Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту

І.Кіріспе.

Ақпараттық коммуникациялық технология бүгінгі күн талабы.

ІІ.Негізгі бөлім.

Ақпараттық коммуникациялық технологиясын балабақшада меңгеру жолдары.

Ақпараттық технологияны пайдалану ,баланы жан-жақты дамытудың шешуші құралы.

ІІІ.Қорытынды.

Мақсаты:

Ақпараттық коммуникациялық технологиясын тиімді пайдалана отырып, 4-5 жастағы балалардың танымдық қызығушылық қабілеттерін дамыту.

Ой – өрісін кеңейту,тілін дамыту,айналадағы дүние туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Міндеті:

Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін қолжетімді ойын компьютерін алуға жағдай жасау;

Интербелсенді тақтаның көмегімен танымдық оқу қызметтер өту;

Электронды оқулықтар,мультипликациялық дискілер,аудиожазбалар көруіне тыңдауына мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Кіріспе бөлім.

«Технология» сөзі-гректің «шеберлік,өнер»және «заң,ғылым» сөздерінен шыққан-бұл шеберлік туралы ғылым.

Кез келген технологияның маңызы:

мақсаты
құралдар
Қолдану ережесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

нәтиже

 

 

 

 

 

 

Инновациялық технологиялар-тәрбиелеу мен оқытуға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған заманауй әдістер мен ұтымды тәсілдердің,тәрбиелеу мен оқытудың дәстүрлі емес әдістерінің,оқыту құралдарының жүйесі.

«Жаңа жолдармен жүретін педагогты таңдау қажет.Оның әрбір сөзі іс-әрекетінде ұмтылмайтын жаңалықтың ізі бар.Бұның ерекшелігі жаңа ой шақырады.

«Еліктіріп түсіндермейді,бірақ жаңа кеннің қалыпшысы.Негізіне жаңалыққа шақыру керек.» Л.С.Выготский.

Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар аз емес және оң нәтижелер көрсетуде.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды

енгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.

Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.

Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Негізгі бөлім.

«Заманауи ақпараттық технологиялар баланың қоршаған ортаның терезесі секілді»

Ақпараттық технологияларға барлық арнайы техникалық ақпараттық қолданатын технологиялар жатады.

Ақпараттық коммуникативті технологиялар (АКТ) жаң білім беру тәсілдерін анықтайды.Олар баланың дамуы мен оқытудың сапалы жаңа мазмұнына сәйкес келеді.

Ақпараттық технологиялардың көмегімен ақпараттармен жұмыс істеу іскерліктері қалыптасады,коммуникативті қабілеттері дамиды, «ақпараттық қоғм-ды»табуда тұлғаны дайындау жүзеге асырылып,зерттеушілік іскерліктері мен тиімді шешімдерді қабылдау қабілеттері қалыптастырылады.АКТ-ны дәстүрлі тәрбиелеу және оқыту әдістемелерімен,сонымен қатар,педагогикалық инновацияларменүйлесімді біріктіргендеоқытудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға,қоршаған ортаны тұтастай қабылдауынқалыптастыруға мүмкіндіктер туғызады.Компьютерлік технологияларды қолдану жеке оған білімдерін емес,тұтас,бірімен тікелей байланысты,мөлшерленген және арнайы ұйымдастырылған жүйені болжайды.Қоғамның заманауй талаптарына сәйкес АКТ-ны қолдану білім беру қызметінің сапасын арттыруға,мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңа перспективалық мүмкіндіктерімен толықтырып,кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған ақпараттық технологиялардың мазмұнына жаңа буын техникалық оқыту құралдары енеді:

Компьютер,проектор.экрандар,сенсорлық интерактивті тақталармен жабдықталған мультимедиялық кабинеттер;

–    компьютерлік дамытушы ойындар;

– балаларды оқытуда педагогтерге айтарлықтай мүмкіндіктерін арттыратын аннимация әлементтері бар видео және фото материалдар.

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникативті технологиялар мектепке дейінгі жастағы балаларға білім берудің ең тиімді құралы болып келе жатыр. АКТ – бұл сандық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралған түрлері. АКТ-ын пайдалану мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу әрекетінің мақсаттылығын дамытуға және жекелеп оқытуға мүмкіндік береді. Балабақша оқу-қызметтерінде  АКТ-ын пайдалану педагогқа бірден бірнеше педагогикалық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:

фонематикалық есту қабілетін дамытады;

лексикалық сөздік қорын дамытады;

қарапайым сөйлеу дағдыларын дамытады.

Қазіргі уақытта білім берудің мейлінше өзекті міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі заманғы балабақшаның білім беру кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік беретін мейлінше тиімді құралға айналып келеді.

АКТ – бұл ақпаратты жасау, беру және тарату үшін пайдаланылатын сандық және коммуникативтік технологиялар жиынтығы (компьютерлік құрал-жабдық, мультимедиялық құралдар, аудио және бейнетехника, әр түрлі коммуникациялық технологиялар).

Таным білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінде АКТ-ны пайдалана отырып,балалардың логикалық ойлау қабілеті,зейіні,интерактивті тақтамен жұмыс істеу қабілеті қалыптастырылды.

ІІІ.Қорытынды

Инновациялық технологиялар-заманауи әлеуметтік мәдени жағдайда баланың тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен оң нәтижелерге жетуге бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдері мен тәрбие құралдарының жүйесі.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық ұжымдары отандық және шетел тәжірибелерін зерттеу негізінде өз жұмыстарында инновациялық технологияларды ендіруде.

Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық іс-әрекеттің мақсаты – білім беру үрдісін заманауи тиімділігі жоғары технологиялармен және балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастырып,шығармашылыққабілеттерін дамытатын әдістемелермен қамтамасыз ету.

Берілген әдістемелік нұсқаулар педагогтердің едәуір талап етілетін дәстүрлі және заманауи инновациялық технологиялармен танысады.Оның ішінде ақпараттық технологиялардың орны ерекше.Ұсынылған инновациялық технологиялар педагогтерге білім беру үдерісін мекутеп жасына дейінгі балаларды интеллектуалды дамытуда заманауи ғылыми деңгейде ұйымдастыруға көмектеседі.

Ақпараттық технологияларды қолдану балалардың оқуға қызығушылығын қаматмасыз етеді,Баланы ерте дамыту оның танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамытады,тілдік құзіреттілігінің негізін қалайды,қоғамдағы әлеуметтеуі мен қазіргі ақпараттық ортаға бейімдейді.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *