4 саны мен цифры. Үлкен – кішкентай
Мақсаты:4 цифрымен таныстыру; заттардың шамасы бөлімі бойынша алғашқы ұғымдарын қалыптастыру; зейіндерін дамыту.
Міндеттері:
- математикалық жұмбақтарды көрген мәліметтерге сүйене отырып шешу;
- 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру;
- нүкте бойымен 4 цифрын бастырып салуды үйрену;
- өзге цифрлардың арасынан 4 санын табу;
- «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай сәйкестендіруді үйрету;
- көру арқылы есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету;
- тапсырманы тиянақты орындауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі:4 цифрын; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін;
түсінеді: 4 цифрын өзге сандардың арасынан табуды, жұмбақтың жауабын табуды;
қолданады: 4 цифры туралы түсінікті.
Қажетті көрнекі құралдар:демонстрациялық материал (№7 кесте ),үлкен, кішкентай заттардың салыстыруға арналған суреттері, цифрлар карточкасы, № 1 жұмыс дәптері.
Билингвальді компонент: төрт – четыре, үлкен – большой.
ҰОҚ-нің барысы
- Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Әйгерім өз себетіне,
Үш саңырауқұлақ салды.
Қарап жүрмей тағы да,
Тал қасынан біреуін алды.
Жоғалтпайық уақытты,
Бізге тек санау ғана қалды.
- Негізгі кезең.
1-тапсырма.
Педагог суретте неше саңырауқұлақ болса, жолақ ішіне сонша дөңгелек салуды тапсырады. Содан соң сұрақ қояды:
– Неше дөңгелек салдыңдар?
– Неліктен?
2-тапсырма.
Педагог өлең оқып береді:
Білек күші тасыған,
Төрт күрескер ағаң.
Қолын қойып беліне,
Шаршамайды ешқашан.
Педагог балаларға 4 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтап, сол сан нешені білдірсе, сонша моншақ бояуды тапсырады.
3-тапсырма.
Содан соң өзге цифрлардың арасындағы төрт цифрларын тауып, оларды қоршап шығуды тапсырады.
Сергіту сәті: «Санамақ»
Бір, екі, үш, төрт,
Жиналамыз бәріміз.
Бір, екі, үш, төрт,
Секіреміз бәріміз.
Бір, екі, үш, төрт,
Отырамыз бәріміз.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог балаларға мынадай тапсырма береді: барлық үлкен шаршыларды іріктеп алып төменгі жолаққа, ал кішкентайларын жоғарғы жолаққа қойып шығуларың керек. Бірақ олардың саны тең екендігі көрініп тұратындай болсын.
Педагог 2-3 баладан шаршылардың көлемі қандай және әр жолақта неше шаршы бар екенін сұрайды.
4-тапсырма.
Балалар 1-қатарда неше киіз үй тұрғанын санайды, содан соң олардың көлеміне назар аударады. Осылайша 3-қатардағы суретке де талдау жасайды. Балалар суреттің орналасу заңдылығын анықтағаннан кейін, педагог екінші қатардағы балықтарды қалай салу керектігін сұрайды.
Демонстрациялық материалдың №7 кестесі бойынша тақырыпты бекіту және қайталау.
5-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Мені қардан жасапты,
Ойланып көр.
Қолым – таяқ,
Мұрным – сәбіз,
Көзім – көмір.
Педагог балаларға бір қарағанда бір-бірінен аумайтын, бірақ айырмашылықтары бар аққалаларды көрсетеді. Содан соң қанша айырмашылық тапса, сонша шеңберді бояуға тапсырма береді.
Егер тапсырма дұрыс орындалған болса, төрт дөңгелек боялуы шарт.
- Рефлексия.
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
– Сәуленің себетінде неше саңырауқұлақ бар екен?
– Сендер қандай цифрмен таныстыңдар?
Педагог балаларды мадақтайды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718