Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің аспектісі
Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой тұжырымдарын терең талдай отырып, нәтижеге бағытталған білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің құзыреттілігін үш аспектімен сипаттауға болады.
Мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым – қатынас, бұл жағдайда нәтижеге бағытталған білім беру маңызы, теориялық негізі жатады;
Проблемалық – практикалық аспект, бұл – бастауыш сынып мұғалімінің алдына мақсат, міндет нормаларын қойып және оны орындау жолдарын сын сипаттайды;
Коммуникативтік аспект, бұл – педагогтің осы үрдіске, ахуал қатынасын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.
Құзыреттілік – оқу нәтижесінде меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары:
- Тұлға аралық және еңбектегі байланыс.
- Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
- Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
- Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті.
- Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
- Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет.
Мұғалім – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл мұғалім даярлауға қойылатын талаптар студенттерді – ертеңгі мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта келгенде, болашақ мұғалімдерді кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақтайды. Адамның қандай да болмасын іс – әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс – әрекетінің сыртқы тал аптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті -тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.
Педагогикалық іс – әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады»’ Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс – әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққанДиалектикалық – материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс – әрекеттің ролі жан — жақгы зерттелген. Адам іс – әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 — шы жылдарында ғана мұғалім іс – әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.>) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс – әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу — тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикалық (оқыту — тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс – әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс – әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек.