Тіл-адам ойының айнасы

Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан  Республикасының  əрбір азаматының парызы. Біздің мақсатымыз – әрбір  тұлғаға түбегейлі білім мен мəдениеттің негіздерін үйрету, ұлттық құндылықтарымызды болмысына сіңіріп,туған тіл  мен ата-мекенді қадірлеуге, ізгілік пен қайырымдылыққа, отансүйгіштікке тəрбиелеу.

Оқушы өз ойын, пікірін, көзқарасын ана тілінде еркін, дұрыс жеткізе білуі керек. Себебі,қоршаған  ортада өзіңді  қалай ұстай білуің,сөз мəнерің,сөзді саптауың,сөйлеу мəдениетің – бəрі өзіңе байланысты. Сондықтан əрбір айтар сөзіңді ойланып сөйлеу керек. Халықта мынадай бір жақсы сөз бар: «Аңдамай сөйлеген,ауырмай өледі».

Біз оқушыларды қазақ тілінде таза, сауатты сөйлеуге, ойын ашық айтуға,тіл мəдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге, тіл байлығын дамытуға күш саламыз.

Тіл- ұлттың белгісі, халықтың мұрасы, дүние таным құралы. Халықтың жаны, сəні, болмысы да осы тіл арқылы көрінеді. Жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығы бірте – бірте артып келеді. Ахмет Байтұрсынов  айтқандай, «Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек».

Қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарында белгілі бір тақырыптарға сəйкес жазылатын шығарма, ой толғау, эссе сияқты жазба жұмыстары да оқушылардың ойын дамытып, тілін байытады.

Оқушыларды əдеби тілде көркем, шебер сөйлеуге  дағдыландыруға іскерлік ойынның рөлі үлкен. Іскерлік ойын арқылы оқушы болашақ өмірге бейімделіп, дұрыс сөйлеу нормаларын меңгеріп, тіл байлығы молайып, ой қорытуға қалыптасады, жақсы сөйлеу мүмкіндігі анықталады.

Қазақ тілі Өнеркəсіп пен техниканың, ғылым мен мəдениеттің жəне қоғамдық саяси өмірдің  барлық саласын қамтып көрсететін лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен жəне сараланған стильдік нормаларымен тартымды тіл ретінде танылуда. Тіл қазынасының əліде болса інжу – маржанын теріп, тереңіне сүңгіп игеруді қажет ететін сан қырлы сыры бар.

Тіл – халықтың жаны, сəні дəлірек айтқанда, тұтастай – келбеті. Қазақ тілін теориялық əрі практикалық жағынан тереңдетіп оқытудың өзіндік ерекшелігі бар.

Тілдің дамуы қоғам дамуымен жəне сол тілді жасаушы, қолданушы халықтың дамуымен тығыз байланысты екені белгілі.

Қазақ тілі – ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Сондықтанда қазақ тілі халқымыздың қайраткерлерінің марапатына, ұлы ақындар мен жыршыларының жыр арқауына айналған. Ұлы Абай:

Өткірдің жүзі, кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас,

Білгенге – маржан, білмеске – арзан,

Надандар баһра ала алмас, –

деп жырлайды. Тіл – адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *