Балабақшадағы “Қош келдің Жаңа жыл”
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
Есіктен кірген 2019жыл – Доңыз жылының құрметіне ауылымыздың «Бөбек лүпілі» жекеменшік балабақшасының бүлдіршіндеріне арналған Қош келдің «Жаңа жыл» атты ертеңгілігі ұйымдастырылды.
Жаңа жылдық шыршаның талапқа сай көңілді болып өтуі балабақша қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі деу орынды. Өйткені, балалармен үлкендердің көңілінен шығу үшін, жыл сайын қызықты, жаңа бағдарламалар дайындайды. Олардың киген киімдері ашық көз қуантатын түстерге толы және сомдаған кейіпкерлерінөте тартымды етіпкөрсететінімен ерекшеленеді.
Тағатсыздана күткен Аяз ата мен Ақшақар келіп,шырша шамын жарқыратып жаққан сәтте бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Олар өздері дайындап келген өнерлерін ортаға салып тәттілерін алды.
Бұл жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Қолайлы сәтті пайдаланып, әріптестерімді,ұстаздарымды және барша жерлестерімді жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын. Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа табыс тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз бірлігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718