Спорт -денсаулық кепілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
3-бөлім «Уақыт»

Күні: 21.11 Мұғалім: Жулаева А.А.
Класс: 3 Б
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Спорт – денсаулық кепілі!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.4.2 Спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандайда бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау
Сабақ мақсаттары Оқушылар
– Спорт түрлерін топтастыра алады;
– Спорттың белгілі бір түрін өзіне сай таңдай алады;
Бағалау критерийлері • Қазақстанның спорттағы жетістіктеріне мысал келтіреді;
• Спортты 2 түріне қарай топтастырады: қысқы және жазғы;
• Спорттың өзіне қолайлы түрін таңдап, негіздейді.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
• Спорт түрлерін сипаттайды;
• Қолайлы спорт түрін таңдау жайлы пайымдайды;
Терминология:
• Спорт түрлері
Талқылауға арналған сұрақтар:
– Спорттың қандай түрлерінен Қазақстандық спортшылар олимпиада шыңын бағындырды ?
Жазуға берілетін тапсырма:
• спорт түрлерін саралау
Құндылықтарды дарыту Салауатты өмір салтын сақтану өзіне қолайлы спорт түрін таңдап шұғылдануға қадам жасау арқылы көрінеді. Патриотизмді дамыту елімізді әлемге танытқан спортшылар үшін мақтану сезімін тудыру арқылы жүзеге асады.
Пәнаралық байланыстар Математика: уақыт өлшем бірліктері (минут/секунд).
Информатика: ақпараттармен жұмыс.
Алдыңғы меңгерілген білім Оқушылардың салауатты өмір салтын сақтану маңыздылығы туралы түсініктері бар. Спорт ұғымымен таныс. Кейбір спорт түрлерін атап, сиппаттай алады.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
0-5

6-7

Тренинг шапшандық. Шеңберге тұрамыз.
Шырақты айналдырған сайын уақыт белгілеу
бір -біріне ынтымақтастық,татулық жанашарлықта болу. Шырақ (факелді) бір -біріне береді ,соңғы оқушыға келгенде тоқта бұйрығы беріледі.Қанша секундтта тоқтады сол жазылады.Екінші,үшінші айналым секунды жазылады.Жұмыстада осылай жасау керек осындай ынтымақтастықта болуларыңыз керек.Ауызбіршілік,шапшандық бір –бірімізді тыңдау болды.Мінекей бүгінгі сабағымызда осындай ауызбіршілікте ынтымақтастықта өтсін.
Топқа бөліну.
Енді бір бір алаудан ала қойыңдар.
1- топ. Бокс 1.Г. Головкин
2. ринг
3. қолғап
4. бокстасып жатқан адам
5. бас киімі
2-топ. Күрес. 1.Қажымұқан
2. мат
3.борцовка
4.кемано қаақша күрес
5.күресіп жатқан адам
3-топ.Мәнерлеп сырғанау.
1.Денис Тен
2. коньки
3.мұз айдыны
4.сырғанаушы суреті
5.көйлек
4-топ. Ауыр атлетика
1.Зульфия
2.штанга
3.штанга көтеріп тұрған адам.
4.штанг дискісі
Сурет бойынша жұмыс.
Спортшының, нәрестенің, мектеп жасындағы семіздікке ұшыраған баланың және осы баламен қарайлас жаттығу жасап тұрған спортпен айналысатын баланың суреттері беріледі. Суреттерді бір-бірімен байланыстыра отырып, өз ойларын білдіру.

-Топта ақылдаса отырып, өз ойлары нақты жеткізеді.
-«Спорт-денсаулық кепілі» екенін дәлелдейді.
1. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
– Спорт түрлерін топтастыру;
– Спорттың белгілі бір түрін өзіне сай таңдай алу.
Таратпа қағаз

Әдістемелік нұсқаулыққа
қараңыз

Слайд №3
Сабақ ортасы
8-18

19-28

29-35

2. «Спорт түрлері» тапсырмасы (топта)
Әрбір топқа бір спорт түрі бейнеленген суреттер таратылады.
Сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:
– Суреттегі спорт түрін атаңыз.
– Суреттер қандай қағидаға сүйеніп топтастырылған деп ойлайсыңдар?
– Қысқы және жазғы спорт түрлері арасындағы айырмашылық қандай?
– Әр топ сұрақтарға жауап бергеннен кейін өздерінің суреттерін қысқы және жазғы спорт түрлері деп жазылған плакатқа желімдейді.

ҚЫСҚЫ спорт түрлері ЖАЗҒЫ спорт түрлері

Оқушылар пікірталас барысында барлық спорт түрлері Олимпиадалық болып табылады деген қорытындыға келеді. Бағалау критерийлері:
• Спортты 2 түріне қарай топтастырады.

Сергіту сәті. «Спорт» әні.
Жаттығу жасау мойынға,иыққа,қолға,белге,тізеге,және аяққа.
Мұғалім оқулықтағы «Сіз білесіз бе?» айдарындағы ақпаратпен таныстырады (31-бет).
1. «Сен білесің бе?» тапсырмасына қосымша
Олимпиада ойындарының тарихы
Олимпиада ойындарының тарихы Ежелгі Грекияда басталып дамыған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Біраз уақыттан кейін гректерге олимпиада ойындарының бірыңғай күнтізбесін бекіту идеясы келді. Ойынды әр төрт жылда астық пен жүзім жинау арасында үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды. Гректер спортты ең бірінші күнделікті тұрмыс тіршілігінің бір бөлігіне айналдырған ұлт өкілі болып саналады Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетіледі.
Қазақстандағы танымал спорт түрлері:
-Қазақстандағы олимпиада шыңын бағындырған көшбасшы спорт түрлері (бокс, ауыр атлетика, күрес).
– Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
-Ұлттық спорт түрлері («Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Көкпар», «Қазақша күрес», «Қыз қуу», «Жорға», « Жаяу жарыс».
3. «Менің елімнің чемпиондары» тапсырмасы (жеке, жұппен, топта)
Оқушыларға еліміздің спортшыларының олимпиада ойындарындағы жетісіктері туралы бейнерепортажды көрсету ұсынылады.
Тақырыбы: «Бассейнге ем іздеп келіп, Олимпиада чемпионы болған Баландин»
Оқушылар видеорепортаж мазмұнын талдайды.
Тірек сөздер тарату.
1 топ .Ұран,жүзу,спорт,Баландин мақтанышы.
2 топ. Күшті, ел намысы,көк ту,жанкүйер,жаттығу
3 топ. Елбасы,чемпион,бассейін,қайсар.
4-топ.Намыс,мақсат,еріншектік,салауатты өмір салты.
Бағалау критерийлері:
• Қазақстанның спорттағы жетістіктеріне мысал келтіреді.

4. «Спорт және сен» тапсырмасы (жеке, ұжымда)
Оқушылардан төмендегі 3 сұраққа ойланып жауап жазуларын сұраңыз:
– Сен қай спорт түрін таңдайсың?(таңдадың) Неліктен?
– Бұл спорт түрі сенен нені талап етеді?
– Қандай нәтижеге қол жеткізгің келеді?

Үлгі ретінде екі нұсқаны ұсыныңыз:

Жауаптарды ұжымда талдаңыз.

Таратпа қағаз (сұрақтар үшін)

(дидактикалық материалға қараңыз)

Плакат

Суреттер (дидактикалық материалға қараңыз)

Желім
Әдістемелік нұсқаулыққа
қараңыз

Видеоға сілтеме:

Қазақстан спортшыларының фотопрезентациясы

Толтыруға арналған таратпа парақ

Сабақтың соңы
36-40 Рефлексия (жеке):
«Бір сөзбен» стратегиясы
Оқушылар шеңберге тұрып, әрқайсысы өзіне қай спорт түрі қолайлы екенін дәлелдеп бір сөйлеммен айтады.
Бағалау критерийлері:
• Спорттың өзіне қолайлы түрін таңдап, негіздейді.

Микрофон
(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға сабақтан тыс уақытта, өз мектебінің спорттық жарыстарға қатысушысынан сұхбат алуды ұсынуға болады.
5сұрақ стратегиясында оқуда кедергісі бар оқушыларды қолдау ретінде мысал сұрақтар ұсынуға болады. Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. оқушыларға кімнен сұрағанын және олар қаншалықты дұрыс жауап бергенін белгілеп отыруды тапсырыңыз. Тапсырма соңында ең көп дұрыс жауап берген оқушыны анықтауға болады. Сабақ соңында спорт түрлерін ажырата алу деңгейлерін білу мақсатында 2 минуттық тапсырма ұсыныңыз. (дид. материалда берілген) Оқушылар класс бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *