ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ КЕҢЕС ХАЛҚЫ ЖЕҢІСІНДЕГІ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЛЕСІ

М.Сапарбаев институтының «ПАРАСАТ» колледжінің АӘД пәнінің оқытушысы Камбаров А.А.

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ КЕҢЕС ХАЛҚЫ ЖЕҢІСІНДЕГІ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЛЕСІ.
Қандай соғыс болмасын, адам баласына қайғымен қасіреттен басқа ешқандай жақсылық әкелген емес. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, 60 миллионнан астам, адам өмірін жалмаған сұрапыл, сұм соғыс Кеңес үкіметін де айналып өтпеді. Осы орайда діні, ділі, тілі бөлек он бес одақтас мемлекет,бір жеңінен қол, бір жағадан бас шығарып, жұдырақтай жұмылып, фашисттік басқыншыларға қасқайып қарсы тұрды. Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келмеді. Кеңес үкіметі 30 миллионға жуық халқынан айырылды.
Соғыстың бастапқы жылдары КСРО-ның экономикалық жағдайы және әскери қару жарақпен жабдықталуы, Германиямен салыстырғанда әлдеқайда артта еді. Соған қарамастан «елім, жерім»-деген Кеңес үкіметінің халқы,
қолында қаруы болсын болмасын, отан алдындағы борышын өтемекке, немістік фашисттердің көзін құртып, елін қорғауға қан майданға аттанды.Осы соғыста жеңіске жетуімізге қомақты үлес қосқан, тыл еңбеккерлерінің сіңірген еңбегі мол. Майдангерлерді азық-түлікпен, жылы киіммен, оқ дәрімен қамтасыз еткен, осы тыл еңбеккерлері болды. Тыл жұмысының ауыртпашылығы, колхоздар мен савхоздарда қалған қариялар мен әйелдердің және балалардың мойнына артылды. Жұмыс уақыты таңғы 5-тен түнгі 10-ға дейін ұлғайтылып, тыл еңбеккерлері, жеңіс үшін аянбай қызмет етті.
Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды.Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы- патриотизм және Отанды қорғау. Жамбыл Жабаевтың«Ленинградтық өрендерім», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері, 3.Шашкин, Қ.Аманжолов, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгілі болды. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. А.Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В.Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында
Д.Снегин, Д.Әбілев, Ж.Саин, Қ.Әбдіқадыровтар болды. Соғыс жылдары дарынды жастар Ж.Молдағалиев, Ә.Нүрпейісов, С.Мәуленов, Б.Момышұлы әдебиетке жауынгерлік рух, шығармашылық серпін берді. Кеңес халқының моральдық-саяси бірлігін күшейту ісіне Ғ.Мүсірепов, F.Мұстафин, С.Мұқанов, М.Әуезов сынды қазақ көркем проза шеберлері аянбай еңбек етті.
Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды, осындай 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақырупункттерінде, әскерибөлімшелерде, шекаралықзаставаларда 15 мыңнанастам концерт берді. Жалпыконцерттікұйымдар 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнанастамкөрермендертамашалады. АлматыдаОрталықбіріккен киностудия «Екіжауынгер», «Майдан», «ОлОтанынқорғайды», «Күтмені»жәнебасқа да миллиондағанадамдардыңазаматтыққалыптасуына, олардыпатриотизмгетәрбиелеугеүлкенықпалжасаған, адамдардыжеңіскеүміттендіргенғажайыпкинолартүсірдіҚазақхалқыныңмузыкалықмәдениетіндеүлкенжетістіктергеқолжеткізілді. Қазақстанкомпозиторлары 300-ден астаммузыкалықшығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттықәндержазды. Соғысжылдарында опера өнерідамитүсті. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің«Гвардия, алға!»,1944 жылы А. Жұбанов пен Л.Хамидидің«Абай»операларықойылды. Соғыстанкейінгіжылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың«Амангелді», А. Жұбанов пен Л.Хамидидің«ТөлегенТоқтаров», М. Төлебаевтың«Біржан – Сара»операларыжазылды. 1949 жылы осы операныңавторларынажәненегізгіпартиясынорындаушыларға КСРО Мемлекеттіксыйлықтары тапсырылды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақтыңкөрнекті мәдениет қайраткері,
КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланова апамыз туралы айта кеткенді жөн санадық. Ол кісі 1922 жылы Қызылорда облысы, Қазалы қаласында туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1945 жылы 9мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. Роза Тәжібайқызы бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады.
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігіне берген сұхбатында:
– Сіз бүкіл соғыс бойы майдан шептерінде концерт бердіңіз, Сіз үшін ең қорқынышты болған сәт қандай?–деген сұраққа ол кісінің берген жауабы:
– Жеңіс қарсаңында Варшавада жаралы жауынгерлер алдында концерт қойдық. Бомба дегенің қарша жауып тұр, «Біздің жанымыз сарбаздардан артық емес», – деп жетекшіміз біздерді жігерлендіріп қояды. Біз орнымыздан тұрып, ән салдық. Ауыр жаралылар жерде жатыр, кейбірі ажал сәтін күтіп жатқандай. Бақытымызға орай бораған оқтан да аман-сау қалдық. Бұл ол кісінің ержүректігі менбатырлығын тағы бір дәлелдеп берді. Қазақ жастарын патриоттық рухын көтеруде көп еңбек сіңірген тарихи тұлға.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтыңжолынқуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозыныңЗауреБаймулдиназвеносы, Шелекауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күрішалды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рульдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбеоблысы, Мартукауданының Дзержинский атындағықолхозында Агафья Швальковасоғысқакеткенкүйеуініңкомбайынынжүргізіп, 2 күнде 87 гектарданастықжинады.
Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату – тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік біздің Отанымызға берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұтамасын. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы.Бес томдық – Алматы, 2010.
2. Б. Ғ. Аяған . Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. Алматы, 2009.
3.Омаров Е.О. Көркемөнерпаздардың шығармашылық тарихы. – Алматы, 1994.
4. М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Алматы, 2007.
5. «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы».

1Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы // Тарих ғылымдарының мәселелері: жағдайы мен болашағы. Материалы респ. науч.-прак. конф. (13 ноября 2009 г.).-Караганда, 2009. – Б.230-236.
Ілмек сөздер: ұлы отан соғысы, отан, тыл еңбек, тыл еңбеккерлері

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *