Біздің айналамыздағы ақпарат

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
«Ақпарат және оны өңдеу» Мектеп: Маңғыстау ауданы, Есір Айшуақұлы атындағы о/м
Күні: 23.06.2017ж. Мұғалімнің аты-жөні: Даулетбаева Г.
Сынып: 5 а Қатысқандар: 18 Қатыспағандар:0
Сабақтың тақырыбы Біздің айналамыздағы ақпарат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.2.1.1. Әртүрлі формада ақпаратты атап шығу және көрсету

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:.Әртүрлі ақпаратты атап шығады және көрсетеді
Оқушылардың көбісі: Әртүрлі ақпараттың түрлерін ажыратады.
Кейбір оқушылар: Ақпараттың берілу формаларын анықтайды
Бағалау критерийі  Ақпарат ұғымын біледі
 Ақпарт түрлерін біледі
 Ақпараттың берілу формаларын ажырата алады
Тілдік мақсаттар
Термин сөздер:
Ақпарат- информация- information
Сан- число- number
Мәтін-текст- text
Графика-графика- graphics
Дыбыс-звук- sound
Бейне- изображения- image
Құндылықтарға баулу Қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілікте болу.
Пән аралық байланыс орыс тілі, ағылшын тілі, математика
Алдыңғы білім
Оқушылар қауіпсіздік ережелерін, компьютердің құрылғыларын, қызметін біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру
Сәлемдесу, түгендеу
Ынтымақтастық ахуал туғызу;
Оқушылар бір-біріне жақсы-жақсы тілектер айтады «Асық» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу

« Допты лақтыру» әдісімен үй тапсырмалары сұралады.
Жаңа сабақты өзектендіру
-Сендер ақпаратты қайдан алатындарыңды айтыңдаршы.
– Сендер бүгін қандай ақпарат алдыңдар? Мысал келтіріңдер.
Демек, сен жаңа ақпарат алу арқылы жаңа білім алдың.
– оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ ОМ анықтау;

Жаңа сабақ: bilimland.kz видео арқылы түсіндіремін
«Түртіп алу» әдісі бойынша оқушылар керекті жерді түртіп алады Стикерлер,
асықтар,
карточ калар, bilimland.kz

Сабақтың ортасы

25 мин

«Ойлан-жұптас-бөліс»
1-тапсырма
Ақпарат түрлерін анықтаңыз ( жұптық жұмыс)

Дескриптор:

Бағалау: Білім алушы
ақпараттың әртүрлі
формасын анықтайды

Оқушы бірін-бірі бас бармақ арқылы бағалайды

2-тапсырма (жеке жұмыс)
Суретке қарап ақпарат көздері, ақпарат қабылдаушылар туралы мәтін құрастырыңдар. Мәтінге атау қойып, компьютерге теріңдер

Дескриптор: Білім алушы
– ақпарат көзін анықтайды
-ақпарат алушыны анықтайды
Бағалау: оқушы өзін-өзі бағалайды, мұғалімнің
мадақтауы

3-тапсырма «Кім жылдам» әдісі Ақпаратты қабылдау арналары мен түрлерін көрсет. ( топтық жұмыс)
Кестені толтыру
Ақпарттың берілуі

Ақпараттың
қабылдау түрі Ақпаратты қабылдау арнасы

Дескриптор: Білім алушы
-ақпараттың әртүрлі формасын кестеде
атап көрсетеді
Бағалау: топ бірін-бірі бағалайды Бағдаршам арқылы Қалам, үлестірме парақтары,
компьютерлерА3
Сабақтың соңы

10мин

Бекіту: bilimland.kz сілтемесі арқылы тақырыпқа байланысты тест алам

-Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:
Білім ағашы
– нені білді
-нені үйренді
– не әлі де түсініксіз

Үй тапсырмасы: 1. Тақырыпты оқу.
2. Кесте толтырып келу

Стикерлер, қаламдар, суреттер,
А3,
bilimland.kz

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау. Оқушыларға жеке, жұптық, топтық тапсырмалар және «допты лақтыру», «кім жылдам»,«Ойлан-жұптас-бөліс» әдістері арқылы оқушылар ақпарат туралы ұғымдарын және әр түрлі формада берілуін толық үйренді.
-Әр тапсырмаларға міндетті түрде дескрипторлар тағайындалды.
-Оқушылар өзін-өзі бағалайды
-Мұғалімнің мадақтауы
( мадақтама сөздер)
-Топ бірін- бірі бағалайды
( бағдаршам арқылы)

-Смайликтермен

-Оқушылар бір-бірін бағалайды
(басбармақ арқылы)

Компьютермен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін ескертемін

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *