Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің дамуы.

 

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің дамуы.

Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» деген болатын. Білім – әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады. Шын мәніне келгенде, елдер тек тауарлар мен қызметтер өндіре отырып бәсекелеспейді, сонымен бірге олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйесі арқылы бәсекеге түседі. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі «Білім туралы» Заң (1999 жыл), «Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), «2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы» (2001 жыл), «2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл) , 2011 жылы қабылданған Мемлекеттік бағдарламасы сияқты стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген. Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда. Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуының келесі бір жағымды тұсы – институционалдық құрылымдардың, оқыту бағдарламалары мен формаларының  әртараптандырылуы, олардың университеттік білім беру жүйесіне бейімделуі. Қарастырылып отырған үдерістің маңызды бір тұсы жеке білім беру секторының дамуы мен кеңеюі болды. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Біздің еліміз АҚШ, Ұлыбритания, Жапония секілді білім беру жүйесіне қомақты қаржы бөлетін алпауыт елдермен салыстыруға келмейді. Білім беру басшылығы мектеп оқушылары мен жалпы білім алушыларға сапалы білім алуға жағдай жасау керек деп есептеймін. Ол әрине бірінші кезекте мектептер мен білім беру ордалары, университеттер, колледждер техникалық жабдықтар мен қондырғыларымен байытылу тиіс.  Біздің еліміздің мемлекеттік білім берудің жалпыміндетті стандарттары оқушыға өмірлік жолын, мақсаттары мен перспективаларын таңдауда нақты жағымды мотивация беруге емес, тек сабақтық тұрғыға негізделген. Жоғары сынып оқушыларының тек 30 пайызы ғана өздерінің қабілеттіліктеріне қарай кәсіби мамандықтарды жүйелі түрде таңдайды. Ал мектеп бітірушілердің 70 пайызы өзін-өзі төмен бағалап , дербес өмірге қадам басуға дайын болмайды. Менің ойымша біздің еліміздің білім беру жүйесін жақсартуға білім берудің сапасына мемлекеттік қатал бақылау орнатып, бақылау комитетін құру қажет. Сонымен қатар, шетелдік алдыңғы қатарлы елдердің білім беру жүйесін тәжірибеге алып , өзіміздің ұлттық менталитетімізге сай етіп алу керек.Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, әлде батыстық өркениетке еліктеуі күшейіп келе жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр қазақтың көкірегінде қазақтың жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөздерімен қорытындылаған жөн: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі».

 

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Шарипова Гаухар Бекмурзиевна

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *