Сүт қалай ұйықтады?

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?
Сабақтың мақсаты:
Біліктілігі: Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды, идеяны, ұғыну арқылы мысалдың мазмұнын меңгереді. Ой қозғалу стратегиясын пайдалана отырып, оқушылар сұрақ қою арқылы жан жақты ойлауға үйренеді.
Дамытушылығы: Дәлелді сөйлей білуге үйренеді. Ой өрістерін, тілдерін, сөздік қорын дамытады.
Тәрбиелігі: Салақтық, ұйқышылдық, мақтаншақтық, өсек айту, еріншектік, жалқаулық сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға, тұрақты батыл болуға тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі: талдау, болжау әдісі, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, танымдық тапсырмалар, сюжетті суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық
Күлім қағып қолымды,
Жылы – жылы сөзбенен,
Бір, екі, үш деп соғамын.
Жүрегімді сыйлайын,
Қарап тұрып көршіме,
Ыстық алақанымен,
Қолыңды бер қысайын.
Жылы – жылы жүзбенен
Маңдайыннан сыйпайын

3. Оқушыларды топқа бөлу
І топ Қаймақ
ІІ топ Айран
ІІІ топ Йогурт
ІҮ топ Ірімшік

4. Үй тапсырмасын сұрау: «Кім жылдам?»ойыны
«Адам болам десеңіз» атты тарауды өттік.
– Біз өткен сабақта қандай жаман қасиеттен аулақ болуды білдік?
– Қандай жаман әдетті білеміз?
– Шығарманың авторы кім? Автор туралы не білеміз?
– Шығарманың кейіпкері кім?
– Керім қандай жігіт?
– Неге оның үстіне жара шығып кетті?
– Салақтық сөзін қалай түсінесің?
– Керімге қандай кеңес берер едің?
Сұрағы бойынша топтау әдісін пайдаланып, дұрыс жауап беріп отырған топты құрттармен марапаттап отыру.

ІІ. Мағынаны ашу
а) Жаңылтпашты жатқа айту
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті
Бүгінгі сабақта жаман қасиеттер ұйқышылдық пен салақтық екенін білдік.
ә) Сөз жұмбақ (Сүт)
1. Төрт түліктің бірі не?
3. Дорбадағы құйылған айран не болады?
3. Сөреге кептіріп жайған не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сонда бүгінгі өтетін тақырыбымыз «сүт қалай ұйықтайды?» ертегісі.
– Бұл ертегіні жазған кім?
– Оспанхан Әубәкіров
б) Автормен таныстыру.
Оспанхан Әубәкіров 1934 – 1986
Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Әзіл – сықақ жанрының шебері

в) Оқулықпен жұмыс: Әр топқа ертегіні бөліп тастап, сұрақ қоя отырып жаңа сабақты түсіндіру.
І топ:
Сүт бір күн ұйықтапты.
Қатты ұйықтапты
Ұйықтағаны соншалық,
Ұйып қапты.
«Ойбай, сүт ұйықтап қапты,
Ұйықтап қапты!
Қарап отырып,
Айран бопты»,-
Деп, ел – жұрт қайран қапты.
– Ұйып қапты дегеніміз не?
– Ұйықтап қапты дегеніміз не?

ІІ топ:
Сүт ұйқысын қоя алмапты
Айқайлап жатса да оянбапты
Мүлдем берекесі қашыпты,
Айран болу оңай ма?
Бырқырып тұрып ашыпты
Ашыған айран быжынып,
Қазанға сыймай құтырыпты.
Сүт ұйқысын қоя алмапты
– Ұйқы бізге дос па, дұшпан ба?
– Балалар ары қарай не болыпты?
– Қане кім айтады?

ІІІ топ:
Апталап жатсады оянбапты.
«Ұйқы дұшпан» деген ғой,
Сүт бір күні іріп апты
Сүттің мұндай қылығын
Әжем ғана біліп қапты
Не дерін білмей тұрып қапты,
«Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты»
Депті де әжем айранды
Бір дорбаға құя салыпты.
– Балалар әжесі ол іріген сүтті не істеді деп ойлайсыңдар?
– Сендер білесіңдер ме?

ІҮ топ:
Сүт сонда ғана оянып,
Еңіреп тұрып жылапты.
Көзінің жасын бұлапты.
Бәлкім жұрттың өсегі
Әңгіме ғой кешегі
«Дорбадан аққан сары су
Сүттің көз жас,- деседі.
Ертегіге сыяды – ау
Әй, дегенмен балалар,
Көп ұйықтаған зиян ау.
– Әжеміз быжынаған айранды қалтаға неге құйды деп ойлайсыңдар?
– Одан не ақты?
– Сары судың пайдасы барма?
– Қалтадағы сүзбеден не істейді?.
– Көп ұйықтаған неге зиян?

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *