Басты ұстаным -Рухани жаңғыру

Мен еліміздің бір тұлғасы ретінде заман талабына сай көштен қалмай соңғы жаңалықтарға көз жүгіртіп,назардан тыс қалдырмауға тырысамын.Елбасымыздың осы жылғы еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық бағдары қарапайым азамат түсінетін,баршаға ұғынықты,бай әрі ықшам тілмен жеткізілген.Оның басты мақсаты-Ұлт жоспарын орындауаясында әлемнің ең озық 30 елдің қатарына кіру болып табылады.Рухани жаңғыру бағдарламасының білім саласына қатысты тұсы келкешек ұрпқты кемел білімге сусындататын үлкен мүмкіндік.”Білекті бірді,білімді мыңды жығар”деген қазақ мақалының маңызы ешқашан кемімек емес. Керісінше уақыт өтіп,заман өзгерген сайынх халық нақылының  құндылығы артып келеді.Өйткені алдағы дәуір нағыз білімділердің  дәуірі болмақ.Қазір басекеден  тыс қалған  бірде-бір сала жоқ.Ал барлық саланың қарыштап,дамып,өркендеп өсуібілім мен ғылымның даму қарқынына тәуелді.Мұны “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев ерекше атап көрсетті.Табысты болудың ең іргелі басты факторы білім екенін әркім  терең түсінуі керек.Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарына білім әрдайым бірінші орында тұруы  шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын  ұлт қана табысқа жетеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *