«Таза табиғат – денсаулық кепілі» сайысы

«Таза табиғат – денсаулық кепілі» сайысы

Жүргізуші:

Басталар сайыс енді жоспармен,
Достарым отырсын ба елеңдесіп
Ата – салты, баба дәстүр жолыменен
Алайық біз әуелі сәлемдесіп

Армысыздар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ даңқың
Ұстаздар аман ба екен құрбы – құрдас
Сыныптас бірге оқып, болған сырлас.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Таза табиғат – денсаулық кепілі»  атты  10 «А» «Ә»- сыныптар арасында химия-биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін: 10  «А,Ә» сынып оқушыларынан құралған топтар:

  1. «Атомдар» тобы 10 а сынып
  2. «Органикалық заттар» тобы 10 ә сынып

Жүргізуші:

Өнер білім,өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Сайысты әділдікпен бағалайтын,

Айтайын әділ қазы алқаларын.

Шеберлікті, білімді
Саралап сіздер көріңіздер,
Әділ баға беріңіздер.

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

 

  1. Мектебіміздің директоры: Сарманова Шолпан
    Директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары: Қасымбекова К
    3. Директордың тәрбие ісінің орынбасары: Алламұратова Қ

  2. Жүргізуші:

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
І кезең –
Топты таныстыру, төс белгі.
ІІ кезең –
«Менен сұрақ, сізден жылдам жауап?»
ІІІ кезең –
Қалдық заттардан бұйымдар жасау.
ІҮ кезең –
«Қызықты тәжірибе»

Ү кезең –«Денім сау болсын десең…» көрініс

Жүргізуші:

Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды –
деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастасақ.

Жарыс заңы ежелден.
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
Сәт сапар тілеп бәріңізге,
Сайысты біз басталық.
Көрсетіп өнерлеріңізді,
Қалмаңыздар жасқанып.

Жүргізуші:

 І кезең –  «Топты таныстыру, төс белгігі»
кезек берелік./ әр топ өздерін таныстырады./

1.топ. «Атомдар» тобы

2.топ «Органикалық заттар» тобы

Білімділер болады әркез алда,
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма.
ІІ кезең – «Бізден сұрақ, сізден жылдам жауап?» бөліміне кезек келді.
Әр топ басшысы ортаға шығып 1 минутта сұраққа тез, әрі дұрыс жауап беру керек. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
1.топ

1 – Жасушаның құрылысы мен қызыметін зерттейтін ғылым? (цитология)
2 – Ұлпаның 4 түрін атаңыз? (дәнекер, эпителиий, бұлшықет, жүйке)
3 – Ішкі секкреция бездерінен бөлінтін сұйықтық? (гормон)
4 – Ұйқы безі бөлетін гомон? (инсулин)
5 – Жүйке жасушалары? (нейрон)
6 – Нейронның ұзын өсіндісі? (аксон)
7 – Орталық жүйке жүйесіне не жатады? (ми мен жұлын)
8 – Мидың орташа салмағы? (1300 – 1400)
9 – Сезім анализаторларын ата? ( иіс, дәм, есту, көру)
10 – Тірек – қимыл апаратына не жатады? (қаңқа бұлшықеттері)

  1. 11. Ең жеңіл газ? (Сутек).
  2. 1 Қандай металдарды сумен жандыруға болады? (Сілтілік).
  3. 1 Тірі организмдердің ауаны сіңіріп, көмірқышқыл газын бөлу кезіндегі процесті қалай атайды?(дем алу)
  4. 1 Суда еритін негіздер (сілтілер)
  5. 1 Екінші периодтағы элементтер саны (сегіз)
  6. 1 Жылу мен жарық бөле жүретін құбылыс (Жану)
  7. 1 Н2О халықаралық атауы (сутек оксиді)
  8. 1 Лакмустың қышылдық ортадағы түсі (қызыл)
  9. 1 Жылу бөле жүретін реакция (экзотермиялық)
  10. 2 Жылу сіңіре жүретін реакция (эндотермиялық)

 

2.топ

  1. Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын қалай атайды? (айырылу реакциясы)
  2. Ең ауыр металл? (осмий).
  3. Реакцияға дейінгі заттардың массасының реакциядан кейін де өзгермей сақталатындығын көрсететін заң (зат массасының сақталу заңы)
  4. Реакцияға кіріскен реакцияласушы заттардың қысқаша атауы (реагенттер)
  5. Екі элементтен тұратын қосылыс (биэлемент)
  6. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)
  7. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі(молекула)
  8. Сүзу әдісімен бөлінген ерітінді (сүзінді)
  9. Ең жеңіл металл (литий)
  10. Тамаққа қолданылатын ас тұзының формуласы (NaCl)
  11. Адам денесіндегі буындар саны: (230.+)
    12. Қанда темірдің тұрақтылығын сақтайтын без: (Гипофиз)
    13. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: (Қант ауруы)
    14. Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы: (Амнезия)
    15. Қанның құрамына жасушалар кіреді: (Лейкоциттер)
    16. Қанның ұйымайтын, тұқымқуалайтын ауру?(Гемофилья)
  12. Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы керек: (30 – 35см)
    18. Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады: (27 секунд)
    19. Гуморальдық реттелуде негізгі рөл атқаратын заттар: (Гормондар)
    20. Арқа омыртқаларының саны: (33-34)

Жүргізуші:

Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады. –дей келе,топтарға кезек береміз.

ІІІ кезең – «Қалдық заттардан бұйымдар жасау»         Топтардың алдын ала дайындалған бұйымдарының  жасалу жолдарын түсіндіру.

Жүргізуші:

Бағындырып ең биік асқарды
Тылсымына тарататын жастарды.
Ендеше кәнекей назар салайық
«Қызықты тәжірибе»кезеңін бастайық. –дей келе,топтарға кезек береміз.

ІҮ кезең – «Қызықты тәжірибе»

Білімнен емеспіз кенде біз,
Өйткені Тәуелсіз елде біз.
Білімді тұрады жарасып,
Болашақ әлемге жол ашып. –дей келе,топтарға кезек береміз.

Жүргізуші:

Ү кезең – «Денім сау болсын десең…» көрініс

Дарынды мекенін танытар,

Шешендік кезеңі жол ашық.

Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.-дей келе,

 

сайысымыздың қорытынды сөз кезегі әділ-қазы алқасының төрайымы: Сарманова Шолпан апайымызда.

 

 

Ал,енді жеңімпаз топтарды құттықтауға рұқсат.Бүгінгі сайысымыз аяқталды.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *