1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні: «Елбасы-елдің тұтқасы»

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні: «Елбасы-елдің тұтқасы»

Аманкелді атындағы орта мектебінде 29-қараша күні 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай 7-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Елбасы-елдің тұтқасы» тақырыбында ауқымды іс-шара өтті. Тәрбие сағатын өткізудегі мақсат-мектеп оқушыларын көреген басшымызды құрметтеуге және Елбасының жүріп өткен жолдарын жете тани түсуге бағытталған болатын.  Осы жұмыс барысында оқушыларымыз өздерінің әншілік,бишілік, актерлік қабілеттерін жан-жақты көрсете білді. Бұл күні мектеп оқушыларының өнерін тамашалауға көптеген оқушылар, ата-аналар, ұстаздар қауымы сонымен ауыл әкімшілігінің қызметкерлері жиналды. Ең алғашқы құттықтау сөздерді ауыл әкімі Сабыржан Жарқын Қибатұлы бастап, мектеп директоры Бейсенбеков Асыланбек жалғастырды. Сондай-ақ, Елбасының балалық шақ, оқушы кезеңіндегі, бозбалалық жігіт шақтарынан көріністер көрсетіліп, оқушылар әртістік шеберліктерімен көрермендерді баурап алды. Мың бұралған бишілер «Күй шашу» биін билеп тамсандырса, бір топ оқушылардан құралған бишілер қазіргі заманауи флешмоб биін патриоттық түрде «Алға,Қазақстан!» әнімен көрсетті. Би барысында туымыздағы  қыран құстың, күн бейнесін жасап, композициямен ұштастыра білді. Мектебіміздің күміс көмей әншілері бірнеше әндерді нақышына келтіре орындап, кештің шырайын келтірді. Атап айтар болсам, Ермекбай Мұхтар «Жаным қазақ» , Әбдіғапар Жансұлу «Астана», Қабен Диана «Атамекен», Кеңес Нұрхан «Қазақстаным»әнімен, 7-сынып қыздарынан құралған топ «Үшқоңыр» , «Елбасы» әндерімен  сусындатса, мектеп оқушыларынан құралған бір топ әншілер «Киелі Торғайым» әнін шырқап көрермендердің туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті.  Елбасына арналып жазылған бірнеше жыр-шумақтар оқылды. Өлеңнің ырғағын нақышына келтіріп,мәнермен оқу барысында 10 –сынып оқушысы Қабен Диана, 9-сынып оқушысы  Жақсылық Сәнімгүл, 9-сынып оқушысы Ғалымжан Айжан, 8-сынып оқушысы Нағашыбай Күнсұлу, 7-сынып оқушысы Темірғали Қадыржан сынды оқушыларды мақтанышпен  атап өтуге болады. Кеш соңы «Нұр-аға» әнімен аяқталды.  Мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Шайкемелова Малике қорытынды сөз сөйлеп, осы кештің өтуіне мұрындық болған ұстаздар мен оқушыларға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *