыйлауға,тілін құрметтеуге үйренеді.
педагог-психолог Ж.Д.Рамазанова
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718