Су мен ауаның қасиеті

Мақсаты: Су мен ауаның қасиеті жөнінде түсінік беру. Тәжірибе жасау арқылы ауаны,суды біздің айналамыздағы қоршап тұрғанына көздерін жеткізу арқылы танымдық ойлау қабілеттерін, байқағыштықтарын арттыру. Табиғатты аялауға, суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап, тәжірибе жасау.
Көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, су құйылған ыдыс пен түтікшелер, поролон, ауа толтырылған шар, слайд
Тосын сый: Сайқымазақтың келуі. Қолында үрілген шар мен қорапшаға салынған шарлары бар.
Сайқымазақ: Саламатсыздар ма, балалар? –Саламатсыз ба?!

Тәрбиеші: Саламатсыз ба, сайқымазақ, бізге әдемі көп шарлар әкеліпсіз ғой.

Сайқымазақ: Мен балаларды қуанту үшін,  алып келдім.

Тәрбиеші: Рахмет, Сайқымазақ.

Балалар, шардың ішінде бірдеңе бар сияқты. Шардың ішінде не жасырынғанын табыңдар. Оның ішінде не болуы мүмкін?
Балалар: Балалар үрленген шарды айналдырып қарай бастайды. Олар өз пікірлерін айтады.
Тәрбиеші: Шардың байланған жібін шешіп, ішіндегі ауаны жайлап шығара бастайды.
-Меніңше шардың ішінде бір нәрсе бар сияқты. Өйткені оның жібін шешкенде , дыбыс естілгендей болды.
Балалар: Шарды босатқандағы ысылдаған дыбысты тыңдайды.
-Шардың ішін босатқанда , одан ауа шықты.
Тәрбиеші: Ауа тағы қай жерлерде болуы мүмкін ?

Біз қазір тәжірибе жасап көрейік.
-Біз мұрнымызбен не істейміз?
-Біз немен демаламыз?
Балалар: тәжірибе жасауға дайындалады.
-Біз мұрнымызбен демаламыз.
-Біз ауамен тыныс аламыз.
-Яғни, мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді.Тынысты шығарғанда ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады. Кәне бәріміз тексеріп көрейікші.
1 тәжірибе: Балалар: мұрынмен тыныс алып, тәжірибе жасайды.
2 тәжірибе: Енді түтікшені  суы бар стаканға салып үрлейік. Стақан ішіндегі суда не пайда болды?
Балалар түтікше арқылы стақандағы суға ауа үрлейді. Көпіршіктердің пайда болғанын байқайды.
3 тәжірибе: -Алдарындағы желпеуіш қағазды өзімізге қарай желпітіп көрейікші. Не байқадық?
Балалар: Желпеуіш қағазды желпіп, желді – ауаны байқайды.
4 тәжірибе: -Шарды үріп ыдыстағы суға салып көрейікші? Шар неге суға батпайды?
Балалар: үрілген шарды ыдыстағы суға салады. Шардың ішінде ауа болғандықтан суға батпайды.
5 тәжірибе: -Мына паралонның кішкене бөлігін суға салып көрейік не байқадық?
Балалар: паралон суға батпағанын байқадық. Себебі ол тығыз емес , оның бойында ауа бар.
Сергіту сәті:  Әли мен Айя таза ауа туралы әні
6 тәжірибе: -Келесі тәжірибеміз май шаммен жасап көреміз.
Балалар ауаны не ластайды деп ойлайсыңдар?
Балалар: Зауыттардан шыққан түтін, көліктерден шыққан түтіні т.б.
Дұрыс айтасыңдар, қаламыздағы ірі зауыттан шыққан түтінмен ,көліктен бөлінген түтін ауаға тарап содан ауа ластанады.

Ауа -иіссіз, дәмсіз, түссіз, көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды.

Аудиодыбыстан судың сылдырлып аққан дыбысын тыңдату.

Су туралы жұмбақ жасыру:

Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.

Сұрақ- жауап: Су кімдерге, нелерге керек? Суды не істейміз? Балалар өз ойларын айтады.

Су – өзен, көл т. б. жүзетін мөлдір сұйық зат. Жер астында да, жануарлар денесінде де су болады. Сусыз тағам да піспейді, тазалықта болмайды. Тіршілік атауы болмайды. Су жолыммен қайық, кеме жүзеді.

Тәжірбие жасау арқылы судың түссіз,мөлдір,дәмсіз,иіссіз екенін анықтау.

1 тәжірибе: Судың түсі қандай?

Екі стакандағы су мен сүтті салыстыру.Сүттің түсі ақ.Ал судың түсі мөлдір. Нәтижесінде судың түссіз мөлдір,ал сүт ақ түсті болатынын анықтау.

2 тәжірибе: Судың дәмі қандай? Су мен шырынды салыстыру.Шырында-жемістің дәмі бар.Ал судың дәмі жоқ. Нәтижесінде судың дәмсіз екені анықталды.

3 тәжірибе: Судың түсін өзгерту.

4 тәжірибе: Судың пішіні бола ма? Су-сұйық зат, ол ағады. Пішіні болмайды. Суды мөлдір стаканға құю. Даусын естірту.

Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу – мөлдір, түссіз газ. Судың өзіне тән қасиеттері болады.

Дидактикалық ойын: «Егер де… не болар еді?»
Егер де су болмаса, не болар еді?(шөптер қурайды, қатты шөлдейміз)
Егер де ауа болмаса не болар еді? (тыныс ала алмаймыз)

Егер де жер бетіндегі су жоғалып кетсе не болар еді?

Егер де суды аязға шығарып қойса не болар еді?

Егер де шәйнектегі суды көп уақытқа отқа қойса,не болар еді?

«Дәмін ажырат, сипатта» ойынын ойнайық

Балалардың көзін байлап сүт, шырын, тұз, шекер дәмін татқызу. Балалардан дәмі арқылы не екенін тәтті ме, ащы ма т.б.сұрау.

Дидактикалық ойын: «Дұрыс па, әлде бұрыс па?»

-Біз мұрынмен тыныс аламыз,

Дұрыс па,әлде бұрыс па?(дұрыс).

-Ауаны көзбен көріп, қолмен ұстаймыз.

Дұрыс па,әлде бұрыс па?(бұрыс).

-Түтікшемен үрлегенде көпіршіктер шықпайды,

Дұрыс па,әлде бұрыс па?(бұрыс).

-Шар суға батпайды,

Дұрыс па,әлде бұрыс па?(дұрыс).

-Шарды үрлегенде ішіне су толады,

Дұрыс па,әлде бұрыс па?(бұрыс).

-Шардың ішінде ауа бар,

Дұрыс па,әлде бұрыс па?(дұрыс).

-Суда кеме, қайық жүзеді,

Дұрыс па,әлде бұрыс па?(дұрыс).

-Суды шашып, төгіп ойнаймыз,

Дұрыс па,әлде бұрыс па?(бұрыс).

-Су дәмсіз, мөлдір, сұйық зат,

Дұрыс па,әлде бұрыс па?(дұрыс).

-Су қатып қар болады,

Дұрыс па,әлде бұрыс па?(бұрыс).

-Ауладағы қоқыстарды жинап, таза ұстаймыз,

Дұрыс па,әлде бұрыс па?(дұрыс).

-Ауа, су болмаса өмір сүре аламыз ба?

Суды үнемді пайдалану керек.

Мақал – мәтел: «Сулы жер-нулы жер»
-Ауа таза болуы үшін нелерді көп өсіруіміз керек? Балаларды мадақтау.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *