«Көкөністер мен жемістер туралы ертегі»
Білім беру саласы: Коммуникация Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Драма Күні: 19.11.2018 Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер туралы ертегі» Мақсаты: Білімділігі: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу; дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Дамытушылығы: интонацияларды ажырата алу және оларды айту, тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау. Тәрбиелігі: өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу, басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу. Көптілділік: дәрумен – витамин – vitamin, жеміс – фрукты – fruit, көгөніс – овощ – vegetable
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Іздену- ұйымдастыру
Рефлексифті– коррекциялау Шаттық шеңбері
Кел, балалар, қанекей Парақтайық әліпби. Талай қызық күтуде, Бәрімізді әлемде. Жалықпа сен, жалықпа Оқы, тоқы арманда. Бәрін білген балаға, Жақын болар алыста. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
– Дұрыс, Күз мезгілінде неше ай бар? Осы күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Абай Құнанбаев «Күз» өлеңі
Бейне тақтаға назар аударайық. Біз нелерді көріп, тамашаладық?
-Олай болса біздің бүгінгі тақырыбымыз жомарт күздің сыйы «Көкөністер мен жемістер» туралы ертегі болмақ.
–
Алдымен кітабымызды ашайық. Бұл сабақтан бізге көмекке кімдер келетін еді?
-Бүгін балалар, сол Айсұлу мен Қуаныштың тапсырмаларын орындай отырып, ертегімізбен танысамыз. Алдымен бейнеленген мультфильм кейпіндегі көкөністер мен жемістерді тауып атап көрейікші.
-Бұлардың адамға қандай пайдасы бар, білеміз бе?
-Олар дәрумендерге бай.Көкөністер мен жемістерді көп жесек денсаулығымыз мықты болады, ауырмаймыз.
-Балалар көкөністер қайда өседі?
-Жемістер ше?
-Көкөністермен жемістердің атауын үш тілде айтайық
-Балалар енді бір сергіп алайықшы.
Сергіту сәті:
«Бала бала балақан»
-Балалар, бізге Айсұлу мен Қуаныш күзгі сиқырлы сандықша жіберген екен, міне, бірақ ашылмайды. Айсұлудың дауысы:
Балалар, алдымен менің шартым бар соны орындайық.
-Ол қандай шарт?
Айсұлудың 1 тапсырмасы
-Көкөністер пайдасы туралы не білесіңдер?
-Білеміз бе?
Айсұлудың 2 тапсырмасы
-Жемістер туралы не айта аласыңдар?
-Әрине, бұл туралы да біледі, балалар.
Айсұлудың дауысы:
-Тамаша, сендерге риза болдым, балалар.
Қуаныш дауысы:
-Балалар, актёр сахнада өзін қалай ұстауы керек?
-Олай болса, бірге жаттығу жасайық
-Керемет, балалар сендерге ризамын. Сиқырлы сандықшамды тамашалауға болады.
-Алақай, күзгі сандық ашылды. Ішінде не бар екен. Қандай тамаша, өнімдер екен! Мінекей, балалар Қуаныш пен Айсұлудың жіберген өнімдері ертегіні бізге тыңдауға мүмкіндік берді.
«Көкөністер мен жемістер дауы» ертегісі.
Бақшашы: Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: Сәбіз, бұршақ, шалқанда, өрік пенен алмұртта, қып – қызыл піскен қызанақ, қырыққабатқа қарашы!
Тәрбиеші: Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Көкөністер:- Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.
Бұршақ: Ибрахим Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдармен
Сый жасаймын бәріне
Тәрбиеші: Ызаланғаннан қызылша қып – қызыл болып кетті.
Қызылша: Гүлнара Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегрете үстелде
Тәрбиеші: сөзге қырыққабат араласты. Қырыққабат: Нұрсұлу Мақтанғаннан не пайда
Менсіз дәмді щи қайда
Мені қосса самсаға
Жейді бәрі тамсана
Тәрбиеші: жеміс шырыны алмаға тіл бітті. Алма: Жансұлу Нарттай қызыл алмамын, Мәз болады алғандар. Жазда әдемі киінем, Тілді балдай үйірем.
Тәрбиеші: Қияр үндемей тұра алмады. Қияр: Айса Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Тәрбиеші: Сөзге шалқан кірісті.
Шалқан: Інжу Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таңғалды.
Бәріне сый боламын.
Тауып көр менен дарханды!
Тәрбиеші: бойын көтерген сәбізде өз ойын білдірді. Сәбіз: Аружан Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Тәрбиеші: алмұртта өз ойын айтуға тырысты.
Алмұрт: Линда Мен алмұртпын, алмұртпын. Күзде жинап алатын, Балбыраған біреуін Жесең тойып қалатын
Тәрбиеші: тыңдап тұрған қызанақ, шыдап тұра алмады.
Қызанақ: Қарақат Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Тәрбиеші: бұл кезде пияз қалай шыдасын
Пияз: Інжу Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық – барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Тәрбиеші: Өрікке де тіл бітті.
Өрік: Айша
Көктемде ерте гүлдеймін, Кешігуді білмеймін. Уылжыған өрікпін, Бау-бақшаға көрікпін.
Тәрбиеші: бұл сөздер қауын мен қарбызға ұнай қоймады
Қарбыз: Айым Көрсең егер бақшада, Доп екен деп қалмағын. Шөл қандырар қарбызбын, Ерте үзіп алмағын.
Қауын: Адия
Иісім жұпар аңқыған, Бақшадағы шырынмын. Жеп көргендер тамсанған, Балдай тәтті қауынмын.
Тәрбиеші: бәрін тыңдаған анар әрі қарай сөз жалғады
Анар: Айша Мен тәп-тәтті анармын,
Мен емеспін мақтанар
Барлық-барлық адамға, Тиер менің көп пайдам!
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.
Көкөністер: – Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Тәрбиеші: Көкөністе, жемісте,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
-Балалар, осы көкөністер мен жемістер туралы жұмбақ білеміз бе?
-Өте жақсы, балалар кітаптың келесі бетіндегі тапсырмаға назар аударайық.
-Көкөністер мен жемістерге дене мүшелерін салып, мультфильм кейіпіне айналдырамыз.
-Мінекей, балалар бүгінгі оқу қызметі драмадан қандай ертегімен таныстық?
-Олардың адамға пайдасы барма екен?
-Олай болса, бүгінгі оқу қызметімізді көңіл күй бейнелерін көтеріп, бағалап жіберейік.
Ал бүгінгі оқу қызметінде өте жақсы кейіпкерлерге көңіл күй мадақтамасы бар. Әнге қосылып, қимылмен көрсетеді.
Күз мезгілі.
3 ай бар.
Күзде күн суыта бастайды. Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. айнала сап сары алтындай түске енеді, Аспанды сұр бұлт басады, жаңбыр жиі жауады, күн қысқарып, түн ұзарады.
Айсұлу мен Қуаныш
Әліппе дәптер
Қызанақ, асқабақ, шалғам, пияз, шие.
Көкөністерде дәрумендер мол болады
Бақшада.
Бақта
дәрумен – витамин – vitamin, жемістер – фрукты – fruit, көгөністер – овощи – vegetable
Көкөністер пайдасы туралы Асқабақ әңгімелеп береді.
Жемістер пайдасы туралыАлма әңгімелеп береді.
Өздерін еркін ұстайды. Өз кейіпкері бейнесіне еніп, рөлдерді тамаша сомдап шығуға тырысуы керек.
Ша-ша-ша, Есік алды бақша. Із-із-із, Бақшадағы сәбіз. Ет-ет-ет, Алма толы себет.
Баяу музыка қойылады
Көк ала костюм киеді, Күннің көзін сүйеді. Ол не? (қарбыз)
Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады (Алма)
Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. Ол не? (пияз)
Доптар жатыр желісі бар, Қабат-қабат терісі бар. (Капуста)
«Көкөністер мен жемістер» туралы ертегі
Дәрумендерге бай
1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.
2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.