Туған жер тұнған тарих
Мақсаты: Оқушыларға кіндік қаны тамған жер, өз ауылының тарихы туралы тереңірек білу. Зерттеп зерделеу. Қазіргі жастарға «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасын кеңінен білуге насихаттау.
Баяндама құрылымы:
I Кіріспе
Елбасы және елдің даму стратегиясы.
II Негізгі бөлім
1.Рухани жаңғыру – Ұлттық идиялогияны сақтау.
2.Ұлттық болысты жаңғырту – рухани жаңғырудың алғышарттары.
3.Туған өлке- тумасынанорныбөлекмекен мен руханибайлық.
Кіріспе: Қазақ елі қазір өркениетті елдерімен иықтеңестіруге, дамудың жаңа сатысына көтерілуге талпынуда. Дегенмен, жаһандық өзгерістерге сай болу үшін алдымен ұлттық ерекшелігімізді сақтай білуіміз керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатының түйіні – осыда.
Негізгі бөлім: «Туған жер» деген кезде әрбір адамзаттың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббаттың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ал бағдарламаның мәні неде?
Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті көрсетеді.
«Бірінші, бұл білім беру саласында өлкетану жұмыстары бойынша тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді».
«Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуліктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйымсалмай, керісінше, ынталандыру керек».
«Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберугеболмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап – құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек».
«Туған жерге туыңды тік!» -деген дана халқымыз. Бұл әрбір адамның кіндік қаны тамған жерге деген сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез келген адамзат өзінің тарихына,мәдениетіне,салт – дәстүріне терең бойлай білуі керек.Мемлекет басшысының өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.
Туған жерге сүйіспеншілік, туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры, тұнып тұрған тарих.Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар.Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал.Сондықтан, Білім берусаласында өлкетану жұмыстарын жүргізіп, тарихи- мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет.Ел Президенті ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мәні осында.
Ел басшысы білім, ғылым, зияткерлік қабілет және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілетті арттыру керектігіне ерекше тоқталды.Яғни, әрадам өз тарихын біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де ие болуы керек.
Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан – жақты дамуға ұмтылуы заңдылық.
Ұлттық жаңғыру –туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек.Халқымыз « Отан – отбасынан басталады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туғанжерге деген сүйіспеншіліктен қаланады.
Қазіргі таңда «Туған жер» бағдарламасы аясында көптеген іс- шаралар өткізіліп, 1438нысан пайдалануға берілген.
«Туған жер» жобасы төрт қосымша бағдарламадан тұрады.Олар: «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны».
Бұл төрт саласының маңыздары: «Тәрбие және білім» -Қазақстандық патриотизм рухымен үйлесе дамыған тұлғаны тәрбиелеу, «Атамекен» -Қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін күшейту және атамекенге деген жауапкершілікті күшейту, «Рухани қазына» – туған жердің дәстүрін, тарихын және мәдениетін құрметтеу, «Ақпарат толқыны» – іске асырылатын жобалардың қоғамдық манитоингіне азаматтардың қатысуы үшін ақпараттық инфоқұрылымдар құру.
Қазіргі таңда «Туған жер» бағдарламасы біздің елімізде көптеп орын алып қана қоймай, жалғасын тауып жатыр.Туған жер адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады.Осы орайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытов атамыздың: «Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім біледі?Ыстық қой , шіркін туған жер!» дегенсөзі есіме түседі.
Туған жер…Туған ел…Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?!Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар.Ал мен үшін туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара –пар.Себебі, ол менің – әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған – туысым.Менің туған жерім кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киеліҚайнарбұлақ елдімекені.
Осы өңірде менің көңілді де шаттыққа толы уайымсыз шақтарым өтуде.Дәл осы өңірдің ортасында орналасқан №125 жалпы орта мек тебіміздің мәртебесі мен абыройы біз ,яғни қазіргі осы мекеннің жас ұрпақтары үшін өте асқақатап тұр,алар асуы әлі де алда.
Туған жерді «Рухани жаңғыру»бағдарламасымен қатар қоюының өзінде үлкен ой бар.Себебі,рухты жаңғырта келе біз өзіміздің өткен тарихымызды,өткен тарихи жағдаяттар мен дүниелерді жақсы білуіміз қажет.Туған жер- біздің рухани жаңғыруымыз бен сананың ашық болуына,бәсекелік қабілеттілікке жол ашады.
Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру»бағдарламасындағы-Өлкетану саласы бойынша біздің мектепте іс- шаралар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, бастау алып келеді.Мектепте «Туған жер – тұнған тарих», «Ауылым – алтын бесігім», «Абай әлемі» атты бұрыштар ашылды.
Қорытынды:Сөз соңында айтарым, халқымыздың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары қазақ елінің кескін келбеті, болмыс бітімі. Рухани жаңғыруымыздың еңухани жаңғыруымыздың ең тиімді тетігі.Ғасырларға созылған тарихымыздың айнасы.Сондықтын да біз оларды жадымыздан шығармай жаңғыртайық. «Өткенге топырық шашпа, шашсаң болашақ саған тас атады» деген ата – баба өсиетін әрдайым есте ұстайық! Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан – жақты дамуға, тарихты мұра қалпында сақтап, келешекке деген нық сеніммен қадам басу, ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, тарихи құндылығымызды сақтай білуіміз керек. XXI ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осында.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген «Рухани жаңғыру» жолдауы.
- «Егемен Қазақстан 2017 жыл сәуір айы.
- «Қазақ тарихы» журнал 2017 жыл мамыр айы.