Бірлескен топтық жұмысты пайдалану туралы рефлексиялық есеп
Семей қаласы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Химия және жаратылыстану пәндері
оқытушысы Д.Б.Музапарова
Бірлескен топтық жұмысты пайдалану туралы рефлексиялық есеп
Мерсер және Фишер (1993) ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алуға жүктеу қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды. «Көпіршелер» – оқушыларға ЖАДА бойынша қолдау көрсету.Көпірше деп саналу үшін оқыту мен оқуда мынадай жағдайлар болу керек:
а) оқушыларға өз бетінше орындай алатын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру;
ә) оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзіреттілікке жеткізуге мақсат ету;
б) көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру (WeLLs, 1999). [САН 25бет]
Топтық жұмыстар топтағы оқушылардың әлеуметтік, танымдық, эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылыды. Білім алушылар топта команда құру арқылы мәселені бірлесіп шесе алады, жаңа идеялар тудыра алады, өз пікірлерін білдіруге, бірін-бірі бағалауға дағдыланады. Топтық жұмыс арқылы білім алушылар арасында өзара әңгімелесу, өзіне деген сенімділік қалыптасады, өзгенің пікірімен келісу байқалады. Бұл жастардың болашаққа нық сеніммен қарауына, шығармашылығын танытуға, топтық жұмыстар осы айтылған қабілеттерін шыңдауға тиімді деп айта аламын.
Тәжірибе барысында жаңа бағдарламада ұсынылған жеті модульде қарастырылған идеяларды пайдалана отырып «Бастауыш білім беру мамандығы» бойынша 31 топ білім алушыларымен жаратылыстану негіздері және дүниетану әдістемесінде бірнеше сабақтарды, оның ішінде ерекше атап өтетін «Дүниетану сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер. Түр және ұғым» тақырыбындағы сабағымды қызықты өткіздім.
Білім алушыларды әр сабақта бірлескен топтық жұмыстарға тарта отырып, толық қатыстыруға тырыстым. Топтасу барысында әр білім алушы тек бір топта ғана емес басқа топтардың құрамында да жұмыс атқарды. Оны мен топқа бөлудің әртүрлі тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырып отырдым. 31 топ білім алушыларыры өте жоғары қызығушылықпен сабаққа кірісіп кетті. Сабақ барысында әрдайым бірінші психологиялық ахуал тудырып, олардың көңіл-күйлерін көтеруге тырыстым. Сабақта бес саусақ, шаңырақ, адасқан сандар әдістерін қолдана отырып топқа бөлдім. Әр сабақта топтардың құрамының өзгеруі олардың бір-бірімен жақын, етене жұмыс істеуіне, өзін-өзі бағалауларына үлкен мүмкіндік берді. Топқа бөліну мен сергіту сәттерін топта кезекшілер тағайындалып, түрлендіруге өз үлестерін қосты.Топқа берілген тапсырмаларды топ ішінде талқылау барысында оқушы өз білгенін өзгеге түсіндіре отырып, өзгенің түсінгенін ой иелегінен өткізу арқылы пікір алмасуы, ойларын толықтыруы, жинақтауы айқын байқалып отырды. Қажетті ресурстарды қолдану арқылы берілген тапсырмаларды жетік орындауға тырысты. АҚТ қолданылды, смартфон қолдану, аудио, видео материалдарды қолдану жолға қойылды.Түрлі-түсті маркерлер, сикер, А4 форматтағы ақ қағаз, флирпчарт тақтаны тиімді пайдалана отырып, жауаптарын ауызша айтып ғана қоймай, ойларын жеткізу мақсатында қағаз бетіне түсіріп, постерлерін қорғау арқылы жеткізді. Постер қорғауда әртүрлі тәсілде қолданылды, яғни галерияға саяхат әдісі арқылы жан-жақты талқыланды. Жасаған жұмыстарын дәрісхананың өздері қалаған жеріне іліп қойды. Басқа топтардың жұмыстарын бағалауға, ой қосуға барлық топ мүшелері аралап шығып, қорғаушылардың пікірін тыңдап, өз ойларын стикерлерге жазып қолдырды. Онда ойыңа толық қосыламын(+), жартылай түсінікті (-), немесе сұрағым бар (?) деген белгілер қалдырып отырды. Топтық жұмыста барлық қатысушы белгілі бір жұмыс атқарады. Сабақ соңында кері байланыс жасалды. Өз пікірлерін бес саусақ әдісі арқылы қалдырды:
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты
Балан үйрек- маған қиын болды (ұнаған жоқ)
Ортан терек- мен үшін жеткіліксіз болды
Шылдыр шүмек- менің көңіл- күйім
Кішкентай бөбек- менің ұсыныстарым
Дәстүрлі сабақтарымды салыстырып кететін болсам, білім алушыларым жалығып отырады екен, ал топтық жұмыста жалығып отырған ешбірін байқамадым. Барлығының қызығушылығы артып, жұмыла жұмыс жасай біледі. Орташа оқитын оқушы төмен оқитын оқушыларымен ойларын бөліссе, ал дарынды балалар орташа оқитын оқушыларға кеңес бағыт бере отыра көмек қолдарын соза білді.Сабақ соңында ризашылықтарын білдіріп кеткенде өзімнің мақсатқа жеткендігімді сезіндім.