Сан мен цифрды сәйкестендіру.Есептік және реттік санау. Үлкен, кіші, өте кіші. Не неге ұқсайды?
Мақсаты:цифрлар туралы білімдерін бекіту.
Міндеттері:
- цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету;
- аяқталмаған пішіндерден геометриялық пішіндерді көре білуге үйрету;
- «үлкен», «кіші», «өте кіші» ұғымдарын бекіту;
- мультфильм көруге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Күтілетін нәтижелер
біледі:1-ден 5-ке дейінгі реттік санауды;
түсінеді: 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді;
қолданады: заттың орналасқан орнын табуды (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында).
Қажетті көрнекі құралдар: № 2 жұмыс дәптері.
Билингвальді компонент: төрт – четыре, бес – пять, шапшаң – быстро, жай – медленно.
ҰОҚ-нің барысы
- Ұйымдастыру кезеңі.
«Сан және цифр» ойыны.
Педагог әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды үлестіреді.
Педагог балаларға 1, 2, 3, 4, 5 зат бейнеленген карточкаларды кезек-кезек көрсетеді.
Педагог белгілі бір карточканы көтерген кезде, балалар соған сәйкес санды көтеруі тиіс.
2.Негізгі кезең.
1-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді.
– Балалар, аяқкиімдерге қараңдаршы, нешеу екен?
– 10 қонақ келді деп айтуға бола ма?
– Онда неше қонақ келді?
– Тиісті цифрды қоршаңдар.
– Қандай цифрды бастырып сыздыңдар?
2-тапсырма.
Педагог балаларға пойыздың суретін көрсетеді.
Пойыздың вагондары жаңа және оларды нөмірлеуді ұмытып кетіпті. Педагог вагондарды нөмірлеуді ұсынады.
– Пойыздың неше вагоны бар?
– Пойыз қай бағытқа қарай бара жатыр? Бірінші пойыз оңға қарай, екінші пойыз солға қарай кетіп барады.
Вагондарды нөмірлеуді ұсынады.
Сергіту сәті.
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам,
Айналып билейміз.
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам,
Айналып билейміз.
3-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Сол аяқ пен оң аяқ,
Кезек-кезек тебеді.
Ол тынымсыз зымырап
Зыр жүгіре береді!
Педагог балаларға суретпен мұқият танысуды ұсынады және сұрақтар қояды:
–Доп нешеу?
–Доптардың көлемі қандай?
–Бұдан да кішкентай тағы бір доптың суретін салыңдар.
4-тапсырма.
Педагог балаларға геометриялық пішіндердің қабырғаларын көрсетеді. Содан соң пішіндердің қабырғаларынан шаршы, шеңбер, үшбұрышшығатындай етіп суретті аяқтаңдар деген тапсырма береді.
3.Рефлексия.
Педагог балаларды оқу қызметіне белсенді қатысқаны үшін мақтайды.
–Сендер үшінші вагонға қандай цифрды жаздыңдар?
–Сендер салған доптың көлемі қандай еді?
ақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.Педагог балаларды мадақтайды