Ормандағы аңдар мен құстарга қамқорлық

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Бұлақты ауылы
«Қант зауыты орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Айгөлек»ш.о. II кіші сәбилер тобының
тәрбиешісі Нусипбекова А.С.

«Ормандағы аңдар мен құстарға қамқорлық»
Мақсаты: балалардың қоршаған орта жайлы танымдық әрекеттерін шыңдау. Оларға жануарларға, құстарға, қоршаған ортаға қамқор болуға дағдыландыру. Саусақ бұлшықеттерін икемділікке дамыту.
Көрнекіліктер: үнтаспа, слайд, орманның, аңдардың, құстардың суреттері, түрлі-түсті қарындаштар, өрт сөндіруші машинаның боямақ суреті.
Әрекеттер кезеңі.
Педагогтың іс-әрекеттері.
Балалардың іс-әрекеттері.
Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты.
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Үнтаспадан құстардың дыбыстарын тыңдау.
− Балалар, ненің дыбысын естідіңдер?
− Құстардың.
−Олар қайда тіршілік етеді?
−Мына суретте нені көріп отырсыңдар?
−Орманда қандай жануарлар өмір сүреді?
Балалардың жауаптары.
Дидактикалық ойын: «Аңдардың жүрісін келтіру». Музыка ойналады, балалар музыканың ырғағына сай, аңдардың іс-әрекеттің келтіреді.
− Аңдар туралы қандай тақпақтарын білесіңдер?
Балалар өздерінің білетін тақпақтарын айтады.
− Ал, енді балалар мен өлең оқып беремін, мұқият тыңдаңдар. Сосын менімен бірге қайталап айтасыңдар.
Құс ұясын бұзбайық!
Жұмыртқасын алмайық
Обалына қалмайық!
Көп күнәға батпайық
Қарғысына қалмайық!
Әдейі көздеп атпайық!
Балалар мұны ұғыңдар.
Уәделеріңе тұрыңдар!
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалды сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.

− Балалар, ал енді мына суретке қараңдаршы. Не салынған?
− Машина.
− Дұрыс айтасыңдар. Бұл машина, жай машина емес екен, өрт сөндіретін машина, балалар. Егер орманда өрт басталса осы машиналар барып, су шашып өшіреді. Кәнеки, бәріміз өрт сөндіретін машинаның суретін бояп салайықшы.
Қорытынды: балалар жұмысын тақтаға іледі. Біздің қамқорлық жасайтынын естіген аңдар, құстар алғыстарын айтты.
−Бүгін сабақта нені өттік?
− Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *