Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
5.1.В. Натурал сандардың бөлінгіштігі.
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.1.5 натурал сандардың бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу
5.1.2.8 натурал сандардың бөлгіштерін табу
5.1.2.9 натурал сандардың еселіктерін табу.
Сабақтың мақсаты -Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері анықтамаларымен танысу,
– натурал сандардың бөлгіштерін, еселіктерін табу.
– натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері ұғымдарын ажырата білу.
Бағалау критерийі – Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі анықтамаларын біледі
– Натурал сандардың бөлгіштерін таба алады
– Натурал сандардың еселіктерін таба алады.
Тілдік мақсаттар
Натурал сан, натурал санның бөлгіші, еселігі.
Құндылықтарға баулу
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Өзара сенімділік әрі сыйластық қарым- қатынасты қалыптастыру, өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарау және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылу.
Пәнаралық байланыс Компьютерлік сауаттылық және информатика
Алдыңғы білім
Натурал сандарға амалдар қолдану, тақ және жұп сандардың анықтамалары, дәреже ұғымы.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
(5 минут) 1. Ұйымдастыру, оқушылармен амандасу
2. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
3. «Миға шабуыл» әдісі бойынша өткен сабаққа шолу:
– Санауда қолданылатын ең кіші натурал сан
– Рет-ретімен санағанда келесі сан алдыңғы саннан нешеге артық?
– 4251 санында неше мыңдық, неше жүздік, неше ондық бар?
– Цифрдың мәні тұрған орнына байланысты деп тұжырымдауға бола ма?
4. Санау арқылы жұп және тақ сандар болып топқа бөлу.
Ауызша мадақтау, қолпаштау
Сабақтың ортасы
(30 минут)
(10 минут)
Осыған дейін меңгерілген білімді пысықтау тапсырмалары:
(5 минут)
Өтілген тақырыпты бекіту
(8 минут)
Қалыптастырушы бағалау (7 минут) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу үшін топтарға мынадай тапсырма беріледі.
1-тапсырма: (топтық жұмыс)
Оқушылар топ болып, 12 саны бөлінетін сандар мен 7 санына бөлінетін сандарды тауып жазады. Топтар өз жұмыстарын қорғайды.
1 топқа:
«Сөзді тап» әдісі
Өсу ретімен нөмірленген сандарға әріптерді сәйкестендіре отырып, «Бөлгіш» сөзін табады.
«Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісі
М: 12 саны 1,2,3,4,6,12 сандарына қалдықсыз бөлінеді.
О: онда … .
М: 12 санының басқа бөлгіштері жоқ.
О: онда … .
М: 12 санының ең үлкен бөлгіші 12-ге тең.
О: онда … .
2 топқа:
«Сөзді тап» әдісі
Өсу ретімен нөмірленген сандарға әріптерді сәйкестендіре отырып, «Еселік» сөзін табады.
«Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісі
М: 7,14,21,28,35,42 сандары 7 санына қалдықсыз бөлінеді.
О: онда … .
М: 7 санының басқа еселіктері бар, мысалы 49, 56, 63, т.с.с
О: онда … .
М: 7 санының ең кіші еселігі 7-ге тең.
О: онда … .
«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі бойынша ойларын жинақтап, анықтама қорытады.
2-4 тапсырма. Ойын «Допты сал» (бүкіл сыныппен жұмыс)
Слайдта көрсетілген суреттер арқылы оқушы шерту арқылы қақпаға допты салу.
27 санының барлық бөлгіштерін табыңдар.
Оқулықпен жұмыс (топтық жұмыс)
№561.
2 топқа: А). Бөлгіштерін табыңдар:
9: 1,3,9
14: 1,2,7,14
32: 1,2,4,8,16,32
37: 1,37
45:1,3,5,9,15,45
75:1,3,5,15:25:75
1 топқа: Ә). Еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар:
8: 8,16,24,32
11: 11,22,33,44
15: 15,30,45,60
25: 25,50,75,100
40: 40,80,120,160
100: 100,200,300,400
«Серіктестердің жауабы» әдісі арқылы топтар бір-бірінің жауаптарын тексереді.
Бүкіл сыныпқа таратпа қағаздар арқылы беріледі.
3,7,10,15,18,30,84 сандарының ішінен:
А). 21 санының бөлгіштерін
В). 60 санының бөлгіштерін
С). 3-тің еселіктерін
Д). 5-тің еселіктерін анықтаңыз.
Дескриптор:
-берілген сандардың бөлгіштерін таңдайды.
-берілген сандардың еселіктерін таңдайды.
Слайд 1
Таратпа қағаздар,
1-Б, 2-Ө, 3-Л, 4-Г, 5-І, 6-Ш,
7-Е, 14-С, 21-Е, 28-Л, 35-І, 42-К,
«Үш шапалақ» әдісімен бағалау.
Слайд 2-4
Қанша допты қақпаға салғанына қарай жетондар беру
Дайын жауаптар тақтадан көрсетіледі.
Слайд 5
Жұптық
(«+», «-») тексеру
Таратпа қағаздар
Слайд 6
«+», «-» арқылы өзін-өзі тексеру.
Сабақтың соңы
(10 минут)
5- тапсырма «Тұжырымдамалық карта» әдісі.
Тұжырымдардың ақиқаттығын анықтаңыз. Кестеде жалған тұжырымды «Ж», ақиқат тұжырымды «А» әріптерімен белгілеңіз.
Барлық натурал санның бөлгіштері өзінен үлкен болады.
1 саны барлық натурал санға бөлгіш болады.
Натурал санның шексіз көп бөлгіштері болады.
Кез келген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзіне тең болады.
Кез келген натурал санның ең үлкен еселігі сол санның өзіне тең.
Натурал санның шексіз көп еселіктері бар.
Кез келген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең.
Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі
Жасыл түсті – толықтай түсіндім
Сары түсті – түсінуге жақын
Қызыл түсті – түсінбедім Үлестірме қағаздар.
Жұптық тексеру «+», «-»
Қызыл, сары, жасыл түсті карточкалар
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
«Миға шабуыл» оқушыларды қолдау арқылы, топтық жұмыстарда оқушылар білімі қарқын тәсілі арқылы сараланды. Оқулықпен жұмыста тапсырмалар арқылы сараланды. Қалыптастырушы бағалауда, «Тұжырымдамалық карта» әдісінде оқушылар білімі бағалау арқылы сараланды. Ауызша мадақтау, қолпаштау, жетондармен бағалау, «Үш шапалақ», жұптық тексеру, өзін-өзі тексеру, «Бағдаршам» арқылы.
Компьютерді пайдалану қауіпсіздік ережесін сақтау , «Допты сал» ойын ұйымдастыру