Тұңғыш Президент күні II кіші топ
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті»
№1 «Құлпынай» II кіші тобы
Тәрбиеші: Курманова А.Н.
Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы түсніктерін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының ең алғашқы Елбасы туралы түсінік беру.Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіреті тұлға екенін таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік, мақал-мәтел
Көрнекіліктер: Президент, Астанаға байланысты суреттер, буклет
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру барысы.
Шаттық шеңбер: Әнұран орындау.
2.Негізгі бөлім:
Көрнекілікпен жұмыс.
ҚР Президенттің портретін тамашалау.
Тәрбиеші: Ал балалар сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: Олар ту, әнұран, елтаңба.
Тәрбиеші: Тудың түсі көгілдір, ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.
Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар:Шаңырақ!
Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар: Ат бар!
Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.
Елбасының суретін көрсету.
- Қалай ойлайсыңдар, Елбасының міндетіне не кіреді?
- Президент болуға кім лайық?
- Елбасы қайда тұрады?
- ҚР Елордасы қалай аталады?
Тәрбиеші: Балалар бойымызды сергіп алайық.
Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз
Тәрбиеші: Балалар сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар: Астанада
Тәрбиеші: Дұрыс. Астанада Ақордада.
Балалар Астанада тағы не бар?
Балалар:Астанада Бәйтерек бар.
(Астанага байланысты теледидардан суреттер көрсету )
Тәрбиеші: Жақсы балалар, енді Отанымызға байланысты мақал-мәтелдерді тыңдайық, сосын жаттаймыз
- Отанды сүю отбасынан басталады.
- Отан – оттан да ыстық
- Отан үшін отқа түс күймейсің
- Мақал-мәтелдер не жайында айтылған?
- Отан, Қазақстан Республикамыз туралы.
3.Қорытынды: Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?
Балалар:Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
Тәрбиеші:Ол кім?
Балалар:Ол біздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші:Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар:Қазақстан!
Тәрбиеші:Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені
білдіреді? Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды. орнымыздан тұрып, келген қонақтарды шығарып салайық.. Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын.