Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу. Ақан сері Қорамсаұлы. Казак тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Орынбаева Айжан Кудайбергеновна

Сабақ мақсаты мен міндеті: әнші-сазгер ақындар шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту; Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығын меңгеру;
Сабақтың мақсаты:
білімділік – әнші-ақындар шығармашылығы қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыстарының бірі екендігі, әнші-сазгерлігі туралы студенттерді іздендіре отырып, білімдерін кеңейту.
дамытушылық – студенттердің өз беттерінше ізденуіне жол ашу, топпен жұмыс жасау дағдыларын, зейінін, қиялын дамыту.
тәрбиелік – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы Ұлттық бірегейлікті сақтау тармағы мен Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласына тоқтала отырып патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: «Ақылды доп», Постер, топтық жұмыс, Кластер, Венн диаграмасы
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, қазақ тілі
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, фото галереясы, бейнефильмдерден үзінді, үлестірмелі кәртішкелер, қима қағаздар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
– студенттермен амандасу, психологиялық дайындық жасау
– студенттерді түгендеу
ІІ.Үй жұмысын тексеру:
1-тапсырма. Ақылды доп әдісі бойынша студенттерден өткен тақырыпты сұрау.
2-тапсырма. Әр топ берілген тапсырма бойынша Постер қорғайды.
3-тапсырма Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өлеңдерін жатқа оқу

ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың эпиграфы:
Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді.
Г.Потанин.
а) «Ой шақыру» Үнтаспадан Ақан серінің «Маңмаңгер» әнін тыңдау.
Сұрақ-жауап арқылы сабақтың тақырыбын айту.
Сабақтың тақырыбы мен мақсат – міндеттерін хабарлау.
ә) PowerPoint бағдарламасы бойынша тақырыпты баяндау бағдарламасы бойынша тақырыпты баяндау
– Құрметті студенттер, сіздер жалпы қазақтың әнші – сазгер ақындарын білесіздер ме? Сіздердің жауаптарыңыз толық болу үшін мен есімдерін атап өтейін:
Презентация арқылы әнші – сазгер, ақындарды таныстыру:
Біржан Қожағұлов, Жаяу Мұса Байжанов, Ақан Қорамсаұлы, Балуан Шолақ Баймырзин, Естай Беркімбайұлы, Мұхит Мералыұлы, Сегіз сері (Мұхамедханапия) Баһрам Шақшақов, Иманжүсіп Құтпанұлы, Мәди Бәпиұлы, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
ІҮ.Мұғалімнің әнші – сазгер ақындар туралы қысқа әңгімесі
Қазақ халқы — әнге бай, өнерлі халық. Халық өнерін, мәдениетін зерттеушілер бұл туралы көп пікірлер айтқан. Әнші – сазгер ақындар – ақындықпен қатар композиторлықты да, әншілікті де машықтаған өнерпаздар. Әнші-сазгер ақындардың шығармаларының ерекшелігі: әннің мәтінін де, әуендерін де өздері шығарады және ол әндерді өздері айтып береді, музыкалық аспапты өздері тартып, өздері сүйемелдейді. Бірақ бұл ерекшеліктердің бәрі бір дәрежеде бола бермейді. Кейбір әнші – сазгер ақындардың ақындығы басым болса, екінші бірлерінің композиторлығы, яғни сазгерлік қабілеті немесе орындаушылық қабілеті асып жатады.
Ү. Мағынаны ашу «Біржан сал» фильмінен үзінді көрсету.
– Балалар біз қандай фильмнен үзінді көрдік?
– Үзіндіде кімдер туралы айтылды?
– Дұрыс айтасыздар «Сал – серілер»
– Әнші-сазгер ақындарға халық «сал», «сері» деген атақ беріп, құрмет көрсеткен. Жалпы, сал-сері дегеніміз кімдер? Сал мен серінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни, ақын, әнші, күйші, композитор, ойыншы, күлдіргіш, би, спортқа бейімі ерекше өнерпаз. Олар – халық мәдениетінің көрнекті қайраткерлері. «Сал» және «сері» – тектес, төркіндес, кіндіктес ұғымдар.
(Е.Ысмайылов)
ҮІ. Дәптермен жұмыс (сал мен сері туралы жазғызу)
– Венн диаграмасы бойынша сал мен сері айырмашылығын жаздыру
Сал-серілер – ойын-сауықтың, той-думанның гүлі. Елдің жуан ортасында, халық арасында қаздай қалқып, үйректей жүзіп, қасына жыршыларын, ақындарын, әншілерін, күйшілерін, өлеңшілерін, ойыншыларын, домбырашыларын, палуандарын ертіп, топ құрып жүреді. Сол топты труппа деп атайды.

ҮІІ. Ізденімпаздық кезеңі
Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша ізденеді, ойланады, дәлелдейді, өз пікірін айтады
«Іздеген жетер мұратқа»
1-топ Ақан сері Қорамсаұлы (көмекші топ)
2-топ Зар заман ақындарының ерекшеліктері
3-то Әнші-сазгер ақындарының ерекшеліктері
ҮІІІ. Сергіту сәті
2Д-217 тобының студенті Жанатов Диас Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін орындап береді
ІХ. Кері байланыс
1-топ Ақан серіге хат
2-топ ХХІ ғасырда қазақ серілерін әлем мойындай алар ма еді?
3-топ Бес жолды өлең
Х. Үйге тапсырма беру: Қирабаев С. Асыл Ұ. Қазақ әдебиеті 10 сынып.
Оқу: Ақан сері Қорамсаұлы 259 бет
Іздену: Ақан сері Қорамсаұлының «Маңмаңгер», «Балқадиша», «Құлагер» өлеңдерінің шығу тарихы туралы мәлімет жинау
ХІ.Бағалау кезеңі
ХІІ.Қорытындылау, рефлексия.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *