Денсаулық және спорт елі

Мақсаты:      Жаттығуларды орындау барысында шыдамдылық, ептілік,

күш – жігерлі    денсаулыққа тигізер сүйіспеншілігін

қалыптастыру, ұйымшылдыққа         тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар:  Секіруге керілген жіптер,2 доп, 2 кәрзеңке,

әр балаға     лақтыруға  таяқша,1 дана тақия.

Барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қонақтар! «Денсаулық және спорт елі» атты спорттық сайықа қатысушыларды қарсы алайық (спорттық киім киген балалар қолдарына жалауша ұстап, бір – бірден саппен жүріп жалаушамен жаттығу жасайды)

Әнұран орындалады..

«Сәлеметсің бе?» коммуникативік ойыны.

Залға «Спутник» және «Зымыран» тобының ойыншылары шақырылады. Өз тобымен сапқа тұрады.

Жүргізуші: Төрешілер алқасымен таныстыру.

Топ басқарушылар екі адым алға.

Бір – бірін құттықтау, қошеметтеу.

«Спутник»  топ басшысы.

Біз «Зымыран»  командасын құттықтаймыз

Барлығы бірге: Батылдық пен өжеттілік,

Ал осында көрсетіңдер.

«Зымыран»  топ басшысы: Құрметті «Спутник»  тобы

«Жақсы болсын нәтижелі ойының»

деп шын көңілден   тілейміз!

Барлығы: Бүгін шаршауды білмеңдер.

Барлығымызға қуаныш сыйлаңдар!

Жүргізуші:  Міне 2 топ кездесіп бір – бірін құттықтады. Оларға жарыста үлкен жетістік тілейміз.

Жатып алмай төсекте,

Ерте тұрып жүгірсек,

Шынықтырып денңді,

Күш қуат жинап бойыңа,

Өзіңді нағыз спортшымын деп есепте

Оларға сәтті қадам!

  1. «Бақа» кедергілерден бақа болып секіреді.(Қорытындысы шығарылып отырады)
  2. «Таяқ лақтыру» ұлттық ойыны.

Барлық бала тізіліп тұрып алысқа лақтырады.

Төрешілер қорытынды шығарады.

  1. «Мерген» жаттығуы.

Допты кәрзеңкеге түсіреді.

(Тігінен қойылған нысанаға допты лақтырады)

  1. «Тауық күрес» (иық итеріп бір – бірін шеңберден шығару керек) Ойынға екі топтан 1-1 ден бала қатысады.
  2. «Тақия тастамақ» ұлттық ойыны.

Алаңда белгіленген жерде ойыншылар екі тізбекте тізіліп тұрады. Тақия ілінген бағана қарама – қарсы қойылады.Екі топ мүшелері белгі бойынша тақияны киіп мәреге жету керек.

6 . «Қара жорға» биі.

Ал қазір әділқазы алқасы біздің сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайды. Ол жеңімпаздарға сыйлықтар табысталады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *