Қазағымның теңдесі жоқ жауһары! Астананың 20 жылдығына

Қазағымның теңдесі жоқ жауһары-Астанаға 20 жыл…

«Астана-Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі»- деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғаш болып, еліміздің мерейі мен өрлігін шыңдатқан елдордамызға ерекше теңеу айтып кетекені баршамызға мәлім.
Иә, Сарыарқаның төсіне орналасқан елордамыз Астананың барлық қазақ халқының жүрегінде алар орны ерекше. Астана әр қазақтың жүрегінде патриоттық құндылықтарды ұялатқан «болашақтың қаласы» десем қателеспеймін.
Астана-ел мерейі!
Қазақстан мемелекетінің өркендеп дамуына, кең құлаш жаюына шабыт берген бас шаһарымыз. Еліміздің елордасын Астанаға көшіру туралы елбасының батыл қадамы қазақ елін күллі ғаламға танытудың бастамасы болды. ХХІ ғасырда Астана-туған еліміздің ауыз толтырып айтарлықтай мақтанышына айналды. Қазақстан елінің жауһары Астана- ел үшін маңызды келісімшарт және идеялардың орталығына айналды. «Астана келбеті –ұлт келбеті» деген елбасы сөздері өз негізін табуда.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақ елінің тарихында ғалам таң қалатындай тарихи оқиғалар орын алуда. Оның бастысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елорданы Астана қаласына көшіруі болып саналады. Елбасының ерен мақсаттарының бірі осы болатын. Қазіргі таңда елбасының бұл ерекше қадамы күллі қазақ халқының жемісі мен жетістігіне айналып отыр. Бұл қадамның жемістері мен жетістіктерін ауыз толтыра да айтуға тұрарлық дәлелдері де жетерлік. Айта кетсек, Астана халықаралық үнқатысу мен жемісті идеялардың орталығына айналды. Әлемдік және қалыптасқан діндер съезі, «ядролық, қарусыз әлем», «бейбітшілік пен келісім» саясатының ордасы деп мақтанышпен айта аламыз. Астана қаласы жас болса да 20 жылдың ішінде өзге ел жетпеген жетістіктерге жетті. Мәдениет пен саясаттың орталығына айналды, Қазақстан елінің рухани өсуі мен бірлігінің бірден-бір өзегі деп ұрандата айта аламыз. Еуразия кіндігінде орналасқан жаһандақ дәуірдің қаласы Астана- Еуропа мен Азия арасындағы «Алтын көпір» деуге тұралықтай деңгейдегі сәулетті қала. Астана қазақи ұлттық идеяның ұйытқысына айналған қала. Себебі, елордамыздың мақсат-мүддесі: бірлігі жарасқан қазақ елінің тәуелсіздігін, азаттығын қамтамасыз ету және осы міндетті халықаралық келісімшарттар негізінде жүзеге асыруды қамтамасыз етуші. Алтынмен көмкерілген асыл қала Астана тоғыз жолдың торабында, Ұлы Жібек жолының күретамырында бой түзеген, ғасырлар тоғысында пайда болған ғажайптардың бірі деуге болады.
«Жаңа Астана-тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны» және «біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл- бостандық туралы ежелден далалық мекен еткен қала. Бұл-біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл-біздің жол, Қазақстан жолы»- деп елбасыныңайтқан сөзі өте орынды деп білемін.
20 жылдық жасында Астана ел мақтанарлықтай деңгейге көтерілді. «Мынау менің туған елімнің бас қаласы, інжу-маржаны» деп мақатанатындай деңгейде гүлдене өрістеді. Әр қазақтың бойына патриоттық жігер, рух оятты. Оның негізі деп Ақ Орда мен Бәйтеректі, тоқтамастан көкке шыңдалған алып та, сұлу ғимараттарды айтуға болады. Қазақи нақышта өріле жайқалған түрлі-түсті гүлдер көздің жауын алып, адам бойына ерекше көңіл-күй сыйлайды. Осының бәрі еңкейген қарт пен еңбектеген баланың бойына ерекше мақтаныш ұялатады.

Еліміздің Алтын ордасы-Астананың сұлулығы мен ел игілігі үшін жасап жатқан тың идеялары, келісімдер, «мен қазақпын» дейтін жүрегінде патриоттық рухы асқақтаған әрбір адамды бейжай қалдырмайды. Мен де өз елінің жетістігін, өз қара басынан жоғары қоятын, қазақтың қарапайым қызымын. Астана менің елімінің Ақ Ордасы. Астананың өркендеп өсуіне, күллі әлемге «қазақ» деген елдің мәдениеті мен тарихын танытуына мен әрдайым тілекшімін. Астананың болашағы зор, алар белестері алда дей отыра, өз авторлық жырымды арнаймын:
Тойла қазақ Елордаңның 20 жылдық мерекесін, мерейін
Астананың көремдігін әсем сөзбен құйқылжыта терейін
Сарыарқаның төсіне кеп орныққан,
Астанамның мерейіне шашу шашып берейін.

Қазақстанның жүрегісің Астана
Бір өзіңнен бастау алар әр қала.
Тәуелсіздік нышанысың біз үшін,
Асқақтай бер ел жүрегі бас қала.

Біріктіріп алты әлемнің арасын,
Қазағымның әрқайсына панасың.
Ұлтың басқа, дінің басқа деп бөлмей,
Құшақ жая қарсы аласың тамсана.

ЭКПО-сынды көрмесімен тебіренткен күллі адам санасын
Ақ Ордада болашақтың келісімін жазасың
Елім аман, тыныш болсын жерім деп
Әр қазақтың жарқын жолын саласың

20 жылдық тарихыңда күллі әлемге танылған
Қазағымның тарихына алтын сөзбен жазылған
Біріктіріп алты алаштың баласын
Жарқырай бер, жасай бергін Елордамыз Астанам.

Қандай игі іс болсын еш қиындықсыз жүзеге аспайды. Еліміздің егемендікке қол жеткізуі біріншіден тағдыр мына бізге сыйлаған ерекше сый-құдірет деп түсінуіміз, екіншіден ел тағдырына елеулі із қалдырған қазақтың ұлы тұлғаларының құрбандығының өтеуі деп білеміз. Буыны қатпаған жас мемлекет басына келген елбасының алдында бағындыратын сан белестер иірімі жатты. Қазақтың жаңа көтерген шаңырағын шайқалтпау, ел ертеңі үшін ізденіс- елбасын үлкен белестерге жеткізді. Ел ертеңін болжаған елбасы ежелден киелі жерге саналған, Тәуке ханның жаз жайлауы болған, Қаракерей Қабанбайдай ерлері елін жаудан қорғаған, батырлар мен шешендер, билер мен хандар бас қосып, елді болашаққа бастаған киелі жер Ақмола мекенін елордасы етуді мақсат етті. Болашақ астананың жоспарын жүзеге асыруда ерен еңбегін аямай еңбектенді. Қала сәулетін тұрғызуда әлемге танымал сәулет өнерінің мамандарын жұмысқа тартты. Елорданың сәулеттік келбетін жасауға 30-ға жуық жобалау, сәулет ұйымдары қатысты. Әлемге танымал жапон сәулетшісі Кисе Курокава, заманымыздың ұлы сәулетшісі Манфреди Николетти мен Максимельян Фуксас өз үлестерін қосты.
Ұлттымыздың қадір-қасиетін туғызатын, дініміздің беріктігін көрсететін мешіттеріміз бой түзеді. Иманы берік халықты рухани сусындауға шақырды. Айта кетсек, «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» мешіттері имандылықпен қатар, адамгершілік, бауырмалдық, ізгілікке тәрбиелейтін ерекше орындар болып саналады.

Елдің келешегі оның тарихи шежіресі. Осыны ескерген елбасы Астананың тұла бойын торлаған ескі көше атауларына қазақ халқының кемеңгер тұлғаларының, көш бастаған зиялыларның есімін берді. Бұл асқақ рухты қазақ халқы үшін өте мақтан етерлік жайттар деп білеміз.
«Ел болашағы жастар қолында» демекші, ел келешегін ойлар жастарға араналған сан алуан оқу орындары Астананың тұла бойында құлаш жая орын алған. Атап өтсек «Назарбаев университеті», Еуразия ұлттық университеті, Заң университеті, Астана Медицина университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тұран- Астана университеті, «Шабыт» өнер университетіҚазақстан Ресей университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Астана университеті, Қазақ қаржы академиясы сияқты оқу орындарын атап өтуге болады.

Еліміздің елордасы Астанада өтілген «EXPO-2017» көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме деп айта аламыз. Қазақстан халқының табиғаты мен тарихын, қонақжайлығы мен бауырмалдығын күллі әлемге паш еткен елордамыз-Астана.
Астана –арман қала! Азғана уақыттың ішінде Еуразияның төрінен орын алып, ұлттың жүрегіне жылу орнатқан алып шаһары, «қазағымның баға жетпес жауһары». Елорданың төрінде жасалған барлық келісім халықтың игілігіне жасалған оң қадам болсын деп тілеймін. Астана бірлік пен татулықтың, ізгілік пен жарасымдылықтың, ел болашағын биіктетер қазақтың киелі қаласына айналсын дегім келеді. Жарасымды тіршілігі халықтың көңілін жадыратып, жүректерде жылылық, «мен қазақпын» деген әр адамзат бойында өз еліне деген патриоттық сезімді оятсын дегім келеді.
Асқақтай бер «Қазағымның теңдесі жоқ жауһары- Астана»…

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *