Қазақ тілінің майталмандары

Тақырыбы: «Қазақ тілінің майталмандары »

Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Түрлі әдіс – тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: гүлдер, суреттер, слайд, интербелсенді тақта.

Жүргізуші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Қазақ тілінің білгірлері» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз – басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, өзараынтымақтастықта жұмыс жасай алуға үйрету. Осындай мақсатпен 3-4 сыныптар арасындағы «Қазақ тілінің білгірлері» сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Ақ көңілмен, ниетпен,Әділ баға берсін деп.Шаршамай, еш жалықпай,Айтқаныңызға көндік деп,Әділ-қазы алқасын,Сайлап алсақ жөн болар.

Әділ – қазылар алқасы: 

  1. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
  2. Оқу ісінің меңгерушісі:

Барлық сайыстар соңында әділ – қазылар алқасы шешімін шығарады. Жеңген топқа мақтау қағазы беріледі.Олай болса, алдымен сайысқа қатысатын оқушыларды қошеметпен ортаға шақырайық. Оқушылар 1, 2 нөмерлі парақшаларды таңдап алады. 1 парақшаны таңдаған топ сайысты бастайды.

Психологиялық дайындық«Ақ тілек. Әсем күлкі»– Көңіл – күйлеріңіз қалай?- Керемет! (Қолдарын көтереді)- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?- Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)- Ынтаңыз ше?- Ғажап! (Қолдарын көтереді).- Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.- Ендеше сабағымызды осындай тамаша көңіл-күймен бастайық! Ендігі кезекте сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.

Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: 

  1. Таныстыру (өз тобын таныстыру)
  2. «Сөздер сөйлейді» (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау).
  3. «Кім жылдам?» (сөздікпен жұмыс)
  4. Сөз мәйегі – мақал» (Отан, туған жер туралы мақал)
  5. Сен білесің бе? (сұрақ – жауап)
  6. «Кім тапқыр?» (суреттегі сөздерді ым-ишарамен түсіндіру)

Жүргізуші:

І кезең. Таныстыру.

І топ. «Жас ұлан»

Шығарар намыс топты алдан,

Дуалы ауыз тілге арман.

Сайысқа келдік біліммен,

Тобымыз біздің – «Жас ұлан».

ІІ топ. «Жас тұлпар»

Тұлпардың байқа шабысын,

Таңдаймыз жолдың алысын.

Білім менен өмірде,

Қорғаймыз топтың намысын!

ІІ кезең. «Сөздер сөйлейді».

Сайыскерлер бұл кезеңде берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек.

  1. Дүкенде, анам, сатады көкөністер, менің.
  2. Қасында, бар, үйдің. Дәріхана, үлкен.
  3. Сегізде, келеді, мектепке, сағат Данияр.
  4. Жақсы, бүгін, ауа райы.
  5. Соғады, жел, суық.
  6. Ұшып, кетеді, құстар

ІІІ кезең. «Кім жылдам?».

Оқушылар орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аударады. Бұл сайыста оқушылар тез, жылдам жауап берулері керек

І топ

День – күн

Озеро – көл

Праздник – мереке

Спортсмен – спортшы

Природа – табиғат

Девиз – ұран

Длина – ұзындық

Высота – биіктік

ІІ топ

Кружок – үйірме

Время – уақыт

Доброе утро! – Қайырлы таң !

Витамин – дәрумен

Подарок – сыйлық

Труд – еңбек

Желаю – тілеймін

Радость – қуаныш

ІV кезең. Сөз мәйегі – мақал».

Сайыскерлер Отан, туған жер, тіл туралы мақалдар айтудан жарысады.

  1. Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.
  2. Қарға баласын аппағым дейді,

Кірпі баласын жұмсағым дейді.

  1. Өнер алды – қызыл тіл.
  2. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
  3. Басқа пәле тілден.
  4. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

VI кезең. «Сен білесің бе?». Тақтада он екі ұяшықта сұрақтар берілген. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап беру керек.

  1. Қандай мерекелерді білесің?
  2. Отбасыңда қанша адам бар?
  3. Сүт тағамдарын ата.
  4. Қандай жыл мезгілдерін білесің?

5.Апта күндері мен ай аттарын ата.

  1. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
  2. Жемістердің қандай түрлері бар?
  3. Көкөністің қандай түрлері бар?

9.Өзендер мен көлдерді ата.

  1. Қандай қалаларды білесің?
  2. «С днем рождения!» сөзінің аудармасы қалай?
  3. Сен бос уақытыңда не істейсің?

VII кезең. «Кім тапқыр?». Оқушылар берілген суреттерді іс – қимылмен, ыммен түсіндіреді. Суреттерді түсіндіргенде сөйлеуге болмайды.

Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті.Кімдердің жауаптары кәміл шықты,Білім мен тапқырлықтың сайысында,Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, – дегендей, сайыстың қорытындысын білу үшін әділ – қазыларға сөз кезегін береміз. Тіл – ұлттың қайталанбас байлығы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Құрметті ұстаздар мен оқушылар «Қазақ тілінің білгірлері» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымыз шексіз. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *