Тақырыбы: Жақсылардың жақсысы Р. Босилек (болгар жазушысы)
Мақсаты: 1. Халық ауыз әдебиетінің бір үлгісі-ертегілерді таныстыра
отырып, еңбек пен білім ұғымдарын терең меңгерту.
2.Ертегілер арқылы көркем тіл шұрайлығын, сөздік қорын дамыту,
өз ойын тез,әрі жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.
- Оқушыларды еңбек сүйгіштіккетәрбиелеу. Қасиетті нәрселерді
қадір тұтуға және қастерлеп сақтауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сызба, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Жатқа айту. Қ.Аманжолов. «Ұшқыш болғым келеді» (Қалаған шумақтарын жаттап келу)
2.Ұшақтың қандай түрлерін білесің? (сладтан көрсету)
3.Сен үлкейгенде кім болғың келеді?
4.Ұшаққа мінгендерің бар ма?
Мұғалім
Ертеде адамдар құсқа ұқсап ұшуды, отынсыз тамақ пісіруді, теңіздердің үстімен жүруді қиялдапты. Сол қиялдар бүгінгі таңда адамның білімі, еңбегі арқылы шындыққа айналып отырғанын біз білеміз.
*Өздеріңіздің армандарың туралы ұшақ жасап соған жазайық.
ІІІ.Сергіту сәті
ІҮ.Жұмбақ шешкілерің келе ме?
Әжемнің қолында шыр айналар,
Шыр айналса, өзіне шыр байланар.
(Ұршық)
Сөзі –дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң –шешен,
Ақылы асқан көсем.
(Кітап).
Қылмаң –қылмаң етеді,
Қаға берсең жарасар.
Екі жағын жапырып,
Ұра берсең жарасар.
(Өрмек)
Ү. Жаңа сабақ: Өрмек, ұршық және кітап жайлы болмақ.
– Ендеше, балалар, мұқият көңіл бөліп «Жақсылардың жақсысы» деген ертегіні тыңдап көрейік.
Сұрақ-жауап арқылы
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Ертегі кімдер туралы екен?
- Қызы әкесінен не туралы сұрапты?
- Қыз үнемі жабық тұрған бөлмені ашқанда нелерді көреді?
- Көрген заттары қызға ұнады ма?
- Тақырып неге «Жақсылардың жақсысы»деп аталған?
ҮІ. Оқулықпен жұмыс
Ендеше осы ертегіні оқып көрейік
Оқулығымыздың бетін ашайық.
Мәтінді оқимыз. (оқушылар іштей оқып шығады) Жалғастырып оқу.
Ертегіні жақсы оқып шықтыңдар.
Енді мәтін соңындағысуреттерге қарайық. Бұл суреттер ненің белгісі ретінде алынған деп ойлайсыңдар?(Еңбек пен білім)
-Ендеше еңбек пен білім сызбасына көңіл бөлейік.
Еңбек |
Білім |
-Еңбек дегенді қалай түсінесіңдер?
Еңбектену,іздену,жұмыс жасау,ерінбеу т.б.
-Білім деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Оқу, үйрену, іздену т.б.
- Осы күн көздерін қандай түспен бояр едіңдер?
-Неліктен?
Қызу еңбек арқасында еңбек етіледі.
Сары жылылық, жан-жаққа шуағын шашады.
«Еңбек пен білім егіз» демекші еңбек арқылы білімге жетуге болады, білімді болсаң еңбегіңде өнімді болады.
Ойын: Кім шапшаң?
1-қатар 2-қатар
Еңбек туралы мақал-мәтел Білім туралы мақал-мәтел
ҮІІ. Дәптермен жұмыс
Ойымызды қорыта келе мына кестені толтырып көрейік.
Мәтінде жақсылардың жақсысы ретінде нелераталған? | Өзің тағы не қосар едің? |
1.Ұршық
2.Өрмек 3.Кітап |
1.Ара
2.Күрек 3.Қалам |
ҮІІІ. Сабақты қорыту.
–Бұл заттар туралы неге айтып жатырмыз?
-Өйткені бұлар «жақсылардың жақсысы»
Адам өмірінден өз орнын табу үшінбілімді, еңбекқор,ізденгіш болу керек,Еңбекқорлық адамдышыдамдылыққа, төзімділікке әкеледі,қуанышқа бөлейді.Ал білім адамды жоғарғы жетістіктерге жетуге жетелейді.
Балалар, әр нәрсенің қадір қасиетін біліп қастерлеп сақтауға үйренейік.Болашақта сендерден де еңбекқор, білімді азамат шығады деп сенемін
ІХ. Үйге тапсырма:
- 1. Түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр.
2.Бағалау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718