«Қарым –қатынас дағдыларын» дамытуға арналған жаттығулар.
Тақырыбы: «Қарым –қатынас дағдыларын» дамытуға арналған жаттығулар.
Мақсаты: 5-сынып оқушыларын қарым – қатынас жасауға дағдыландыру және дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру, орта буынға бейімделуіне ықпал жасау, олардың бір – бірін түсіністікке, достық, жолдастық қарым – қатынасының қалптасуына әсер ету.
Міндеті: топтың аталуы: бір – біріне деген сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру арқылы тұлғаның өсуіне, өзін – өзі тәрбиелеуге және жетілдіруге ынталандыру.
Құрал жабдықтар: жіп, үлкен қағаздар, слайд.
Тренинг жүрісі:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Негізгі бөлім:
- «Ароал» ойын
- «Мен кіммін?» ойыны
- «Өрмекші торы» ойыны
ІІІ.Қорытынды
«Жылы жүрек» жаттығуы
Қайырлы күн, оқушылар! Біз бүгін «Қарым – қатынас орнату» тақырыбында тренинг жүргіземіз. Бүгін сіздер топтың бағалауы арқылы өзіңді жақсы түсінуге мүмкіншілік аласыздар, тренинг сізді өзін – өзі жетілдіруге деген тілек тудырады деп үміттенемін!
«Арал» ойыны
Мақсаты: Ұжымда қарым – қатынас әрекетін орната отырып, шапшаңдыққа, жігерлікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу. Жүрісі: Еденге 2-3 үлкен қағаздар (аралдар) төселеді. Балалар оны айналып жүріп, белгі берілген кезде, (мысалы, алақан соғылған кезде) екі аяқпен «аралдың» үстіне шығып кетуі керек. Үлгермеген немесе аралға аяғы сыймай қалған оқушы ойыннан шығады, бір арал алынып тасталады. Ойын бір аралда бірнеше адам қалғанша жалғасады.
«Мен кіммін?» ойыны Мақсаты: тренингтік қарым – қатынастың белсенді стилін орнықтыру, әрі қарай ашық сөйлесуге, өзіндік «Мен – тұжырымдамасын» айқындауға, өзін – өзі тануға, өзінің және өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін анықтауғакөмектесіп, оларға талдау жасай алуды дамыту. Жүрісі: Ойынға қатысушылар дөңгеленіп отырады. Олардан кандай да бір қиындықтан шығу тапсырылады. 1-2 минут қана уақыт беріледі. Мысалы, сіз елсіз аралда тұрсыз. Ол үшін сіз бір өсімдік немесе жанар түріне еніп, әлгі қауіптен құтылуыңыз керек. Қиын жағдайданишығып және одан аман қалу үшін қандай объектіні немесе өсімдік пен жануарды таңдайтынын ойланып айту керек.
Талқылауы: 1. Сізде қандай қиын жағдай болды:
- Қандай обьекті, өсімдік не жануар кейпіне ендіңіз?
- Не үшін таңдадыңыз? Себебін түсіндіріңіз.
- Қазір қандай сезімді тұрсыз?
«Өрмекші торы» ойыны
Мақсаты: оқушыларды топта, ұжымда бірлесе отырып жұмыс жасауға дағдыландыру, бір-бірін тыңдауға үйрету, топпен жетістікке жетуге ынталандыру.
Жүрісі: оқушыларға ортасы түйіліп, бірнеше тармақтарға бөлінген жіп беріледі және оның үстіне қалам қойылады. Оқушылардың мақсаты бірлесе отырып, қаламды түсіріп алмай, жерде тұрған ыдыстың ішіне түсіру.
«Жылы жүрек» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың бір – біріне деген жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айту.
Жүрісі:оқушылар шеңбер құрып тұрып, бір – біріне кезекпен тілектерін айтады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718