Қазтуған жырау. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
Акымбекова Гулзада Додаевна
Күні: | Пән: қазақ әдебиеті
|
Сынып : 7 «Ә» | |||||||||
Тексерілді: | Пән мұғалімі: Акымбекова Гулзада Додаевна | Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||||||
1- Бөлім: Көне күндерден жеткен жәдігерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» |
|||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.
7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау |
||||||||||
Сабақ мақсаттары:
|
Оқушылардың барлығы орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||||||
Құндылықтар-
ды игеру |
Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы
|
||||||||||
Бағалау критерийлері | Жетістік критерийі:
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Жырдың негізгі идеясы мен тақырыбына сипаттама бере алады. |
||||||||||
Тілдік мақсат: | Оқушылар орындай алады:кейіпкер бейнесін суреттей алады,іс-әрекеттері арқылы образдық талдау жасайды,мәтіннен дәлелдемелер келтіреді,тілдік бірліктерді қолданады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: монолог,жыр,жыршы,толғау,риторикалық сұрау. |
||||||||||
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және интербелсенді тақта, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | ||||||||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. | ||||||||||
Алдыңғы оқу | Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім» | ||||||||||
Сабақтың жоспары | |||||||||||
Жоспарлан-ғануақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Дереккөздер/
ресурстар |
|||||||||
Сабақтың басы | 1.Оқушылармен амандасу.Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.
2.Топтарға бөлу. Оқушылар үштопқа бөлінеді. Алдыңғы оқу: Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім» |
Қима қағаздар
маркерлер 1-топ.Еділ 2-топ.Жайық 3-топ.Ойыл |
|||||||||
Сабақтың ортасы
|
Кіріспе.Ойқозғау
Білу және түсіну. Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан. Мұсылман мен кәпірдің, Арасын бұзып,дінді ашқан. Сүйінішұлы Қазтуған. Қазтуған жыраудың «Туған жермен қоштасу» толғауы Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) – мырза, батыр, жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы. Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Аджи атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдоллаұлы (орыс деректерінде – Сююнча Абдулов) Еділ бойында өмір сүрген, кейін Кубань жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жартысында жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мемлекеттік архивінің көне актілер жөніндегі бөлімінің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлысының 1660 жылдарға дейінгі деректері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би – Нұраддин – Уаққас – Мұса – Ысмайыл би – Дінбай би – Тінікей – Абдолла – Сүйініш – Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ билеушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшыларының алдына барып, орыс-қалмақ келісіміне қол қойып, аманат сарайындағы ноғайдың жас мырзасын босатуды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайларының мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдындағы абыройлы істерін еске салды. Алайда, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске кабардин князі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі хабарлайтынын айтып, қалмақ делегациясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Кубаньға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Кубаньның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады.
Балалар, қоныс деген сөзді қалай түсініп жүрміз? Қоныстың ата-бабаларымыз үшін қаншалықты маңызды болғанын білгілерің келе ме? Олай болса,жырды тыңдайық. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» жырымен таныстыру. Тірек сөздер Қоныс Еділ Жайық Ойыл Қала қалмақ Жырдың негізгі идеясы мен тақырыбына сипаттама беріңдер.
Әдебиет теориясы. Монолог-кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі,толғанысы. Еділді қоныс етпеңіз, Жағалай қалмақ алады. Жайықты қоныс етпеңіз, Сыдыра біткен көкжиек, Кәпірлер қала салады.
І. Жазылым тапсырмасы. Топтық жұмыс.
1-топ. Қазтуған жыраудың монологін диалогке айналдырып,сұрақ-жауап түрінде жеткізуге тырысыңыздар. 2-топ. Жырда кездесетін жер-су атауларын тауып жазыңыздар. 3-топ. Қазтуған бейнесіне портреттік сипаттама беріңдер.
Жетістік критерийлері
|
Оқулық,интер белсенді тақта,
мәтіндер.
Бас бармақ арқылы әр топ бір-бірін бағалайды.
|
|||||||||
ІІ. Тыңдалым тапсырмасы. Топтық жұмыс.
Әдіс-тәсілдер: «Төрт сөйлем», «Балық қаңқасы» , «Сөз маржан» 1-топ. «Төрт сөйлем» тәсілі 1.Пікір. Тыңалған үзіндіден кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізіңдер. 2.Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді. 3.Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып,мысал келтіреді. 4.Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды шығарады. Өзара бағлау. 2-топ. «Балық қаңқасы» (Фишбоун) әдісі Тыңдалған үзіндіге ат қойыңдар. Не үшін олай атағандарыңызды түсіндіріңіздер. Қазтуған жыраудың қайғылануына себеп болған жағдайларды «Балық қаңқасы» әдісі бойынша дәлелдей отырып баяндаңыздар.
3-топ. «Сөз маржан» әдісі Сөздікпен жұмыс. Ебей,бидайық,құрық,сырық,мауыты,мұшақат сөздеріне түсініктеме беріңдер.
Дескрипторлар 1.Тыңдалған үзіндіден кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізе алады. 2.Пікірін тарихпен байланыстырып,мысал келтіре алады. 3.Тыңдалған үзіндіге ат қойып,жыраудың қайғылануына себеп болған жағдайларды баяндай алады. 4.Сөздікпен жұмыс жасап, берілген сөздерге түсініктеме береді.
ІІІ. Топтық жұмыс.
Үш топқа , Қазтуған жыраудың атақонысымен қоштасуына себеп болған жағдайларды Еділді алса,елді алар. Енді алмаған не қалар? Жайықты алса,жанды алар, Жанды алған соң не қалар? Ойылды алса,ойды алар, Ойлашы сонда не қалар?-деген жолдардағы автор сұрағының кімге бағытталып отырғанын анықтайық. 1-топ Еділ 2-топ Жайық 3-топ Ойыл
Дескрипторлар 1. Қазтуған жыраудың атақонысымен қоштасуына себеп болған жағдайларды анықтайды. 2. Автор сұрағының кімге бағытталып отырғанын анықтай алады.
IY.Жазылым тапсырмалары:
1.Қазтуған жыраудың «Қайран да менің Еділім» толғауын (Бекболат Тілеухановтың орындауында ) тыңдап «Мен –Қарғабойлы Қазтуған» атты тақырыпта шағын мінездеме-шығарма жазайық. 2.»Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»жыры негізінде жұбымызбен бірлесіп, «Қазтуған жырау» және «Оқырман» кейпіне ене отырып,төмендегі үлгіге сәйкес диалог жасайық. Үлгі: Оқырман: –Сіздің жырыңызда кездесетін «Ноғайлы,қазақ жұртымның..» деген жолдарындағы ноғайлы деген кімдер? Қазтуған жырау: –Бұл уақытта қазақ пен ноғай халықтарының түрі мен тамыры да бір болғаны белгілі.Сондықтан да олардың кескін-келбеттері мен мінез-құлықтары да,әдет-ғұрыптары мен тұрмыстары да,ішкен астары мен киімдері де,тіпті сөйлеген сөздерінде де айырма болған жоқ еді. Шоқан Уәлиханов ноғай мен қазақты туысқан халықтар деп сипаттаған. Дескрипторлар: 1. Толғауды тыңдап,шағын мінездеме-шығарма жаза алады. 2. Үлгіге сәйкес диалог жасай алады. |
«Бағдаршам» әдісі арқылы әр топ бір- бірін бағалайды.
Бағалау Жарайсыңдар! Бәрекелді!
Интербелсенді тақтадан ән тыңдау
Қалыптастыру шы бағалау
Өте тамаша! Бәрекелді! Жарайсыңдар! |
||||||||||
Сабақтың соңы
Кері байланыс
|
Үйге тапсырма: Жырдан үзінді жаттау,10-тапсырма ( 55-бет) жазбаша орындау.
Ой қорытыу БББ кестесі
«Білім қоржыны» кері байланыс
|
Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады |
|||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сізқабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманыкүрделендіруді қалайжоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс
|
|||||||||
· | · | · | |||||||||
Рефлексия
Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім Мен өз жоспарыма қандай түзетулеренгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабағым жоспарланған мақсатына жетті деп ойлаймын. Тапсырмалар тақырыпқа сәйкес болды. Уақытты тиімді пайдаландым.
|
||||||||||
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|