Гидросфера және оның құрамдас бөлігі

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Жұмбақтар әлемінде».
Жұмбақтың шешімін тауып бүгінгі жаңа сабақ тақырыбын ашамын.
1. Қара таудай буралар,
Қара бұйра шудалар
Бура жерге шөгеді:
Бұлау терін төгеді.
(Бұлт пен жаңбыр)
2. Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады (қар)
3. Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна (көл)
4. Қыста шыны боп қатады
Жылыда су болып жатады (мұз)
5. Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды
Сақтамасақ егерде
Барлық тірлік тоқтайды
Бұл не? (су)
6. Күн астында көк шұбар
Одан асау жоқ шығар
Жарытпайды қоныстап
Тұра алмайсың оны ұстап (өзен)
Балалар жұмбақтардың шешімінің барлығы немен байланысты, (оқушы жауабы: « су») дұрыс сумен. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымызда Жердің су қабығы – Гидросфера.
Енді оқушылар жаңа сабағымызды бастамас бұрын,
«Дүниежүзілік су айналымы» бейне көрсетілім тамашалайық.
Мұхит, өзен көл жер асты, батпақ сулары және мұздақтар мен атмосферадағы су булары – жердің су қабығы гидросфераны құрайды. ( грек сөзінен аударсақ гидро – су ). Бүкіл шамамен гидросферадағы судың қоры
(70 – 71 %) мұхит және теңіз сулары.
Гидросфераның құрамдас бөліктері: мұхиттар, өзендер, көлдер, теңіздер, жер асты сулары, шығанақтар, бұғаздар, батпақтар, еспе сулар жатады
Су: газ сутегі мен оттегінің қосылуынан пайда болған бірғана сұйықтық.
Су – бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөліктері.
Гидросфераның негізгі бөлігін 1322 млн км3 дүниежүзілік мұхиттың тұзды суы, 38 млн км3 – ын тұщы су.
Судың қасиеттері: Су – сұйық, қатты, газ күйінде болады.
Сұйық күйі: көлдер, өзендер, теңіздер, мұхиттар.
Газ күйінде: тұман, көзге көрінбейтін ұсақ су тамшылары.
Қатты күйі: мұз, қар, қылау, қырау, бұршақ
Судың басқа заттардан айырмашылығы: су суығанда ұлғаяды және судың қатты күйі жеңіл болады. Сондықтанда мұз суға батпайды. Судың еріткіштік, емдік қасиеттері бар. Су жарық береді. Энергияның көзі.
Су – тіршілік үшін ғана емес тазалық үшін де өте қажет.
Зауыт, фабрикалар сумен жұмыс істейді.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *