Ойын элементтерін ағылшын оқу іс- әрекетінде қолдану
Ақ ерке» балабақшасының тәрбиешісі: Омарова Улбосын
Қарағанды қаласы
Ойын элементтерін ағылшын оқу іс- әрекетінде қолдану
Көптілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы.Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет.
Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы ерте жаста бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімділігін арттырады. [1]
Оқытудың ойын әдісі өте пайдалы болып келеді, өйткені балаларды ой еңбегіне бірте-бірте үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің кеңінен қолданылуы ойынның бала қуанышының көзі ретінде ғана айқындалмайды, сонымен қатар ол оқыту міндеттерін шешудің ең негізгі жолы болып табылады.Ойындарды мектепке дейінгі балаларының оқу-іс-әрекеттеріде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Тәрбиеші ойындарды сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар балалардың сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек. Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін тәрбиеші алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:
- Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
- Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
- Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;
- Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
- Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы; [2]
Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, дидактикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады.
Сонымен қатар мен өз тобымның балаларымен ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру үшін ойын түрлерін, сергіту сәттерін, амандасу, қоштасу, санамақтарды балалармен бірлесе отырып жаттап және күнделікті іс- әрекетімде қолданамын.
Қызықты ойындардан кейін балалар тез серігіп, тапсырманы зор ықыласпен орындап, тәрбиешімен бірге қайталайды. Мысалы:
The Family (саусақтармен ойын)
This is our mother,
This is our feather,
This is our brother tall,
This is our sister,
This is our body,
Oh, how we love then all! [3]
The Finger Family (саусақтармен ойын)
Daddy finger2
Where are you?
Here I am, here I am.
How do you do?
Mommy finger2
Where are you?
Here I am, here I am.
How do you do?
Sister, brother, baby finger2
Where are you?
Here I am, here I am.
How do you do? [3]
Eat – don’t eat
Мақсаты: Заттарды топтастыра білуге үйрету. Заттардың атауларын ағылшын тілінде атауды бекіту. Белсенді сөздікті дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға заттардың атын атайды. Балалар сол заттарды «жеуге болады-жеуге болмайды» деп топқа бөліп ажыратады. Ойынды бір-біріне допты лақтырып ойнауға болады.
алма – an apple
нан – a break
қияр – a cucember
мәшине – a car
кітап – a book.[3]
“Let’s fly” ойыны
“Parts of the body” тақырыбын өткенде балаларға жаңа сөздерді меңгерту үшін “Let’s fly” ойынын ойнатуға болады. Бұл ойында оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын екі жаққа көтеріп құс тәрізді ұшады, бірге let’s fly, fly, fly деп айтады. Мұғалім “nose” деген сөзді естігенде мұрындарын ұстау керек. Қателескен немесе сөзді білмеген бала ойыннан шығады. Сол сияқты “face, head, hand…”. Ойын нәтижесінде балалар жаңа сөздерді тез меңгереді.[3]
Бұл ойындарды ойнау барысындағы алдыма қойған мақсатым, балалардың ақыл- ой белсенділігін қалыптастыруда алған білімдерін тереңдете түсу. Бұл ойындар балалардың оқу іс- әрекетінде, олардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын оятып, ынта ықылас қоюына баулиды және балалардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады.
Ойын ұғымына түсінік беретін болсам, бұл баланың мінез- құлқына, өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір- біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан да, осы ойындарды күнделікті балалармен бірге қайталап, ойнап отыруға тырысамын.
Балабақшада берілген барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету. Ағылшын тілі сабағында балалардын коммуникативтік, танымдық және басқада белсенділіктерін арттыру, баланың еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысына көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
- Құлжанова.Н. Ойын мақсатын талдау және ойын мәні// – 2001.
- Кадыргалиева С.И. Есбергенова Г. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқыту. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. 2011 ж.
- Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы. Әдістемелік құрал. Астана. 2013ж.