Балаларды геометриялық пішіндермен таныстыру
Шәкібек Айдана Нұрланқызы
Білім беру саласы: Таным,қатынас,әлеуметтік орта.
Бөлімі : Сенсорика
Мақсаты : Балаларды геометриялық пішіндермен таныстыру,пішіндердің көлемін салыстыра білуге үйрету,аңдардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге қалыптастыру.
Әдәс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: ғажайып қалта,түрлі ойыншықтар,пішіндер,ұяшықтар.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық қозғау |
Шаттық шеңбері
Бір ,екі,үш Бойға жинап күш Кәне біздің басымыз Кәне біздің көзіміз Кәне біздің мұрнымыз Кәне біздің қолымыз Кәне біздің аяғымыз
|
Шаттық шеңберін қимылмен орындады |
Ізденіс-ұйымдастырушылық |
Ғажайып сәт: Қуыршақ Іңкәрдің қонаққа келуі.
-Сәлеметсіңдер ме балалар.Менің сендермен ойын ойнағым келіп топтарыңа қыдырып келдім. (қуыршақ ойыншықтарды шашып ойнай бастайды.) Тәрбиеші:Іңкәр сен неге ойыншықтарды шашып жатсың. Іңкәр: Мен ойын ойнап жатырмын. Тәрбиеші : Балалар барлығымыз Іңкәрға мұнараны жинауға көмектесейік.Мұнараны үлкенінен кішісіне қарай жинауымыз керек. Ал балалар сендереге көп рахмет.Енді орнымызға жайғасып қызықты тапсырмалар орындайық.
Тапсырма : Балаларға пішіндерді түсіндіріп өту.Балалар енді осы пішіндерді өз үйлеріне орналастырып шығайық.
Балалар сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар.Енді сендермен Іңкәр екеуміз қызықты бір ойын ойнайық.Ойынның аты «Ғажайып қалта» деп аталады.
Дидактикалық ойын : «Ғажайып қалта» Шарты : Балалар қалта ішіндегі жануарларды атап,дауыстарын дыбыстап шығару.
|
Сәлеметсіз бе? деп амандасты. Қуыршақты қуана қарсы алды
Қуыршақтың ойыншықтарын жинауға көмектесті.
Тапсыраларды түсіне таңдап,дұрыс орындауға талаптанды.
Ойынды қызыға ойнап,жануарлардың дыбысын дыбыстай алды. |
Рефлексивті түзету |
-Балалар сендерге көп рахмет.
Тапсырмалардың барлығын дұрыс орындадыңдар. -Балалар біз қандай пішіндермен таныстық? – Қандай жануарлардың дыбысын дыбыстадық? |
Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысты |
Күтілетін нәтиже
Біледі:Жануарлардың түрін.
Игереді:Жануарлардың дыбыстарын дыбыстауды.
Қолданады: Пішіндерді ұяшықтарға орналастыруды