Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас

Жалпы мақсаты: Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту туралы түсіндіру. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру туралы бағыт беру.

Міндеттері

1.Пән бойынша мұғалімдерге оқушылармен жұмыс істеуде білім, білік, икем дағдыларын қалыптастыруға бағыт беру.

2 Тапсырманы орындауда қорытынды жасай білуге үйрету.

3 Мұғалімдерге оқушының қызығушылығын арттыру бойынша шығармашылық ізденістеріне көмектесу, оның жолдарын анықтай білуге баулу.

Күтілетін нәтижелері:

Тапсырмаларды орындау барысында жаңа білім мазмұнына сай жұмыс бағытын меңгереді.

Түйінді идеялар:

Жаңа білім мазмұны арқылы табысты оқытуға қол жеткізеді.

Дереккөздер және құралдар:

Ғаламтор, слайд, бейнебаян, интерактивті тақта, постерлер, маркерлер, стикерлер/түрлі-түсті.

Өту барысы

Ұйымдастыру

1 мин

Қатысушыларды қарсы алу, олармен амандасу,

Тренинг

«Мұғалімге қажет…» тренингі арқылы мұғалімдерге 5 қажеттілік туралы жазу ұсынылады. Мұғалімдерге 5 қажеттіліктің ішіндегі бүгінгі білім жүйесіндегі өзгерістер, яғни өзгеру қажеттігін жазған мұғалімдердің пікірлерін тыңдау

Стикерлерге жазып орындайды. (Тақтаға жалпы бес ереже жазу)

Топқа бөлу

2 мин

Түрлі – түсті қағаз қиындылары арқылы топқа бөлінеді.

1-топ Жаңару

2-топ Өзгеру

3-топ Жүйелеу

 

Ой шақыру

5 минут

Бейнебаян тыңдату: Білім мазмұнын жаңарту.

 

Бейнебаян тыңдайды

Практикалық жұмыс

(топтық жұмыс)

10 мин

 

Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

 

1-топ Жаңартылған білімге- жаңаша көзқарас (Эссе жазу)

2-топ Білім реформасы:  басты өзгерістер қандай ? (Кластер құру )

3-топ Елбасы жолдауы   Білім беру саласында қандай өзгерістер күтіп тұр?

( Ассоциация әдісі)

 

Әр топ постер қорғайды

Өз ойларымен ойды аяқтайды

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

 

Сергіту сәті:

« Атомдар және молекулалар»

Мұғалімдер араласып жүреді.

І. «Атомдар» деп дауыстағанда олар бір-бірімен араласып жүреді, «Оксидтер!» дегенде ұстаздар екі-екіден қол ұстасып тұрасыздар, «Қышқылдар!» дегенде 3 адамнан тұрасыздар.  «Атомдар және молекулалар» әдісі сабақтың қандай кезеңінде тиімді?

 

Ендеше келесі біздің тапсырмамыз тиімді әдіс-тәсілдерге байланысты. Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
  • — өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
  • — ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
  • — өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
  • — пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
  • — шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:

  • бірлескен жұмыс;
  • — танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.

Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:

  • — бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),
  • — рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,
  • — ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,
  • құжаттар, мұражай т.б.)
  • — презентациялар,
  • — тренингтер,
  • — интервью,
  • — сауалнама т.б.

 

Қазір сіздердің алдарыңызға бірнеше әдіс-тәсілдер таратылады. Сол әдіс-тәсілдің біреуін таңдап, осы жерде сабақта аталған әдіс-тәсілді қалай өткізуге болатынын түсіндіріп көрсетесіздер. Яғни басқа мұғалімдер оқушының ролін ойнайды.

 

 

Кері байланыс

3 мин

Өз көңіл күйлеріңізді, алған әсерлеріңіз бен ұсыныстарыңызды стикерге жазып білдірсеңіздер.

 

Өлең жолдарын халық әні, рэп, опера әуенімен айту.

Алма кетті домалап,

Көше бойын жағалап.

Кім алманы табады,

Сол ойыннан шығады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *