Латын әліпбиі – ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауларының бірінде: «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін ғана жаңғыртып қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» – деген болатын. Біз латын әліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбі бізге не береді? Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефондарымыздың өзінде латын қарпінде жазу оңай, ал кирилицада қазақшаны тере алмай қиналып жататынымыз бар. Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан әрі ауқымы кең. Қазақ алфавитінде 42 әріп болса, латын әліпбиінде 32 әріп. Бұл алғаш мектеп табалдырығын аттан оқушыларымыздың әліпби жаттауына көп көмегі тиеді. Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға қарыштап, өсіп-өркендеп, отандық ғылым –білім саласы дамып келеді. Бүгінде мектеп шәкірттері даярлық сынып, бастауыш сыныптардан-ақ ағылшын тілін үйренуде. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, латын әліпбиіне көшуден қорқуға еш негіз жоқ деп ойлаймын.
Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әр түрлі іс- шаралар ұйымдастырылуда. Соның бір дәлелі – латын әліпбиінде жазылған халықаралық диктан. №3 Күршім гимназиясындада 2018 жылдың 14 қарашасында 8-11 сынып оқушылары және ұстаздарымыз латын әліпбиінде диктант жазды.
Жаңа әліпби – жаңғырудың қайнары. Әліпби арқылы ұлттық сана күшейеді және қазақ тілінің төл табиғатын сақтауға мүмкіндік береді. Латын қарпіне көшу олардың білім және ғылым жолындағы ізденістеріне жол ашады. Рухани жаңғыру қазақ елінің жарқын болашағы.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *