Критериалды бағалау жүйесін химия пәнін оқытуда қолдану

Еліміздегі білім беру саласындағы үлкен өзгерістердің қарқынды дамуына ықпал етіп жатқан жайымыз бар. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериалдық бағалау жүйесін дамытып, оны сабақтарымызда қолданысқа енгізіп жатқанымыз әлемнің өзгерісін өзімізге алып келіп жатқанымызды көрсетеді.
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.
Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді.
     Критериалды бағалау –оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері.
     Критериалды бағалаудың міндеттері:
-Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
-Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
-Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
-Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
-Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
      Критериалды бағалау артықшылықтары:
-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;
-Үлгісі оқушыларға алдын-ала белгілі;
-Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;
-Білім берудің сапасы артады;
Критериалды бағалау: 
Мұғалімдерге
:
-Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
-Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
-Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
-Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
-Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
-Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға:
-Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
-Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
-Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
Ата-аналарға:
-Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
-Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
-Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар:
Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау:
-Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады.
-Жиынтық бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау:
-Күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (өздік жұмыстар, тесттер т.с.с.)
-Оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі;
-Мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау:
-Әрбір бөлім соңында өткізіледі(бақылау жұмысы немесе қорытынды сынақ жұмысы )
-Оқушыларға әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік береді
-Мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді.
Формативті немесе қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуыа көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп,мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі,ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан көрі кең ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді.Осы орайда формативті бағалау басқа бағалау әдістерінен қарағанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Формативті бағалау суммативті бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді.
Суммативті (немесе жиынтық) бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау (қорытындылау бағасы) кезінде қолданылатын, тараудың немесе блоктың соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының өткен шақтағы жетістіктерін қарастыру үшін қолданылатын және сабақ оқытудан салыстырмалы түрде тысқары, қандай да бір уақыт аралықтарында өткізіліп отыратын жетістіктер деңгейінің қорытындысын шығаруда , есеп беруде қолданылатын бағалау түрі. Бағалаудың бұл түрі формативті бағалаумен салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды.
Формативті бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын тестілеу, және көпеген елдерде қолданылып жүрген әдістер мен формалар ұсынылады.Формативті бағалау әдістемесін қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады.
Рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады,жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды елестету;, «менімен сәйкес келетін» білімді меншіктеу сияқты жаңа мағына туындайды, ұзақ мезімді білімдер қалыптасады. Оқушылар өз ойларын сөзбен жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде (яғни ақпаратты меншіктейді) еркін дәйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөліседі, (әртүрлі көрсетілімдермен танысады) өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды.
«Химия» пәні бойынша оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері
Блум таксономиясына салып,талдауға болады
Критерийлер         Максималды деңгей
А                  Білу                   1
В Түсіну 2
С Қолдану 3
D Талдау 4
E Жинақтау 5
F Бағалау 5
Барлығы 20

Оқушылардың білім деңгейлері мына шкала бойынша бағаға айналдырылады:

Ұпай саны Баға
10-нан төмен ұпай «2»
11-14ұпай «3»
15-17ұпай «4»
18-20ұпай «5»
«Химия» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Оқушылар істей білуі қажет
Критерий А
Қажетті ақпаратты іздеп табу;
Алынған ақпаратты түсіндіру;
Ақпаратты талдау;
Ақпаратты химия тіліне «аудару»;
Қазіргі қоғамдағы химияның алатын орны және ролін түсіну;
Адам қызметіндегі химияның маңызына қарапайым мысалдар келтіру;
Химияның өмірдегі байланысын анықтай алу;
Критерий В
Мәселені анықтай алу және гипотеза ұсыну, зерттеу мақсатын анықтау, қорытынды шығару;
Зерттеудің әдіс-тәсілдерін анықтай білу;
Қажетті ақпаратты дұрыс таңдай білу;
Қосымша ақпарат іздей алу және оны өз бетімен мақсатқа жету үшін қолдана алу;
Критерий С
Мәселені шешу жоспарын құру (ресурстар және уақытты қолдану арқылы), өз бетімен сипаттау;
Өз шығармашылық қызметін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру;
Критерий D
Химияда тәжірибелік жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау;
Химияның жабдықтардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану;
Жұмысты жоспар бойынша орындау;
Жұмысты белгіленген мерзімде орындау;
Берілгендерді дұрыс жинақтау және жазу;
Химияның есептерін шешу,теңдеулерін шығару және алынған нәтижелерді талдау;
Есептерді шешу және өз білімдерін жетілдіру үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу;
Берілген үлгіге сәйкес жобаны құру;
Сапалы жоба құру;
Критерий Е
Жобаның мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын құрастыру;
Өз жобасын берілген үлгіге сәйкес бағалау;
Критерий F
Сәйкес терминдерді қолданып, ғылыми ақпаратты жеткізу;
Өз мысалдарын келтіру және түсіндіру;
Ақпаратты түсінікті түрде көрсету;
Ақпаратты тиімді түрде көрстеу үшін сәйкес технологияларды қолдану;
Тәжірибені өңдеу және қорытындылау тәсілдерін дұрыс қолдану;
Критерий G
Шешу әдістерін талдау, өз қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеу;
Шығармашылық авторлық ойларын түсіндіру,талқылауларға қатысу;
Шығармашылықты талдау жәнебағалау;
Критерий H
Қойылған есепті шешу үшін стандартты емес тәсілдерді қолдану;
Топ мүшелерінің ойларымен бөлісе отырып, команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу;
Қызығушылықпен, тәуелсіз және позитивті түрде жұмыс істеу.

Қорытынды 
Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:
1. Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;
2. Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
3. Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген уақытта анықтау;
4. Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды жекелеуге (дифференциалдауға) болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б);
5. Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;
6. Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.

Елімізде химия саласының қарқынды дамуына қарамай, оқушылардың аталған пәннен білім деңгейін жоғары деп айта алмаймыз.

Оқу процесінде, айналамызда болып жатқан түрлі реформалар барсында – «Химия пәнінен нені оқытуым керек?», «Қалай, қай үлгіде оқыту керек?» деген сұрақ туындауы заңдылық.  Осыған орай өз мақаламды «Химия пәні сабақтарында оқушы білімін бағалаудағы жаңа әдістер (немесе тәсілдер)» деп атасамда, бұл жаңа әдіс пе әлде басқа мұғалімдер баяғыдан қолданып жүрген ұстанымба деген сұрақ ойымда туындайды.

Химия пәні мұғалімдері назарына – мен оқытуда жаңалық ашып тұрған жоқпын, тек өз жұмыстарыммен әріптестеріммен пікір бөліскім келеді.

Қазіргі таңда оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінің ең тиімдісін таңдап алу және үйлесімді қолдану – сабақтың сәтті өтуінің кепілі .

Мұғалім сабағының сәтті өтуі – оның түрін дұрыс таңдай білуіне, мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне байланысты. Сабақты ұйымдастыруда:

  • өтілетін тақырыпқа сай сабақ жоспарын жасау;
  • тақырыпқа тиімді болатын сабақ түрін, әдіс-тәсілін қарастыру;
  • сабаққа тиімді болатын қосымша материалды іріктеп алу;
  • дидактикалық электронды оқулықтарды мақсатқа сай пайдалану керек.

Оқушы білімін бағалаудағы критерийлік бағалау жүйесімен таныса және өзім үшін талдай отырып бұл жүйенің мұғалім үшін ыңғайлы екенін түсіндім.

Бұл жүйе білім беру технологиясының педагогикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың қалыптастырушы және қорытындылаушы формалары қарастырылған.

11-сыныпта «Органикалық химияға кіріспе», «Қаныққан көмірсутектер» тараулары бойынша тоқсан соңында оқушылардың жетістіктерін бағалау үшін бағалаудың қорытындылаушы формасымен жұмыс істедім. Тексеруді тест түрінде өткізіп, бағалауға мына тақырыптарды енгіздім:

  Тақырыптар Бағалау критерилері  

ұпай

А

білу

В

түсіну

С

қолда-ну

D

талдау

Е

жинақ-тау

1 Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы 1 1 1 3
2 Изомерия 1 1 1 1 4
3 Гомологтар 1 1 1 3
4 Алкандардың номенклатурасы 1 1 1 1 4
5 Алкандар мен циклоалкандардың құрылысы 1 1 1 1 4
6 Алкандар мен циклоалкандардың физикалық қасиеттері 1 1 1 3
7 Алкандардың химиялық қасиет-тері 1 1 1 1 1 5
8 Циклоалкандардың химиялық қасиеттері 1 1 1 1 1 5
9 Алкандар мен циклоалкандардың алыну, қолданылуы 1 1 1 3
10 Алкандар мен циклоалкандардың номенклатурасы 1 1 1 1 4
11 Алкандар мен циклоалкандардың химиялық қасиеттері 1 1 1 1 1 5
12 Сандық есептер 1 1 1 1 1 5
Жалпы ұпай 48
Ұпайлар 1-24 25-34 35-41 42-48
Баға «2» «3» «4» «5»

 

Тест тапсырмаларын орындауға 45 минут уақыт бөлінеді. №1-8 тапсырмаларды орындауда оқушы бір дұрыс жауапты таңдауы керек, №9-10 тапсырмада оқушы тапсырмаға талдау жасап екі немесе үш дұрыс жауапты анықтап, жауаптарды сандардың өсу ретімен орналастырады, №11-12 тапсырмалардың жауаптарын оқушы жазба түрде, теңдеулерді аяқтап, коэффициентерін қойып, есептердің шешілу жолдарын толық жазбаша түрде береді.

Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы мұғалім оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттайды, дайындық деңгейі мен өсу динамикасын анықтайды, түрлі формадағы бақылау жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткізеді.

Түйіндейтін болсам бағалаудың жаңа әдістерін қолдана, яғни «оқыту үшін бағалау» арқылы оқушылардың ынтасы мен негізгі сабақтың мақсаты болып табылатын материалды жоғары дәрежеде қабылдап «оқуды бағалау» үрдісінде жоғары нәтиже көрсететіндеріне сенімдімін.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *