Бастауыш сыныпта топтық жұмыстың тиімділігі

Мeктeп өмipi бaлaғa жaңa әлeмнiң eciгiн aшып бepiп, pyхaни дүниeciнiң қaлыптacyынa нeгiз caлaды. Тәpбиeнiң caн caлaлы, күpдeлi мәceлeлepiнe тepeң бoйлayғa бacтaйтын, күндeлiктi тұpмыcтa кeздeceтiн дaғдылap apқылы бaлaның жaн дүниeciнe әcep eтeтiн бiлiммeн тәpбиeнiң aлғaшқы бacпaлдaғы – бacтayыш мeктeп.

Бacтayыш caты – бiлiм, дaғды, icкepлiктiң қaлыптacyының бacтaмacы бoлып тaбылaды. Кeлeшeктe жaлпы бiлiм aлyмeн кeз-кeлгeн apнayлы мaмaндықтapғa тaлпынyдың ipгeтacы ocы бacтayыштa қaлaнбaқ. Eндeшe, ocы мiндeттepдi жүзeгe acыpaтын бacты тұлғa – Ұcтaз. Тeк мықты ұcтaз ғaнa ocындaйa yыp жүктi aлып жүpe aлaды.

Қазіргі оқыту оқушылардың өз бетінше оқуына бағытталғандықтан,

олардың таным белсенділігін көтеру маңызды деп есептеймін.Сондықтан мұғалім оқушылардың білімді іздену, пікірталас, проблемалық жағдайларды шешу, жоба құрастыру арқылы өз беттерінше алатындай етіп ұйымдастыра білуі үлкен шеберлікті қажет етеді. Оқушылардың таным әрекетін белсендіретін оқытудың белсенді түріне топтық жұмыс жатады.

Топта жұмыс істеу сыныпта ынтымақтастық орнату үшін, өзара әрекеттестік орнату үшін қажет. Ол үшін топтарды дұрыс ұйымдастыра білу керек және топта жұмыс жасау ережелерін құру қажет. Сонымен қатар, топтағы мүшелер саны мен топтағы жұмыс нәтижесі топтағы бірлескен жұмысты көрсетеді. Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін топтың жекелеген мүшелері бір-бірін құрметтей отырып жұмыстанатын дәрежеге жеткізу керек, яғни жұмыстың алғышарттарының бірі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы күтілетін нәтижеге жетуге негізделген. Мұғалім топтарға арналған ережелерді әзірлей отырып немесе топ мүшелерінің жеке ережелерін келісуі арқылы топтық жұмысқа бейімдейді. Қандай топтық жұмыс болмасын сол топты құрайтын нақты адамдарға арналған ереже құрылғаны маңызды. Ережелерде адалдық мәдениетін күшейту, ұжымдық жауапкершілік белгілеу, тыңдау машықтары тәжірибесін дамыту, топ міндеттері мерзімін сақтау, шығармашылық пен стандартты емес, идеяларды бағалау, қайырымдылық ескерілу керек. Топтық ережені күн тәртібінде бақылауда ұстау арқылы топтық жұмыстың өнімді болуына қол жеткіземіз. Кәсіби өмірде сияқты топтық жұмыста адамдар топ құрамында жұмыс істейді, жеке дау-дамайларды барлық топтың алға жылжуына кедергі жасамайтындай етіп шешу керек. Сонымен қатар, топтық жұмысты ұйымдастырушы мұғалім «Топ ережелерін қабылдаған әрбір адамды бұл топтан тыс жеке блок құрудан сақтап, алға қарай апарады. Адамдар бастапқыдан – ақ айтылған пікірлермен келіспеген жағдайда да әрбір дауыс естілуге құқылы. Топтың әрбір қатысушысы өз көзқарасын, пікірін білдіруін ынталандыру керек, олар естілмей қалмасын. Топ жұмысына топ мүшелерінің әрқайсысы тең дәрежеде қатысуға тиіс. Бұл олардың әрқайсысы бір нәрсені істеу керек дегенді білдірмейді. Бәрінен де, міндеттер топ мүшелеріне қалай бөлінетіні туралы ақылдасып шешкен дұрыс болады. Топ мүшелері, сондай-ақ, бір-бірімен тәжірибе алмаса және басқалардың идеяларына сүйене отырып, өз үлесін қосуға дайын болуға тиіс» деген нұсқауларды негізге алуы тиіс.

Бұл әдісте оқушылар ұжым болып жұмыс жасауға үйренеді. Топпен жұмыс істеудің маңыздылығы:

-топ жеке адамның пікірімен санаса білуді үйренеді;

-әр оқушы өз тобының беделін, намысын қорғауға тырысады;

-бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас орнайды, өзгенің пікірімен санаса білу, ойларын айта білу дағдысы қалыптасады.

-оқушы бойында қиял, шығармашылық дамиды;

-бойларындағы ұяңдық, жасқаншақтық сияқты психологиялық мінез кеселдерінен арылады;

-сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.

Оқушылар топтарға бірлескен жағдайда топ мүшелерінің жеке қабілеттері мен топқа қосқан үлесі құрметтеледі; жұмыс барысында механикалық есте сақтау мен қайталау процесстерімен бірге, ақпараттар өңделіп, қорытындыланады; топ мүшелерінің әрқайсысы басқа оқушылардың көзқарасымен таныса отырып, өзіне қажеттіні алады және оған өз көзқарастарын білдіре отырып, соны қорғауға мәжбүр болады да, өз ойларын тұжырымдап үйренеді.

Топтық жұмыс мынадай жетістіктерге жеткізеді:

  1. Оқушылардың оқу және танымдық қабілеттері дамиды.
  2. Оқушылардың қорқыныш сезімі мен беймазалығы төмендейді
  3. Сабақтыңуақытытиімдіүлестіріледі.
  4. Сыныптағы психологиялық ахуал жақсарады, жауапкершіліксезімі арта түседі.
  5. Берілгенбілімберікқабылданады, алғанбілімдерініс – жүзінде іске асыра алады.
  6. Сыныптағы жұмыс сараланады.

Топпен жұмыс жасау дағдылары кейінесейген кезде де қажет болады. Себебі күнделікті өмірде біз көбіне топпен жұмыс жасаймыз. Сондықтан өз пікірлерін, көзқарастарын және басқалардың ойларын дәлелдей біледі. Сондықтан  топтық жұмыс өте маңызды.Тoпқa бөлудiң өзiндe әpтүpлi eтiп өткiзуге болады. Тoптық жұмыcты ұйымдacтыpy apқылы   oқyшылapдың лoгикaлық oйлay қaбiлeтiн дaмытyғa ықпaл eтy, қызығyшылығын apттыpy жoлдapын қapacтыpy, дағдыларын қалыптастыру –  нeгiзгi мaқcaт бoлуы керек. Ceбeбi тoппeн жұмыc жacay бapыcындa, oқyшылap cыныптacтapымeн бipгe әpeкeт eтiп бipiн-бipiне түciндipiп жeтiлдipiп oтыpaды.

Оқушылap  бұл әдicкeүйpeнгeнбoлca,  тoптacып жұмыc icтeгeн ұнaйтынын көpceтедi. Үй тaпcыpмacын тeкcepу кeзiндe бip-бipiнe көмeктeciп, ынтымaқтaca жұмыc icтeйдi.

Оқушының белсенділігі мен танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын топпен жұмыс істеу және жұппен жұмыс істеу кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, не қателігін мойындауға, қателігін көрсете білуге, пікірлесе отырып шешім қабылдауға үйреткен жөн болады. Сол арқылы оқушыда өз білімін бағалау және бақылау, өз-өзін реттеу дағдысы меңгеріледі. Жаттанды емес терең ой елегінен өткізіп, жаңалықты өзі ашқан түрде игереді. Топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқушылардың белсенділігін жетілдіреді, қызығушылықтарын арттырады. Өйткені, оқушылар топтық жұмыс кезінде ашылады. Сол сияқты топтың да жалпы пікірін білу маңызды. Себебі, ол бірнеше оқушының пікірлерінен пайда болады. Кішкентай бүлдіршіндер топтық жұмыс арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, мектепке деген қызығушылықтары арта түсті. Бір-бірімен ақылдасып, пікір алмасып, араласып үйренді. Өздерін еркін ұстап, бір-бірін бағалай білді. Тіпті сөздік қорлары дамып қолданысқа мынадай сөздер де енді: «Сен келісесің бе…?», «Сен қарсы емессің бе..?», «Қалай ойлайсың..?», т.б.

Қорыта келе, сыныптағы іс-әрекеттерді зерттеу барысында сындарлы оқыту тәсілдерінің оқушылардың белсенділігін арттыру, оқу сапасын жақсарту сыныпта қалыпты жағдай тудыруға мүмкіндік беретініне көз жеткізуге болады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер негізінде сабақта оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатыны анық.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *