Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғыруымыздың бастамасы

Латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін жасалған игі істердің бірі. Латын әліпбиіне көшсек, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуында да өзгерістер болмай, сөздердің табиғи қалпында айтылуы ғажап емес. Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай көтеріліп келеді. Биыл міне, тәуелсіз ел болғанымызға 27 жыл толып отыр. 2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», — деген еді.
«Қазақстан-2050» стратегиясында латын тіліне 2025 жылы толық көшетініміз туралы кесімді сөз айтылды.
Латын әліпбиі дегенде ең алдымен ойымызға сонау 1929 жылы қазақ әліпбиінің ннегізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы түседі Кезінде алаштың ұлы көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», – деген болатын.
Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бір тармағы. Экономикасы даму жолына түскен саясаты сындарлы еліміз үшін енді рухани түлеу кезеңі туды. Осы сәтте латын әліпбиіне көшу болашағымыз үшін маңызды,-дейді ұлт зиялылары. Қазір әлемнің 21 елі латын әліпбиін қолданады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында: Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.
Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу мәселесі бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. А. Байтұсынов: «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін»,- деген екен. Міне, сол ертеңі де келіп жеткен секілді. Болашақта қолға алмақ болып отырған латын қарпі қазақ елін әлем мемлекеттерімен жақындастырып, жарқын болашаққа бастайды деп үміттенемін. Біз қандай әліпби түрін пайдалансақ та, ең бастысы, төл тіліміздің қалпын сақтап, мертебесін биіктете алсақ болғаны. Ел мүддесі үшін заман талабына сай жасалған ізгі қадамға ақ жол тілеймін!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *