Атомдарда электрондардың таралуы.
Қысқа мерзімді жоспар
Күні:
Сынып: 8 |
Пән мұғалімі:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Атомдарда электрондардың таралуы. | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.1 бірінші 20 элементтің электрондар санын анықтау
8.1.3.2 электрондардың қабаттарда орналасуының схемасын салу 8.1.3.3 электрондар атомда ядродан арақашықтықтары артып келе жатқан орбитальдарда біртіндеп орналасатындығын түсіну |
||||||||||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар:
негізгі топшадағы химиялық элементтердің атом құрылысы мен оның қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсінеді Оқушылардың басым бөлігі: Период бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын түсіндіру, білімдерін дамытады Кейбір оқушылар: атомда электрондардың орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіне отырып, атом құрылысы туралы білімдерін жетілдіреді |
||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар:
Ұсынылған атомдар үлгілерінің сызбаларын дұрыс салады және дұрыс көрсетеді; |
||||||||||||
Тілдік мақсаты: | Пәнге қатысты лексика мен терминология: атом (электрондық), қабат, энергетикалық деңгей, ядро, жүйелік, топ, қашықтық, жуық, барынша алшақ, ішкі, сыртқы / atom (electron), shell, energy level, nucleus, series of shells, group, distance, nearest, furthest, inner, outer. Диалог пен жазуға арналған сөздердің пайдалы жинағы: Бұл атом ядросы, ал мыналар электрондар. Электрондар қабығы атом ядросынан жақын/алыс орналасқан. Қай электронда энергия көп/аз? This is the nucleus and these/here are the electrons. Electrons have different energies and are grouped by energy in a series of shells. This shell of electrons is the nearest to/furthest from the nucleus of the atom. Which electrons have more/less energy? |
||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмыс жасау барысында айтылған болжам бойынша бір-бірінің пікірлерін тыңдауға жағдай жасау. Функционалдық сауаттылықты дамытуға жағдай жасау.
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Негізгі бөлшектер – протон, нейтрон, электрон (6.4C). Бірінші 20 элемент құрылысы (7.1A). |
||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | ||||||||||||
Тілдік құзыреттілік | Табиғат | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу. Мұғалім оқушылардан, олардың көңіл күйдеріне сәйкес келетін смайликті таңдауды ұсынады Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қою Қайталауға арналған сұрақтар Атом құрылысының моделін қай ғалым ұсынды? Атом қандай бөлшектерден тұрады? Химиялық элементтің қасиеті немен анықталады? Химиялық элементтердің периодтық жүйесі мен заңды кім құрастырды? Периодтық заң қалай оқылады? Период деген не? Саны қанша? Қалай жіктеледі? Период бойымен элементтердің қасиетттері қалай өзгереді? Топ деген не? Саны қанша? Топ ішінде элементтердің қасиетттері қалай өзгереді? Қызығушылықты ояту–10 мин.
1. Карточкамен жұмыс 2. Сұрақ-жауап: · Реттік нөмір нені білдіреді? Белгіленуі · Атомдар қандай бөлшектерден тұрады? Заряды? · Изотоп деген не? · Химиялық элемент деген не? · Периодтық система неше период, неше топтан тұрады? 3. Венн диаграммасы: Электрон мен протонды салыстыру Электрон Протон
4. Атом құрылысы тақырыбы бойынша тест: «Сандар сөйлейді» 1. Оттектің неше изотобы бар? Ф) 1 Х) 2 Ц) 3 2. Литийдегі нейтрон саны? И) 4 Й) 3 К) 7 3. Алюминийдегі протон саны? ————————————————————————————————————————————————————– 4. Бор нешінші периодта орналасқан? Ж) 5 З) 3 И)2 5. Метанның СН4 құрамындағы элементтердің массалық қатынасы Э) 12 : 4 Ю)12 : 1 Я) 3:1
|
Шаттық шебері
|
|||||||||||
Сабақтың ортасы
8 минут
|
Тақырыпты өз бетімен оқып постер қорғау
Атомдағы электрондар ядродан әр түрлі қашықтықта орналаса отырып, электрон қабаттарын түзеді. Электрон қабаттары энергетикалық деңгейлер деп те аталады. Атомдағы энергетикалық деңгейдің саны, осы элемент тұрған периодтың нөміріне сәйкес келеді: 1-период элементтеріне бір энергиялық деңгей немесе бір қабат 2-периодта – екі, 3-периодта – үш т.с.с.
Период = деңгей = қабат
Энергетикалық деңгейдегі болатын электрондардың максимал саны мына формуламен өрнектеледі: N = 2n2 N-электронның максимал саны п-деңгей саны Осы формулаға сәйкес бірінші энергетикалық деңгей де п=1; N = 2n2= 2∙12=2 электрон, п=2; N = 2n2=2∙22=8 электрон, п=3; N = 2n2=2∙32=18 электрон, п=4; N = 2n2=2∙42=32 электрон. Мысал: ) )) ) 1. +1H 1 2. +2H 2 3.+3Li 2 1 ) ) ) ) ) 4. +4Be 2 2 5. +11Na 2 8 1
Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз. Орбиталь деп нені атаймыз? Электрондық қауыз: Атомның барлық электрондары жиналып электрондық қауызын құрайды. Электрондық қауызды не құрайды? Өзара энергиясы жуық электрондар атомның электрондық қабатын түзеді. Электрондық қабатты қандай электрондар түзеді? Электрон қабаттар рет нөміріне қарай 1,2,3,4… деп белгіленеді. Әр қабаттағы орбитальдардың өзіндік энергиясы мен пішіндері болады. Электрондарды пішініне қарай жіктеңдер, кестені толтырыңдар. Шар тәрізді электрон бұлтын s-электрондар деп, ал орбитальдарды s-орбиталь д.а. Кейбір электрондар ядро маңында гантель тәрізді бұлт түзіп қозғалады, ондай электрондар p – орбитальдарын береді. Кеңістікте координаттардың 3 осі (x,y,z) бойынша орналасатындықтан рx,рy,рz орбитальдары деп бөлінеді
Электрондық бұлттарды толтыру ережесі келесі: 1. Ең алдымен элемент атомында қанша электрон бар екендігін анықтап алу. Ол үшін сол элементтің ядро зарядын білсек болғаны, ол Д.И. Менделеевтің периодтық жүйедегі элементтің реттік нөміріне тең. Реттік нөмірі (ядродағы протон саны) барлық атомдағы электрон санына тең. 2. Бар электронмен 1s – орбитальдан бастап ұяшықтарды толтырамыз. Әрбір ұяшықта 1 не 2 электрон бола алады. Бір ұяшықта орналасқан екі электронды қарама – қарсы бағдаршамен белгілейді ( Паули принципі) 3. Әрбір квант деңгейінде аттас орбитальдарда бір электроннан орналасады, қалғандары кейін қосылып жұп түзеді (Хунд ережесі)
Түсіндірме видео: https://twig-bilim.kz/film/atom-structure-electron-shells-5627/ (I) (f) Оқушылар атомдарды электрондық қабаттар диаграммалары түрінде таныстырады / Learners represent atoms by shell diagrams. (W) Аяқталған сыртқы қабат атомды белсенді етпейтінін түсіндіріңіз. Сондықтан атомдар электрондарды қосып немесе беріп өзінің сыртқы қабатын толтырады, нәтижесінде қосылыстар түзіледі. 1.«Протон» тобына тапсырмa.( мұғалім әрбір оқушыны жеке бағалайды.)
1.Кальций элементін периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттаңдар( ауызша) «Химиктер» тапсырмасы 2.Электрондық, графиктік формулаларын құрастырыңдар.(жазбаша) «Химиктер» тапсырмасы 3.Кальцийдің адам ағзасындағы ролі (ауызша) «Биологтар» тапсырмасы
2.«Электрон» тобына тапсырма.
1. Магний элементін периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттаңдар( ауызша) «Химиктер» тапсырмасы
2.Электрондық, графиктік формулаларын құрастырыңдар. (жазбаша) «Химиктер» тапсырмасы
3.Магнийдің адам ағзасындағы ролі «Биологтар» тапсырмасы
2. Деңгейлік тапсырмалар. «Протон тобына» Бірін бірі бағалау әдісі қолданылады.
1. «А» деңгейі: 32 Ge элементі атомының электрондық формуласын құрастырыңдар.
Деңгейлік тапсырмалар. «Электрон тобына.»
1. «А» деңгейі: 23 V элементі атомының электрондық формуласын құрастырыңдар. 2. «Ә» деңгейі: 1s 22s 22p 63s 23p 3 элементінің оттекпен әрекеттесу теңдеуін жазыңыз 3. «Б» деңгейі: 1s 22s 22p 2 элемент (ІV) оксидінің сумен әрекеттесу теңдеуін жазыңыз.
«Протон» тобының жауабы интербелсенді тақтаға шығарылады
+32Ge1s 22s 22p 63s 23p 6 4s 2 3d 10 4 p 2 4Na+O 2=2Na 2O; SO2+H 2O=H 2SO 3 ; «Электрон» тобының жауабы интербелсенді тақтаға шығарылады
1. +23 V 1s 22s 22p 63s 23p 6 4s 2 3d 3 2. 4P +5O 2=2P 2O 5; 3. CO2+H 2O=H 2CO 3
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|||||||||||
Аяқталуы
16 минут Қызықты тапсырма 8 минут |
Сәйкестігін тап: Индивидуалды түрде жасалады
1. N+7) 2) 5 ——- a. 1s22s22p2
Қатені табыңдар Неше? Қанша? Сұрағына жауап бергенде саусақпен санап көрсету керек. «Иә» және «жоқ» жауабын бір дауыспен созып айтып, жауап беру керек. Дауысты дыбысты ырғағын көтере айту-тыныс алу және асқорыту жүйесінің жұмысын жақсартады. 1. Сутек ең жеңіл элемент —————- 2. Көміртектің реттік нөмірі қанша? —————- 3. Азот молекуладан тұрады —————- 4. Титан металл —————- 5. Оттектің ядро заряды қанша? —————- 6. Күміс ауаның құрамында болады —————- 7. Алюминийдің валенттілігі —————- 8. Нейтрон зарядсыз бөлшек —————- 9. Сынаптың салыстырмалы атомдық массасы ———— 10. Санаймыз ба? —————-
· Оқушылардың білімін бағалау Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрағың бар ма? Тағы не білгің келеді?) Үйге тапсырма береді. № 1 үйде орындалатын эксперименттік тапсырма «Диффузия жылдамдығын анықтау» Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
|
Оқулық, дәптерлер. |
|||||||||||
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау. |
Бас бармақтар |
|||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар берілген есептер мен тапсырмаларды орындай алавды |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Математикаі сабағында
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||||||||
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718