Қазақ әдебиеті сабақтарында диалогтік оқытудың тиімділігі
Қостанай обылысы Амангелді ауданы
Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Садуақасова Ләззат Темірханқызы
Әдебиет сабақтарында диалогтік оқытудың тиімділігі
Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда. Білім беру жүйесінің басты міндеті-оқу үрдісінде ұлттық құндылықтарды танытуда педагогикалық технологияның ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,дамытуға қажетті жағдай жасау. Жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіне көшуде жаңа технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастықта зерттеу-бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының басты міндеттерінің бірі. Қазіргі білім саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты,жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Әрине маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: « Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» деп бекер айтпаған. Өйткені қай кезеңде,қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын,жан-жақты ізденетін ,талпынатын,алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді.
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану-сапалы білім негізі. Білім беру сапасы-қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын,нәтижесін және ұлттық құндылықтардың қалыптасуын,даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория.Мұғалімнің өзіндік даму,өзіндік білім жетілдіру талаптарын жандандыратын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін,білім алудың жаңа формалары мен технологияларын құру-заман талабы.Уақыт талабына сәйкес әр шәкірттің мүмкіндігін ашуға болатын оңтайлы жолды табу – ұстаз шеберлігінің шыңы .
Сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбатының білім беру үрдісінде жағымды жақтары көбірек екенін көрсететін дәлеледер жеткілікті. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым – қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.
Выготский когнитиві дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істеген жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.
Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен,сыныптастарымен, мұғалімдерімен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда,оқыту жеңіл болмақ. Сонымен қатар сыныпта сұрақ қою маңызды дағыдлардың бірі болып табылады. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады. Оқушылардың тақырыпты меңгеруіне қол жеткізуі үшін педагогтер сұрақтардың екі түрін қолданады. Олар:төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар.Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға мүмкіндік алады.
Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сай келетіндей етіп құру керек. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюға түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады.
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса,оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес,вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде,яғни сөйлесу,талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда әкелетіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Атап айтқанда:
• Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік ашады
• Олардың өз ойларын дәлелдеулеріне көмектеседі
• Күнделікті өмірмен байланыстырып,өз көзқарастарын білдіруге жол ашады
• Басқа адамдарда да осы тақырыпта түрлі идеялар болатынына көз жеткізеді
• Ұстаздар оқушылардың білім деңгейінің қандай деңгейде екенін бақылай алады.
Жоғарыда келтірілген ғылыми дәлелдемелерді басшылыққа ала отырып, мен де өз тәжірибеме диалогтік оқыту әдісін енгіздім. Осы әдісті пайдалана отырып,топпен,жұппен жұмыс түрлерін жүргізіп,сөйлеу дағдыларын дамытуды алдыма мақсат етіп қойдым. Сөзім дәлелді болу үшін мен өз сабақтарымда диалогтік оқыту әдісін қолданған сәттерден мысал келтіре кетейін. 7-сыныпта М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасы сабағын оқушыларды алдымен топқа бөлуден бастадым. Оқушылар сабақта тақырып бойынша не оқылатынын,нені білу керектігін,ненің маңыздылығын түсініп сезінді. Оқушылардың өзара әрекет дағыларын дамытудың бір тәсілі-оларды топтарға бөлу.Оқушылар топтарға бөліне отырып, берілген ортақ проблемаларды бірлесе шешу арқылы түйінді бір шешімге келетіні анықталды. Алдымен оқушылардың зейінін сабаққа бағыттау мақсатында түрткі болуға арналған сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтар алдымен жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Айталық сұрақты қарапайым етіп қою,өткен материалға оралу,ойға салу,дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу. Осы негізде оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін,үй тапсырмасына деген дайындығын тексеру мақсатында «Ыстық орындық» стратегиясын пайдаландым. Әрі қарай талқылау,дебат,ынтымақтастық,білімді бірлесіп құру және түсінік дағдыларды қалыптастыру мақсатында «Жигсо» әдісін пайдаландым. «Көксерек» шығармасын бөлімдерге бөліп,оны топтарға беріп,әр топ мүшелері топтарында талқылап,пікір алмасып,бір топтан бір оқушы шығып,өзге топ мүшелеріне барып жаңа сабақты өзара түсіндіреді. Бұл әдістің артықшылығы оқушылар бір-бірін оқытуға икемделеді. Олардың сөйлеу ерекшелігі қалыптасады. Сыныптастар арасында ынтымақсатық орнайды және еркін пікір алмасып,сөйлеседі. Келесі кезекте оқушылар «Балық қаңқасы» арқылы шығырмадағы Көксерек образын ашу мақсатында постер қорғады. Бұнда да оқушылар бірлесіп жұмыс жасайды,бір-бірімен пікір аламасып ынтымақты орта қалыптастыра алды.
Күнделікті сабағымда «диалогтік стратегиялар» ауқымын пайдаланудың жақсы нәтижелерге әкелетіні маған белгілі болды. Диалогтік оқыту әдісі арқылы оқушы бойында білім алуға белсенділігі мен ынтасы артты. Ойлау дағдыларында өзгерістер пайда болды. Сонымен қатар осы әдіс барысында оқушылардың идеяларын зерттеу мақсатында «ашық» сұрақтарды пайдаландым. Оқушылар өз көзқарастарын білдіруге ұмтылды. Өз ойларын еркін білдіруге мүмкіндік бердім. Барнс сыныпта қаншалықты тіл қолданылса,оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Ал Мерсердің идеялары диалогтік оқыту әдісін қолдану барысында мұғалімнің оқушылардың түсінуін нақтырақ бағалай алатыны туралы ойлауға түрткі болды. Сабақтарымда осы дәлеледемелерді негізге алдым. Өз пайымдауымша,оқушылардың қазіргі білім деңгейлерін саралай отырып жоғары нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын.
Әрине,менде бірден жақсы болды деуге болмайды. Бірақ жүйелі жұмыс жасасаң нәтижеге қол жеткізу өз қолыңда деп ойлаймын. Оқушылардың ойлары өте құнды. Олардың тереңде жатқан идеялары тың және керемет. Мазалап жүрген сұрақтары,бүгінгі заманға көзқарастары да өте маңызды болып табылады. Осының барлығын назарда ұстау қазіргі заманғы педагогтің міндеті деп есептеймін.
Қорыта келгенде әдебиет сабақтарында білім берудің тиімділігін арттыру үшін,диалогті оқытудың пайдасы зор деп ойлаймын. Диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес ,оның азаматтық болмысын да айқындай түседі.