Бала тәрбиесі баршамызға ортақ іс

Бала тәрбиесі баршамызға ортақ іс
Еліміз егемендік алып,өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы міндеттің бірі-бала тәрбиесі. Еліміздің болашағын жақсартушы ұрпақ тәрбиелеу.
Бала еліміздің бүгінгі мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы әрі тірегі. Әрбір баланың өмірін жақсарту үшін, сапалы білім мен саналы тәрбие беруі қажет.
Біздің өскелең ұрпағымыздың алғашқы сатысы,білім мен тәрбие көзі осы балабақшадан бастау алады. Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын тәрбилеу үшін, тәрбие жұмысының қыр-сырына терең бойлай алатын шығармашыл,жан-жақты,озық ойлы жаңа тәсілді жетік білетін сенімді, білімді маман болуы қажет.
Сол себепті бала тәрбиесінде кездейсоқ адамдардың тәрбие беруі мүмкін емес. Біздің «Алтын бесік» бөбекжайымыз «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары негізінде жұмыс жасап келеді. Қандай ұлт болмасын өз ана тілін ерекше қадірлейді. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» деген халық даналары. Өзге ұлттардын қазақ тілін меңгеруі, құлшыныс білдіруі, көңілге ерекше қуаныш ұялатады.
Біздің «Алтын бесік» бөбекжайымыз, ұлттық тәрбиемен қатар,Отанын сүюге, табиғатқа деген қызығушылық сезімін арттыру,қарым-қатынас,іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру,қарапайым түсінік арқылы кішкентайлар тобынан бастап,ересектер тобына дейін жүргізіледі.
«Алтын бесік» бөбекжайымыз жылдық жоспарында берілген сабақ жүктемелерін тәрбиешілер үнемі жүргізіп отырады. Мұндағы мақсаты балаларды отан сүйгіштікке,париоттыққа тәрбиелей отырып,өз ана тілін қадірлей білуге,құрмет сезімін қалыптастыруға, айналамен таныстыру арқылы,табиғатқа деген қамқорлық сезіміне тәрбиелейді.
Бөбекжайымыздың аттестаттау комиссиясының жоспары бойынша ашық сабақтарымыз жоспарлы түрде жүргізіліп отырады. Ертеңгіліктер мен ашық сабақмызға ата-аналарда қатысып ризашылығын білдіруде.
Иә, «Бала-адамның бауыр еті»-демекші, әр ата-ана баласының ақылды, әдепті, тәртіпті, жан-жақты болғанын қадағалайды емес пе?
Бала тәрбиесіне көңіл бөліп, тығыз байланыс жасап үнемі пікір алысып,жаңалық өзгерістерден хабардар болып отыратын ата-аналарымыз да баршылық.
«Алтын бесік» бөбекжайымыз маңызды жұмыстың бірі, ата-анамен тығыз байланысты орнату. Олар: ата-аналар жиналысы, күнделікті қарым-қатынас,ашық есік күні,ертеңгілік іс шаралар болып табылады. Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ іс. Мәселен, тәрбиеші алдына қойған мақсатын орындау кезінде біршама қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ «бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші» ынта, жігер, төзімділік бар жерде істің алға басары белгілі.
Қазіргі уақытта «Алтын бесік» бөбекжайымыз өзге ұлт өкілдерінің де балалары тәрбиеленіп жатыр. Олар қазақ тілін ғана емес қазақ халқының үлкенге құрмет, имандылық сияқты жақсы қасиеттерін балаларының үйренгенін қалайды. Біздің қазақ өте балажан халық. «Балалы үй-базар, баласыз үй мазар» деуі баланы бақыт деп санағандық. Осы бір жақсы қасиетті жастарымыздың бойына сіңіруге тырысқан жөн. Бабаларымыз «Найзаның ұшы, білектің күшімен» қорғап қалған ұланбайтақ елімізде өсіп өнуіміз үшін бүгінгі таңда мол мүмкіндік бар. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев таяу жылдарда дамыған елү елдің қатарына енуіміз керек деген меже белгілеп отыр. Осы бір тамаша ойды жүзеге асыру үшін саналы, сапалы ұрпақ тәрбиелеу біздің қасиетті боршымыз болмақ.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *