«Рецепт құрылымы. Рецептіде қолданылатын көмекші сөздер, үстеулер, есімдіктер»

Пән: Латын тілі

Сабақтың тақырыбы: Рецепт құрылымы. Рецептіде қолданылатын көмекші сөздер,үстеулер,есімдіктер.

Сабақтың түрі:   Мультиәдістемелік дәріс презентация

 Сабақтың әдісі:

 -сабақта топ студенттермен жұмыс істеу

-көрнекі құралдарды қолдану арқылы түсіндіру.

– интерактивті тақтамен

– жалпылама сұрау, өзін-өзі бақылау, ынталандыру, пысықтау.

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік:  рецепт құрылысы, рецептің жазылу ережесі, рецептің латын бөлігінің грамматикалық құрамы, рецептуралық қысқартулар туралы теориялық білімін тереңдету ,жетілдіру.

Дамытушылық: Білімдерін тәжірибеде қолдану қабілеттерін дамыта отырып ұйымдастыру

Тәрбиелік:  Өз міндеттеріне жауапкершілікпен      қарауға , мәдениеттілікке , адамгершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

  • Қазақ тілі
  • Фармакология .
  • Химия

Уақыты: 90 мин

     Сабақтың жабдықталуы:

       Көрнекті құралдар: Плакаттар, суреттер, сабаққа арналған ойындар

Үлестірме материалдар: Тірек конспектілері.

Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта, жылжымалы проектор

                           Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:

                                                               Негізгі әдебиеттер:

  1. С.Қ. Мұратбекова, Г.Қ. Сердалина «Латын тілі» 2009ж.
  2. Ю.И. Городкова «Латинский язык. Учебник для учащихся средних медицинских и фармацевтических учебных заведений», Ростов-на-Дону, «Феникс», 2009.
  3. Ю.И. Городкова «Элементы латинского языка и основ медицинской терминологии. Учебник для учащихся медицинских и фармацевтических колледжей», Москва, «Медицина», 2001.
  4. М.Н. Чернявский «Латинский язык и основы медицинской терминологии», Москва, «Медицина», 2002.
  5. К.А. Тананушко «Латино-русский словарь», Минск, «Харвест», 2005.

 

Қосымша әдебиеттер:

  1.  Шульц Ю.Ф. Латинский язык и основы терминологии – Москва, 1995.
  2. Рахишев А.Р. Словарь анатомических терминов. – Алматы: «Рауан». «Демеу» – 1994.
  3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – Харьков, 1998.
  4. Приказ МЗ РК 289 от 21.05.08г. «Правила выписания рецептов и отпуска лекарственных средств».
  5. Авксентьева А.Г. Латинский язык и основы медицинской терминологии. Ростов-наДону. «Феникс», 2002.
  6. Тапанушко К.А. Латино – русский словарь. АСТ Харвест. Москва. 2002.     (М.: ООО «Издательство АСТ»; Мн.: Харвест                                        

Сабақтың хронокартасы

  1. Ұйымдастыру кезеңі-                                                              5 минут
  2. Өткен тақырып бойынша білімді бақылау нәтижесі-           20 минут
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру-                                                     50 минут
  4. Жаңа тақырыпты бекіту-                                                         10 минут
  5. Үйге тапсырма беру-                                                                 5 минут

 

Студент білуге тиіс: рецепт құрылысын, рецептің жазылу ережесін, рецептің латын бөлігінің грамматикалық құрамын, рецептуралық қысқартуларды

Істей білуі керек: рецепті сауатты құрастыру, рецепті латын тілінен қазашаға және қазақ тілінен латын тіліне аударуды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі

Аудиторияның сабаққа дайындығын, студенттердің сыртқы көрінісін, сабаққа қатысуларын түгелдеу, журнал толтыру.

2 Студенттердің білімдерін бақылау (өткен тақырып бойынша)

     Студенттерден өткеп тақырып бойынша жалпы сұралады.Білім деңгейін тексеру үшін студенттердің алдарына жеке тест тапсырмалары үйлестіріледі.

Сергіту сәті үшін студенттерге қосымша берілген латын тіліндегі студенттердің хорын айтқызу.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың мақсаты мен жоспары

  • Рецептің анықтамасы;
  • Рецептің бөліктері;
  • Рецепт жазуға қойылатын талаптар мен ережелер;                                                 Дәрістің негізгі тезистары Рецепт (Receptum) – Рецепт-бұл науқасқа қолдану тәсілдері көрсетілген дәрі-дәрмек босату және жасалу жайында дәріханаға дәрігер тағайындаған пішін бойынша жасалған жазбаша өтініш қағазы.Рецепт арнайы бланкта жазылады.Рецепт жүйелі 9 бөліктен тұрады.
  •                    Рецепт құрылымы. Рецептіде қолданылатын көмекші сөздер,үстеулер,есімдіктер.
  •                                                 
  1. Inscriptio I-емдеу мекемесінің аталымы (мөрі) және коды.
  2. Inscriptio II –рецепт жазудың мерзімі (күні,айы,жылы).
  3. Nomen aegroti- науқастың аты-жөні.
  4. Nomen medici- дәрігердің аты-жөні.
  5. Invocatio- дәрігердің Recipe (ал) сөзімен дәріханаға жолдаған жазбаша ұйғарымы.
  6. Designatio materiarum- рецептуралық жазылым, дәрі дәрмектің аты, берілу саны. Бұл рецептің негізгілігі және латын тілінде жазылады.
  7. Subscriptio-дәрілік пішіндердің атауы (май,ұнтақ және т.б.) немесе фармацевтке басқа тапсырманың берілуі.
  8. Signatura- белгілеу, яғни ауруға түсінікті тілде дәріні қалай қабылдау туралы нұсқау.
  9. Nomen medici-дәрігердің мөрмен куәландырылған қолы.

Осы міндетті жазылатын 9 бөліктің ішінен 5,6 және 7-бөліктер және 8-бөліктің алғашқы сөзі латын тілінде жазылады.

                                      

Рецептің латын тіліндегі бөлігін жазу ережелері

6-бөлік – дәрілік заттардың белгісі және олардың саны (жазбаша) -рецептің латын бөлігі Rр.: (Recipe:-Ал) міндетті шартты қысқартумен басталады.Бұл «recipere-алу» (осы етістіктен шыққан «receptum» – сөзбе-сөз «алынған» деп аударылады) етістігінің бұйрық рай тұлғасы.Кейін дәрі-дәрмектің жасалуына қажетті дәрілік заттардың аты және олардың саны көрсетіледі.                                            

 

                       Рецепттің алтыншы бөлігіндегі грамматикалық тәуелділік үлгісі

                                қанша? (не?)

 

 

 

 

     (recipe)

     (ал)

Дәрілік заттардың немесе дәрі-дәрмектің атауы Дәрілік заттардың саны

( мөлшері)

         Genetivus      Accusativus

         

                                                                           нені?  

 

 

Рецепт жазғанда белгілі келесі талаптарды, ережелерді орындау керек:

а) Әр заттың аты жаңа жолдан және бас әріппен жазылады.Дәрілік заттар, құралдар, және өсімдіктер атаулары бас әріппен жолдың ортасында жазылады. Оң жағынан саны белгіленеді.

     Мысалы:         Recipe: Tincturae Valerianаe 10 ml

                                             Tincturae Convallariae 15 ml

б) Әр заттың аты ілік септігінде тұрады (Genetivus),өйткені ол грамматика жағынан мөлшердің (саны ) белгілеуіне байланысты. Мөлшерді белгілейтін қалыптасқан сөз табыс септікте (Accussativus) тұрады ,яғни ол recipe – ал етістіктің тура толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы:

           Ал (нені ?) үш тамшыны (табыс с. көпше т.) (ненің?)

           Жалбыз майының (ілік септік.)

 

           Recipe: Olei Menthae guttas III ( olei – ілік септігі , 2-септеу .).

 

Қатты және сусымалы заттар граммен көрсетіліп , араб сандарымен жазылады, ал сұйық заттар миллилитр (араб санымен), тамшылармен (рим санымен) белгіленеді. Мысалы:

 

         Ал (нені ?) 10 миллилитрді (ненің ?) інжугүл тұндырмасының.

 

           Recipe: Tincturae Convallariae 10 ml.

 

в) Егер екі немесе бірнеше дәрілік заттар бірдей мөлшерде жазылып берсе, санын тек бір рет қана көрсетеді-соңғы зат атауынан кейін, бірақ санның алдында шартты қысқарту аа (ana – бірдей) жазылады ;

г) Граммдар және оның бөлшектері араб санымен ондық бөлшектер түрінде белгіленеді; мысалы : 3,0 ; 0,3 ; 0,03 және т.б; тамшылар рим санымен , олар «тамшы» (табыс септікте ) деген сөзден кейін тұрады : guttas I, guttas II, guttas III және т.б.

д)Іс- әрекет, белсенділіктің биологиялық өлшемінде (қысқ ЕД ) дозаланған дәрілік заттарды жазғанда сандары ондық, жүздік, мыңдық, миллиондық араб санымен белгіленеді.

Мысалы:

 

             Recipe: Phenoxymethylpenicilini ( ілік с. 2-септеу.)

                                         100000 ЕД.

е) Дайын дәрілік заттардың (таблеткалар, балауыздар) мөлшері стандарттық болып келсе көрсетілмеуі мүмкін. Бірақ рецепте дәрілік пішіннің аты көпше түрінің табыс септігінде (Acc.Pl )тұрады.

Мысалы: Ал (нені?) «Пентальгин» таблеткаларды  20 санымен.

 

           Recipe: Tabulettas «Pentalginum» numero 20

 

Осыған ұқсас мөлшері көрсетілген бір ингредиентпен таблеткалар жазылуы мүмкін.

 

           Ал: Бромкамфора таблеткаларды 0,25 20 санымен .

           Recipe: Tabulettas Bromcamphorae 0,25 numero 20.

 

7-бөлікте – дәрілік пішіндердің аталуы және фармацевтке басқа тапсырмалар жазылады.

  • Дәрілік заттараға қандай фармацевтикалық операция жүргізу керек екені (араластыру беру, қолдану, құю,еріту);
  • Дәрілік заттарға қандай дәрілік пішін беру (ұнтақ,пилюля,балауыз);
  • Мөлшерін қанша дайындау (таблеткалардың саны);
  • Дәрі –дәрмектерді қандай орауышта жіберу (қағазда,шыныда)             Misce.Da.             Dentur tales doses numero 6 in tabulettis.
  •              Sterilisetur.Dentur.
  •              Misce, fiat unguentum.
  • Мысалы:

8-бөлікте – дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері-S жазылады және олар шартты қысқартумен жазылады.Бұл Signa – Белгіле бұйрық рай тұлғасы немесе Signetur – белгілейтін шартты рай тұлғасы.

Бұл бөлікте қазақ (орыс) немесе науқастың ана тілінде дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері белгіленеді.

   Мысалы:

                      Signa: Күніне 3 рет 20 тамшыдан тамақтануға дейін;

                       Signa: Күніне 3 рет 2 таблеткадан тамақтанудан кейін;

                       Signa: Күніне 2 капсуладан тамақтанумен бірге;

                       Signa:Бір стакан жылы суға 1 шай қасықтан (шаю үшін);

 

Рецептура жазудың түрлері

                       Дәрілік заттар ресми және магистральді болып бөлінеді:

 

*       Ресми ( лат. officina – аптека) Фармакопеялық баптарда көрсетілген стандарттық құрамы бар өндірісте шығарылатын дәрілік заттар.Олардың қолданылуы Денсаулық сақтау министірлігімен рұқсат етілген.

Мысалы, цефалексин таблеткасы, “Лоринден” майы.Мұндай заттар халықаралық және саудалық патентті емес атаулармен шығарылады.

 

*       Магистральді (экстемпоральді) ( лат. magister – оқытушы, extempore – қажетінше) Дәрігердің қарауы бойынша құрастырылған дәрілік заттар. Олар нақты тұтынушылар үшін рецепт арқылы дәріханада дайындалады.

                                                                                               

         Рецептің жазылуы қысқартылған және толық жазу болып бөлінеді.

 

  1. Қысқартып жазған түрінде басында дәрілік пішін көрсетеді ,кейін дәрілік заттардың аталуы, оның концентратын және мөлшерін жазады. Ережеге сай қысқартып жазған түріне ресми дәрілік заттар жазылады.Коммерциялық дәрілерді жазу тәртібі осы қалыпта жазылады.

Ресми дәрілік заттар атауы қысқартылып жазылуда жеке түріндегі ілік септігіне қойылады.

               Мысалы:

 

Recipe:     Solutionis Gentamycini sulfatis 4 % – 2 ml

                   Da tales doses numero 10 in ampullis

                   Signa: 2 мл бұлшықет ішіне

 

Күрделі құрамы бар коммерциялық дәрілік заттар атауы қысқартып жазылуда дәрілік атау тырнақшаға алынып, жеке түрдегі атау септігінде жазылады.

Мысалы:

 

Recipe:     Tabulettas “Quamatel” numero 28

                  Da. Signa:Күніне 1 таблеткадан 2 рет.

 

  1. Толық жазу тәртібінде басында дәрілік зат құрамына кірген бөліктер аталып,содан кейін дәрілік пішін көрсетіледі.

Мысалы:

 

Recipe:     Extracti Belladonnae 0,015

                       Olei Cacao quantum satis

                       Misce, ut fiat suppositorium rectale

                       Da tales doses numero 10

                                     Signa:Тік ішекке 1 балауыздан

 

                                                 Рецепт жазудағы талаптар

  1. Рецепт бланкадағы қарастырылған барлық бөліктер міндетті толтырылады, сия немесе қаламмен анық және түсінікті жазылады.Рецепте қателерді түзетуге болмайды.
  2. Дәрі-дәрмектің құрамы, дәрілік пішіннің белгілеуі және дәрі-дәрмекті жасау мен беру жайында фармацевтке дәрігердің тапсырмалары латын тілінде жазылады. Осы белгілеулердің латын тіліндегі қысқартулары медициналық және фармацевтикалық практикада қолданылу тәртібіне сәйкес рұқсат етіледі. Нақты қандай дәрілік зат жазылғаны айқын емес, бір-біріне жақын,ұқсас ингредиенттерді қысқартуға болмайды.
  3. Мөлшері,жиілігі, уақыты және қабылдау ұзақтығы көрсетіліп дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері қазақ (орыс) не ұлттық тілде белгіленеді. «Ішкі », «белгілі» және осы тәрізді тағы басқа жалпы нұсқауларды қолдануға болмайды.
  4. Науқасқа дәріні жедел беру кезінде рецептуралық бланктың үстіңгі бөлігінде «cito» (тез!) немесе «statim” (жедел!) деген белгі қойылады.
  5. Рецепт жазуда сұйық зат мөлшері миллилитрмен (Мысалы: 0,1 ml;       1 ml; 5 ml; 20 ml және т.б.), граммен немесе тамшымен (тамшылар рим санымен белгіленеді) көрсетіледі,ал қатты және сусымалы заттар-граммдарда (мысалға: 0,001; 0,05;, 0,3; 1,0; 10,0 және т.с.с.)   белгіленеді.

4.Жаңа тақырыпты бекіту      

Журналға студенттердің бағасын қояды және үй тапсырмасын негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша береді.

Үйге тапсырма:« Рецепт құрылымы. Рецептіде қолданылатын көмекші сөздер, үстеулер,е сімдіктер» С.Қ.Мұратбекова,Г.Қ.Сердалина «Латын тілі» оқу құралы.

  1. 27-29 рецептік жаттығуды толығымен аударып келу.

5.Оқушыларды бағалау үйге тапсырма беру

  1. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жүйелендіру үшін студенттерге   «Блиц опрос » әдісін қолдану арқылы жүргізіледі. Студент интерактивті тақтадан ұяшық таңдайды , әрбір ұяшықтың астында сұрақтар жасырылған. Одан әрі рецептік тапсырмаларды тақтада орындайды
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *