Ақпараттық технология – бүгінгі күн талабы
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» – деп көрсетілген.
Егемендік елдің жарқын болашағы бүгінгі ұрпақтың ісіне аса мән беріліп келеді.Яғни әрбір баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруда оның бойындағы асыл қасиеттерінің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп даярлау, ғаламдық ойлауға қабілетін арттыру – тәрбие мен білімді аса қажет етеді. Білімнің негізін ең алдымен балалар балабақшадан алу керек .
Ұрпаққа білім беру, оның маңызын жақсарту, заман талабына сай игеру , кемел шағын қалыптастыру – ең алдымен ұстаз еңбегімен тығыз байланысты.
Бүгінгі білім беру
сатысы
Жаңа технологияға
үйрету
Ойын түрінде
меңгерту
Жаһандандыру үрдісі кезінде ақпараттық жаңа технологиялар кеңінен таралып , ұлтымыздың ұмыт қалған барлық ұлттық танымдық дәстүр салттары қайта жаңғыртылып үлкен қолданысқа ие болуда. Білім беру саласының бүгінгі таңдағы басты міндеті – мектеп жасына дейінгі балалардың көкейтесті мәдениеттерін белсенді түрде қалыптастыру , яғни заманауи ақпараттық технологияларды барлық балабақшада білім беру әлеуетін одан әрі кеңейте түсетін басты құрал деп тануға болады.
Демек, ақпараттық технология деген бұл – ақпараттарды өңдеу, тарату үшін қолданылатын сандық әрі өзекті технологиялардың жиынтығы, мәселен, компьютерлік құралдар , бейнелі және аудио техникаларды атауға болады.
Өзекті технологияларға , сонымен қатар әр түрлі ойын үлгілерін , тіл білемін игеру салаларын ерекше атаған жөн. Бұл әдістерді мектеп жасына дейінгі балардың тілді үйреніп , оны түсініп, өзге жанға толыққанды жеткізе алатындығы туралы қол жетімді ақпарат деуге болады. Яғни әрбір бала осы ақпараттар арқылы сезім мүшесін дамыта түседі , оның бойында құлшыным пен сенімділік қасиеті пайда болады.
Негізі балалар оқу үрдісінен гөрі ертегі,әңгімелер мен танымдық фильмді көргенді ұнатады. Осылар арқылы баланың бойында тілдің семантикалық негізі қалыптасады, яғни тез ұғып алып, жылдам сөйлейде бастайды. Мінеки, баланың туған ана тілімен терең және толыққанды байланыс жасауы осыдан бастау алады. Балалардың саналы , алғыр болуы осының айқын нәтижесі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың білім алу кезеңдерін мынадай құралдар арқылы дамыту басты құралдардың бірі деп айта аламын:
1) аудио
2) бейне
3) интерактивті тақта
Қазіргі қоғамды ақпараттық қоғам деп тани отырып, мен ұсыныс пікірлерді өз тәжірибемнен өткізе алдым.
Ақпаратты технологияны оқыту үрдісінде қолданылатын жаңа түрдегі құрал белсенді экран – интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақта арқылы жұмыс жасау қазіргі заман талабы. Баланың қызығушылығын арттыру үшін Рaint, Power Point , электронды оқулықтар және Activ studio Activ Inspire бағдарламасының мүмкіндіктері көп. Атап айтар болсам Activ studio Activ Inspire бағдарламасын жеке басым толыққанды меңгеріп , тәжірибе жүзінде ашық қолданысқа ие болып , нәтижесінде үлкен жетістікке жете білдім. Шығыс ғұламаларының мына бір айтқан: «қанша білсең де,ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек бағына» маржандай сөзі менің еңбегіме дәйек бола алады. ХХІ ғасырды- ақпараттық дәуір, технологиялық мәдениет заманы дей отырып,бүгінгі таңдағы мектеп жасына дейінгі білім беру үрдісін ақпараттандыру – бұл әрбір баланың ой – өрісін , ақыл- кемелін толыққанды дамытып , оқытудың барлық деңгейін бойына меңгерте білу жоғары саланы талап етеді деп түсінемін. Міне осы талаптар мен қағидалардың барлығы жүзеге асып жатса , тәрбиешілердің мерейінің үстем болғаны.
Ақпараттық технология – бұл келешек ұрпақтың биік белестерді меңгертіп жан-жақты білім алуына , іскер дарынды ,шығармашылығы мол,еркін дамуына үлкен жол ашатын педагогикалық әрі психологиялық тұрғыда жұмыс жасайтын аса маңызды , көкейтесті құрал.
Бүгінгі күні мен жұмыс жасайтын балабақшада жоғарыда аталған құралдардың барлық түрлері қамтылған. Оқыту үрдісінің басты талабы – педагог қауымның жаңашыл, іздемпаздығы үлкен маңызға ие.
«Еңбек түбі – береке», «Ізденген жетер мұратқа» деген сөздердің астары осыны меңзейді.