Ұстаз мәртебесі

Мұғалім мәртебесі құлдырап тұр.Оқушы шәкірт болып, ата-ана баламның ұстазы деп мұғалімді сыйласа, құрмет көрсетсе болар еді. Баланың ең үлкен тәрбиешісі,үлгі алар алғашқы тұлғасы ана,әке. Отбасындағы аға, әпкелері. Арбаның алдыңғы деңгейдегі қалай бұрылып соңғы деңгейдегі де солай бұрылып алдыңғының ізіне түседі. Баланың мінез-құлық мектепке келгенге дейін қалыптасып қояды. Тәрбие құрсақтан басталады деп дана қариялар тегін айтпаған. Еркек,сотқар боп мектепке келген бала мұғалім алдында да мінезін көрсетеді. Тыңдамайды. Өз дегені болғанын қалайды. Басқа балаларға жаман әсер етеді. Сол балаға еліктейді. Жалпыға бірдей тәртіп жайына қалады. Мұғалім әлгіндей балалармен айналыса ма сабақты жайына қойып. Не істеу керек? Қазіргі заңның сұрағы. Ата-анаға айтылады бала тәртібі жөнінде. Ата-ана  не істейді.-Бәрекелді, мұғалім сідікі дұрыс деп- қолдай қойса құба-құп. Барлық ата-анаға топырақ шашпаймын. Түсінетіндері де бар. Кейбіреулері бар. Істің мән- жайына бармай мұғалімді балағаттап, қырым, жоям деп қоқан лоққы көрсететіндері де бар. Бала дегенің мұғалімге тіпті бағынбай ойына келгенін істейтіндер бар. Осындай ата- аналар мен оқушыларға тыйым болатын заң керек сияқты. Ата -ана мен мұғалім арасын  бала тәртібіне қатысты реттеп отыратын заң қабылданса. Тәртіп түзелсе,мұғалімнің мәртебесі көтерілсе білім де сапалы болмақ. Өткенде бір постыға комментарии жазғаным бар еді.” Онсыз да жүгі ауыр ұстаздың істің байыбына бармай байбалам салатын , орынсыз намысына тиіп тілдейтін ата-аналарды ар-намыс кодексі бойынша жазалау керек!”деп. Мұғалімді қолбала ретінде жұмсауды да доғару керек. Елбасымыз жолдауда айтқанындай болып жатса мұғалім мәртебесі көтеріледі деп сенемін. Ата-аналарды да мұғалім мен бір жақты боп жұмыс жасауға шақырамын. Үйдегі еркелік бір басқа,қоғамдық орында оқушы өзін-өзі ұстай білуге дағдылануы керек. 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *