Алтын бала

ТАҚЫРЫБЫ:

Алтын бала (әңгіме)

Мектеп / МҰ: №131
Күні: 13.09.2018ж Педагогтің аты-жөні: Кадирова Алия
Сынып/ топ: даярлық  «Б» Қатысқандар саны:17 Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1. Шағын мәтіндер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)

0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:

Әңгіме мазмұнының жүйесін сақтай отырып шағын шығармаларды айтып бере алады.

Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:

Әдеби жанрларды ажыратады.

Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндайды.

Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:

Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады.

Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер:

Әңгіме бойынша пікірлеседі. Әңгіме мазмұны бойынша өз ойларын айтады. Өздерінің қатынасын эмоциялық түрде білдіреді.

Көптілділік: алтын бала – «золотой» мальчик – golden boy

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: жанр, әңгіме, шыдамы таусылып, радио

Пікір алмасу сұрақтары:

Қандай әңгімелерді білесіңдер? Есімізге түсірейік. Жақсы болу адам бойындағы жақсы қасиет пе?

Алтын бала немесе жақсы бала болу үшін адам бойында қандай ерекшелік болуы

тиіс?

Өткен ҰОҚ-де алған білім Өткен әңгімелерді естеріне түсіріп атау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0–2 мин.

 

 

 

 

 

 

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.

(Ұ) Педагог жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін тәрбиеленушілерге өлең жолдарын қимыл­қозғалыс арқылы айта­ ды.

Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам. Ұқыпты осындай, Болайықшы, досым­ай.

) Педагог шағын фольклор – мақалмен таныстырады.

«Алғыспен ел көгерер, Жаңбырмен жер көгерер».

–    Балалар, қалай ойлайсыңдар, алғысты қандай балаларға айтады? Тәрбиеленушілер алғысты қандай кезде айтатыны туралы болжам­ дайды. Алғысты жақсы іс­әрекет жасаған немесе көмек көрсеткен балаларға айтады.

–    Сен өзің басқа бір адамдардан алғыс естідіңбе?

Музыкалық сүйемел­ деумен

 

 

 

 

 

 

 

Мақал

ҰОҚ ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс 6–27 мин.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:

Ребусты шешу. Шыққан сөздің мағынасын түсіндіру.

– Қандай баланы «алтын бала» деп айтуға болады?

 

Әліппе­дәптер

(Ұ) – Балалар, бүгін «Алтын бала» әңгімесімен танысамыз. (Қосымша материалды қара).

Біз бүгін әңгіме жанрымен танысамыз. Әңгіменің ерекшелігі – қысқа оқиғаны әңгімелейді.

Мұқият тыңдаңдар.

Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар.

–    Әңгіме ұнадыма?

–    Әңгімедегі баланың іс­әрекеті сендерге ұнадыма?

–    Анасы Зәукенді қайдажұмсады?

–    Зәукен атайдың қандай затын жөндепберді?

–    Әжей Зәукен туралы неайтты?

–    Анасы неге қуанды?

–    Осыдан кейін анасы баласына не айтты деп ойлайсың? Балалардың сұраққа толық жауап беруіне көңіл бөлінеді. Сергіту сәті:

Ата менен ананың айтқан тілін аламын, Үлкен кісі жұмсаса, қайда болсын барамын.

Төсекті өзім жинаймын, ешкімді де ренжітпеймін. Ешкім маған тимейді,

Мен де бәрін сыйлаймын.

(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс.

Сурет бойынша әңгімеле:

–    Суретте Зәукеннің анасы не істепжатыр?

–    Анасы баласына не деді?

–    Анасы баласын іздеп барғанда кімменкездесті?

–    Әже мен ата баланың анасына неайтты?

–    Анасы баласына қалай қарады?

–    Өзің анаңа қалай көмектесетініңді айтыпбер.

Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау. (5­6 бала айтады). Бір бала әңгіменің басын бастайды. Екінші бала әңгімені педагогтің сұрақтар қоюы арқылы жалғастырады.

Көптілділік: алтын бала – «золотой» мальчик – golden boy

(Т) Жұмбақ шешу: Өзі тас, өзі ақ,

Дәмін татсаң ащы­ақ. (Тұз)

Мақал:

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыкалық сүйемелдеу

 

 

 

Әліппе­дәптер

IV. ҰОҚ Педагог қорытынды жасайды. Әліппе­дәптер,
қорытындысы. – Қандай жанрға жатқызасыңдар? түрлі түсті
Рефлексия. – Әңгіме қалай аталады? қарындаштар
28–30 мин. – Әңгімеде кімдер туралы айтылған?
– Әдепті, ұқыпты, тілалғыш бала болу қиын ба?
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.
Тәрбиеленушілер ҰОҚ­де өзінің жұмысына баға береді:
Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *