Онсыз да өмір аз ғана…

Сейтжапар Елнария
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

«Бақыттылар байқамайды уақытты,

Әлсін-әлсін сағатыңа қарама» – десе де, жаңа ғасыр, жаңа заманда уақытты есептемеу үлкен қателік. Уақыт та бір жаратылыс, ұсталынбайтын, көрінбейтін, өзегіңді өртеп, бармағыңды тістететін, жанарыңды жайнатып, бақытты қылатын. Кез келген кеудесінде жаны бар тіршілік иесі де және  қолданыстағы барлық затарға да  санаулы уақыт берілген. Сізге де, маған да. Қамшының сабындай ғана қысқа, бес күндік фәниде жақсылық жасаудан жалықпай, барға тәубе, жоққа сабыр етіп, адалдықтың ала жібін аттамай, біреудің бақытына балта шаппай өмір сүруге кім кедергі!? Адамы адалдығы үшін ұялатын аялақ ғасырда өз қара басыңыз бен пайдаңызды ғана ойламай, ар аттамауды басты мұра етіп, «Құраным – қасиетім» деп, Тәңірге бас иіп, жесірді жылатпай, жетімді жалғысыратпай, асфальт пен әжетхананы шақалақтарға толтырмай, балалар мен қарттар үйін болдырмай, жақсы болып көрінуді мақсат етпей,  ата-ана үмітін ақтап, бұл өмірде жақсылықпен  неге тіршілік етпеске?!

Бір немесе бірнеше рет асудан аспаса сағы сынатындар қаншама? Жаратқан Алла он сегіз мың ғаламды жаратты. Қанша ғаламшар, қанша халық, қанша ұлт, қанша тіршілк иесі? Енді ойлаңызшы, үлкен әлемде сіздің қиындығыңызды қиындық деуге болады ма?!

Бір рет қана берілген мүмкіндік, бір рет қана сүретін өмір, әділетсіздік пен зұлымдықты жеңу жолында жалғанға да жол беріңіз, тек адами қасиетіңізден айырылмаңыз!  Өз еркіндігіңіздің қожайыны, арыңыздың құлы болып, бүйрегіңіздің мейірімділікке бұрып тұрғаны, көңіліңіздің Сарыарқадай кең болуының несі айып?!

«Адамның келте өмірін,

Жұлдыз бен жердің

Қашықтығынан жаратса.» – деген екен өнерді биік қойған халық ақыны Мұқағали атамыз.

Өмір бұл өлшемнен де ұзын, тек әр сәтті бағалай біліңіз.  Жақсылықта, жамандық атауын білмей, махаббат пен әділдік билеген кезеңде игі іс жасап ғұмыр кешейік. Онсыз да ғұмыр аз ғана…

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *