Лағынет сөздер айта көрме
“Тілің барма? дінің барма?
Лағынет сөздер айта көрме!
Жүректе иман, жаның барда”
Қиындықты жеңе біл құламағың,
Бұл жалғанда күле жүр жыламағың.
Аллаһтың берген күні құбылмалы,
Өзгереді тағдырың да сынамалы.
Тіл дегенің, қылыштан өткір білеміз,
Біл тұра тілімізге сенеміз.
Бар кисынды шешетұғын сөз ғана,
Фәрмен берсе шешетін де тіл дара.
Сен жыласаң сөз ғой сені тербететін,
Ұшқыр тіл ғой көз жасыңды көлдететін!
Бір сөз үшін дәлелдеп күйетұғын!
Тілің барда абайла сүйетұғын.
Мағыналы терең әрі жұмбақты
Бір өлеңде айтылған екен сауапты!
Баяндайын аямайын сөзімді.
Пенделер бар бұл өмірге төзімді.
Қолын жайып сәждеге барып тіл қатты!
Тілсіз жүрек Аллаһтан тіл сұрапты!
Сұм жаһанда құдайға тәубе етіңдер!
Иманды болып шүкірлікпен өтіңдер!