Табиғат бұрышындағы құстар
Еркінқызы Айымжан
Тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы құстар»
Мақсаты:Балаларды жанды табиғаттың бірі құстармен таныстыру.Сөздік қорларын «Құстың жүні, қанаты» деген сөздермен таныстыру. Құстарға қамқорлық танытуға үйрету. Балалардың саусақ қол маторикасын дамыту.
Сөздік жұмыс: қанаты, ұя, жүні, тұмсық.
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, тордағы кептерлер, суреттер, трафареть, үнтаспа.
Әдіс- тәсілдері: АКТ технологиясы, триз технологиясы, Воскобовичтің ойындары, сұрақ жауап.
Билингвалды компонент:Құстар-птицы, табиғат бұрышы- уголок отдыха, тұмсық- кльюв, қанаттар- крылья.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың жауабы |
Мотивациялық қозғаушылық
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті – түзетушілік
|
– Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біздің оқу қызметімізге қоноқтар келіпті.
– Олай болса қоноқтарға сәлемдесейік Шаттық шеңбері Бәріміз енді тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Жақсы-жақсы сөздерді, Қонақтарға сыйлайық.
Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз.
-Жарайсыңдар, балалар!
(Тақтамен жұмыс) Жыл мезгілдеріне тоқталу Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады:
Дұрыс айтасыңдар балалар! Қыс мезгілінде көптеген өзгерістер болады екен. (Үнтаспадан музыка әуені шығады) Балалар мынау ненің дыбысы?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар! Балалар, бұл дыбыстарды жалпы айтқанда табиғат дыбыстары деп атайды.т Олай болса, бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы « Табиғат бұрышындағы құстар». Енді барлығымыз орнымыздан тұрып табиғат аясына барайық. ( Балалар табиғат аясына музыка әуенімен келеді) Балалар қараңдаршы, жан-жағымыздан нелер көріп тұрсыңдар.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар! -Мына талдың арасында тұрған не? -Ұяның ішінде не бар екен?
-Мына құс қырғауыл деп аталады. Келесі құс сауысқан. Қырғауыл мен сауысқан суыққа да, ыстыққада төзімді құстардың бірі. Балалар, сендер бұдан басқа қандай құстардың түрлерін білесіңдер.
-Жарайсыңдар, балалар! Балалар біз білмейтін көптеген құстардың түрлері болады. Құстардың тұмсығы ұзын болады. Құстар қанаттары арқылы ұшады, құстардың пайдасы көп. Олар талдардың жәндіктерін жеу арқылы қоректенеді. Құстың қауырсынынан мамық жастық жасауға болады. Құстарды қорғай білуіміз керек. Балалар біздің табиғат аясынан қайтуымыз керек. (Музыка әуенімен топқа оралу)
Слайдпен жұмыс -Балалар енді теледидарға назар аударайық. -Мынау табиғат бейнесі. -Құстардың суреті. -Ал мынау құстың тұмсығы мен қанаты.
Енді осы сөздерді орысша қайталап айтайық. Құстар-птицы, табиғат бұрышы- уголок отдыха, тұмсық- кльюв, қанаттар- крылья.
Ғажайып сәт: (Топқа құсшы кіреді) Саламатсыңдар ма балалар ! Мен құстарды асырайтын құс бегімен. Ормандарда, тоғайларда құстарды бағамын. Мен сендерге құстарды таныстыруға келдім. -Балалар, бұл құстар кептер деп аталады. Кептерлердің екі түрі болады. Асыранды кептер және жабайы кептер.
Сергіту сәті: Құстар қанат қағады, Көкке самғап барады. Барлық құстар қосылып, Шиқ-шиқ деп ән салады.
Енді балалар бәріміз дамытушы орталықтарда жұмыс жасайық. 1-топ: Трафаретпен жұмыс. Құстың бейнесін салып шығады. 2-топ:Триз технологиясы арқылы үй және дала құстарын ажырату. 3-топ: Воскобович арқылы табиғат көрінісін жасау. Балалардың жұмыстарын мадақтау көрмеге апару. Құс бегі балалармен қоштасып шығып кетеді. Балалар бүгін біз қайда бардық? Табиғат аясында нелермен таныстық? Бүгін бізге кім қонаққа кім келді? Құсбегі қандай құстармен таныстырды?
Жарайсыңдар, балалар! Балалар сендер бүгін гі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Қонақтармен қоштасайық. |
Қыс мезгілі Күн суытады, қар жауады, құстардың бәрі жылы жақа ұшып кетеді.
Құстардың дыбысы
Желдің дыбысы
Әдемі талдарды, құстардың ұясын көріп тұрмыз
Құстың ұясын көріп тұрмыз. Ұяның ішінде жұмыртқалар бар.
Қарға, торғай, кептер, үйрек…
Балалар қимыл қозғалыс арқылы жасайды.
Табиғат аясына Құстармен Құсшы Асыранды және жабайы құстармен.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: құстардың дене мүшелерін
Нені игереді: құстардың тіршілігі туралы
Нені білу керек: құстардың түрлерін